
- •1. Желдету жабдықтары, олардың негізгі мақсаты мен сұлбасы
- •1.1 Өнеркәсіптік желдекіштің жіктелуі
- •1.2 Желдету жүйесінің конструкциялық шешімдері
- •1.3 Жобаланатын ғимараттың желдетілуі
- •2. Есептік бөлім
- •2.1 Ұн зауытындағы майдалау бөлімінің аспирациялануын есептеу
- •2.2 Ауа алмастырғыштың қысқа есебі және жобалау желісін таңдау типі
- •2.3.1 Циклонды таңдау
- •2.4 Желіге алдын-ала желдеткішті таңдау
- •2.5 Машинаның сипаттамасы
- •2.5.1 Желідегі аспирацияланатын машиналарға сору түтікшелерін жобалау
- •2.6 Желдету желісінің есебі.
- •2.6.1 Өтімдерді жобалау
- •4Бцш-450 циклоннан өтуді жобалау
- •2.7 Желдеткішті желіге соңғы таңдау, желдеткіш жетегінің қуатын есептеу және желдеткіш жетегін таңдау
- •3. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
- •3.2 Желдеткіш қондырғыларын жөндеу кезіндегі техника қауіпсіздігі
- •4. Астық өңдеу кәсіпорнындағы қоршаған ортаны қорғау
Кіріспе
Барлық өндірістік кәсіпорындарында ауа өндіріс процесі кезінде бөлінетін газдар мен зиянды булармен ластанады. Соның ішінде астық өңдейтін саланың ерекшелігі, астықты өңдеу кезіндегі барлық транспорттық және технологиялық операциялар шаңның өте көп мөлшерде бөлінуімен сипатталады. Сондықтан астық өңдейтін кәсіпорындарда желдеткіш қондырғылар қабылданған санитарлық-гигиеналық нормаға сәйкес, қоршаған ауаның тазалығын қамтамасыз етуі керек.
Желдету - жабық ғимараттарды желдету немесе сол орынды желдетуге арналған құрал немесе жүйе деген мағынаны білдіреді. Астық қабылдау кәсіпорындарын, элеваторды, ұн және жарма зауыттарын, құрама- жем зауыттарын, макарон фабрикаларын желдету тұрғын үйлердің, ауруханалардың желдетуінен өзгеше ерекшелігі бар, сондықтанда өнеркәсіпте желдету жүйесін есептеу және құрау желдету техникасының арнайы ауданын құрайды, бұл жүйені біздің елімізде өнеркәсіптік желдету деп атайды.
Өнеркәсіптік желдету - өнеркәсіптік ғимараттарда ауа алмасуын қамтамасыз ететін шаралар жүйесін айтады. Мұндай желдетулер немесе ауа алмасу ауа ортасына санитарлық-гигиеналық қолайлы жағдай туғыза отырып, адам денсаулығын және еңбек қабілетін арттырады. Қандайда болмасын желдету жүйесінің міндеті ол өндірістік және қоғамдық ғимараттарда ауа ортасын туғызу және ол орта санитарлы-гигиеналық талаптарды қанағаттандыруы қажет. Бұл мәселені бөлмедегі лас ауаны сыртқа шығарумен және оның орнына таза ауа беру арқылы шешуге болады, осыны – ауа алмасуының қажетті мөлшерімен қамсыздандыру дейді.
Өндірістік процестерге қоса жұмыс орындарынан адам организміне зиянды газдар мен булар бөлінеді. Бұнымен қоса жылу, ылғал, шаң бөлініп ішкі ауа температурасы, ылғалдылығы өсіп щаң басып кетуі мүмкін. Осы ішке кіріп жатқан зиянды заттар болме ішіндегі ауаның физикалық және химиялық құрамын өзгертіп, ондағы адам халін мүшкілдетіп, оның денсаулығына зиян келтіріп, жұмыс жағдайын нашарлатуы мүмкін. Сондықтан, бөлмедегі санитарлы-гигиеналық және технологиялық талаптарды қанағаттандырып қалыпты жағдайды бір деңгейде ұстап тұру үшін желдету жүйесін ұйымдастыру керек.
Желдетуге қойылатын талаптар:
Санитарлы гигиеналы талап;
Технологиялық талап;
Желдету жүйесінің санитарлы-гигиеналық тағайындалуы бұл өндірістік ғимарат бөлмелерінде санитарлық норма талаптарына сай қажетті ауа жағдайын туғызу және оны лас, әрі құрамында әртүрлі газдары бар ауаны шығару арқылы жүзеге асыру.
Технологиялық талап бойынша өндірістік ғимараттарында қажетті тазалықты, ылғалдылықпен ауа қозғалысын, технологиялық қажетке сәйкес, ал азаматтық ғимараттарда адам көңіл-күйіне және бөлменің тағайындалуына байланысты ұстап тұру. Егер өндірістік ғимараттарда осы айтылған керекті жағдайлар туғызылмаса технологиялық процестер бұзылуы мүмкін. [1]
1. Желдету жабдықтары, олардың негізгі мақсаты мен сұлбасы
1.1 Өнеркәсіптік желдекіштің жіктелуі
Ауа алмасуының өту барысына, яғни, ауаның берілуі және жойылуы қандай жолдармен жүргізілуіне байланысты желдеткіштерді табиғи және механикалық деп бөлеміз.
Табиғи желдету кезінде ауаның алмасуы табиғи себептердің әсерінен, яғни сыртқы және ішкі ауаның температураларының айырмашылығынан, жел көмегімен жүреді. Осының нәтижесіде сыртқы және ішкі ауаның қысымы бағанасының айырмашылығы пайда болып, ауа алмасуын іске асырады.
Ғимаратқа ауа қабырғадағы және фонарьдағы ойық (каналсыз желдеткіш) немесе арнайы өткізгіш (каналды желдеткіш) арқылы түсуі немесе жойылуы мүмкін.
Каналсыз табиғи желдеткіш ауа алмасуының көлемі және ауа қозғалысының жылдамдығы реттелуге көнбейтін, яғни, ұйымдаспаған және ауа алмасуының көлемі және ауа қозғалысының жылдамдығы реттелуге көнетін, яғни ұйымдасқан болуы мүмкін. Жылудың және желдің күшінің әсерінен реттелетін табиғи ауа алмасуының ұйымдасқан түрін аэрация деп атайды.
Аэрацияны жылу көп мөлшерде бөлінетін цехтарда жыл бойы қолдануға болады. Жылдың жылы мезгілінде аэрацияны ылғал мен газдар бөлінетін цехтарда да қолдануға болады.
Ені 70-80 метрден асатын бір қабатты көп өткізгіштікті корпустарда аэрацияны мүлдем қолдануға болмайды.
Фонарьлары жоқ ғимараттарда жылудың және желдің күшінен желдететін шатырларда қондырылатың сорып шығарылатын шахталармен құбырлар қолдануға болады. Олар фонардағы тесіктерді алмастыра отырып, ластанған ауаның шығуына көмектеседі.
Механикалық желдету жүйесі жалпы алмасу және жергілікті алмасу болып бөлінеді. Жергілікті жүйеде құрылғы арқылы шаңның бөлінуіне қарсы әртүрлі қорғану түрін жасайды, ауа жергілікті ауа шығару нұсқауымен жойылады. Жергілікті ауа шығаруды жою, бөлме ішіне жаңа таза ауа берілумен жүзеге асады. Табиғи желдету жүйесі бөлмеде болатын әртүрлі көлемі көп мөлшеріндегі сыртқы салқын ауа мен жылудың көмегімен, ауа алмасуымен жүзеге асады, сонымен бірге жел әсерінен де болуы мүмкін. Механикалық желдету жүйесінде ауа алмасу тек желдеткіштердің жұмысы арқылы жүзеге асады.
Механикалық желдеткіш кезінде ауаның қозғалысы электромоторлармен іске асырылатын желдеткіштердің көмегімен жүзеге асырылады. Механикалық желдеткіш, табиғи желдеткіш сияқты каналды және каналсыз болады. Қоршайтын құрылым істелмеген металлдан, пластмассадан және т.б. материалдардан жасалған каналдарды ауа өткізгіштер деп атайды.
Құрамына желдеткіш немесе басқа да ауаның қозғалуына әкелетін құрылғылар кіретін ауаның қозғалысына арналған құрылғылар жиынтығын желдеткіштік құрылғы деп атайды.
Ғимаратты немесе бірнеше ғимараттарды желдетуге арналған қондырғылар тобын немесе жиынтығын желдеткіштер жүйесі деп айтады.
Ғимараттарда ауаның алмасуын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар, өндірістік ортаның метерологиялық жағдайын автоматты түрде тұрақты деңгейде ұстап тұратын желдеткіш жүйесін ауаның кондиционирленген желдеткіш жүйесі немесе ауаның кондиционирленуі деп атайды.
1.2 Желдету жүйесінің конструкциялық шешімдері
Желдету жүйелерін үйлестіру кезінде келесі шарттар орындалу керек:
бір желдету желісіне бір мезгілде жұмыс істейтін машиналарды біріктіру;
бір желдету желісіне біріктірілетін жабдықтар сапасы біркелкі болатын өнімдерді өңдеуі немесе тасымалдауы қажет;
желдету желілерін жобалау кезінде вертикаль орналасқан ауа құбырларының саны максималды болуы тиіс;
желдету желісінің горизонталь учаскелері ғимаратының кұрылыстық конструкциялары мен паралель бір деңгейде жүргізілуі керек;
ауа құбырларының ұзындықтары минимальды болуы керек;
ауа құбырларының қимасы дөңгелек болуы керек.
Желдету қондырғыларын жобалауды кәсіпорын ғимаратына барлық технологиялық және транспорттық жабдықтарды орналастырғаннан кейін кіріседі. Желдету қондырғыларын жобалау кезінде келесілерді ескеру қажет:
технологиялық процестердің талаптарын;
технологиялық жобалау нормаларын;
технологиялық жабдықтарды пайдалану шарттарын;
жобалаудың құрылыстық нормаларын және қағидаларын;
техникалық қауіпсіздік ережелерін.
Желдету қондырғылары келесі элементтерден тұрады: желдету баспанасынан, сору патрубогінен, ауа құбырларынан, шаң бөлгішінен және желдеткіштен. Шаң бөлгіштер мен желдеткіштертің өзара орналасуына байланысты және шаң бөлгіштердің санына қарай желдету қондырғыларының әртүрлі схемалары қолданылады. Шаң бөлгіштер шаңды ауа қоспасынан және жеңіл қалдықтарды ажыратып алу үшін қолданылады.
Шаң бөлгіш типтері:
гравитациялық (тұндыру камералары);
инерциялық (циклондар);
сору жеңдік фильтр;
фильтр циклон.
Гравитациялық шаң бөлгіштер (Сурет 1.1) ауаны алдын ала тазарту үшін қолданылады. Олардың тазарту деңгейі жоғары емес – 50-60%. Келесі циклондардың типтері кеңінен қолданылады: ЦОЛ, батареялық циклондар (БЦШ және УЦ), бұлардың ауаны тазарту деңгейі сәйкесінше – 90, 95 және 98%-ды құрайды. Бұл циклондағы ауаның тазарту деңгейі ауаның циклонға кірер жердегі жылдамдығына байланысты.
Сурет 1.1- 4БЦШ батареялы қондырғысы бар циклонның жалпы көрінісі
Бұл циклондар үшін тиімді кіру жылдамдықтары ЦОЛ – 18м\с, БЦШ – 16-18 м\с, УЦ – 10-12 м\с. Желдету және пневмотранспорт қондырғыларында ауаны жоғары деңгейде тазарту үшін сору жеңдік фильтрлері қолданылады. Бұл фильтрдегі ауаның тазарту деңгейі 98-99%-ға жетеді. ГН-БФМ фильтрлері келесі төрт типте шығарылады:
екі секциялы (тазалау беті 30м2);
үш секциялы (тазалау беті45м2);
төрт секциялы (тазалау беті 60м2);
алты секциялы (тазалау беті 90м2).
РЦИЭ типтегі фильтр циклондар (Сурет 1.2) жоғары өнімділіктегі жабдықтармен жарақталған ұн зауыттарындағы желдету және пневмотранспорт қондырғыларында ауаны тазарту үшін қоланылады.
Сурет 1.2- РЦИЭ 15,6-24 типті циклонының жалпы көрінісі
РЦИЭ, РЦИРЭ фильтр-циклондары ұн зауыттарында, құрама жем зауыттарында және басқа да астық өңдеу кәсіпорындарындағы шаңды тазартуға арналған, сонымен қатар олардан тағамдық және жемдік құндылықтары жоғары болатын заттарды бөліп алуда қолданылады. Фильтр цилиндр тәріздес болып келеді және оның ішінде фильтрлеуші элементтер, яғни, жеңдер орналасқан. Ол электрлі құрылғымен жарақталған. Бұл электрлі құрылғы жоғарғы қысымда жұмыс жасайды және соның нәтижесінде жеңдерге үнемі ауа ағыны үздіксіз импульсті түрде беріледі.
Центрдентепкіш желдеткіш ВР 120-45-5 (Сурет 1.3) біржақты соратын орта қысымды радиалды шаңсорғыштарға жатады. Оны шаң тазартқыш жүйелерде шаңды және қалдықтарды, біліктерден қалған метал магнит қалдықтардан, астықты пневмотасымалдау желісінде және құрама жем өндірісінде қолданылатын зауыттарда шаңды жою мақсатында қолданады.
Сурет 1.3- ВР-120-45-5 Желдеткішінің жалпы көрінісі
Желдеткіштер “улитка” тәрізді спиралдьді айналмалы қораптан, алды майысқан жұмыс қалақшаларынан және үшфазалы электроқозғалқыштан тұрады. Стандартты құлау бұрышы 0°-ден 315° дейін болады. Жұмыс істеу дөңгелегінің айналу бағыты оңға және солға қарай. Шаңды желдеткіштер ВР 120-45-5 абразивті емес температурасы 80°С жоғары емес, маталы заттарсыз, жабыспайтын бөгде қалдықтарсыз, таза салмағы 0,6 кг/м3 болатын ауалы шаң-газ қоспаларын тасымалдауға арналған. [2]
Дайындау бөліміне керекті қондырғылар санын есептік жолмен анықтайды. Есептеуді әр машинаға тиесілі жүктеме бойынша анықтайды. Қондырғылардан өнім минималды өту жолмен жүретіндей етіп орналастырады. Қазіргі типтік ұн зауыттарында және кешенді жабдықтармен жабдықталған ұн зауытының дайындау бөлімдерінде пневматикалық қондырғылар орналастырады. Дайындау бөлімінің жабдықтарын техникалық талаптарға сай етіп орналастырады. Біртекті қондырғыларды бір қабатта орналастыру керек.