Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Обж шпор екзамен БЭк-12-15.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
63.23 Кб
Скачать

26. Энергетика объектілерінде болуы мүмкін апаттардың түрлері.

Термиялық әсері – бойынан ток жүретін тканының қызуына әкеліп соғады. Электролитикалық әсері-органикалық сұйықтардың соның ішінде қанның диссоциациалануы нәтижесінде оның физика-химиялық құрамының өзгеруі.Биологиялық әсері-адамның тірі денесінің тітіркенуі және қозуы, сондай-ақ тірі организмдегі биоэлектрлік процестердің бұзылуы, яғни бойдан жүретін ток биотоктарды жойып, соның салдарынан организмнің спицификалық (арнайы) жұмысын нашарлатуы мүмкін. Дененің бір бөлігінің электр зақымдануы – дене тканының электр тогы немесе электр доғасының сәсері нәтижесінде бір бөлігінің зақымдануы.Электр соққысы – бұлшық еттердің еріксіз дірілдеп тартылуы байқалатын организм тканының электр тогымен қозуы.Электр соққының нәтижесінде аздап қорқытудан бастап клиникалық өлуге дейін әкеліп соғады.Электр соққысына түскендердің 85%-ы өледі.Терінің металдануы – теріге металдың кішкене бөлшектерінің кіруі. Бұл құбылыс әдетте, электр доғасының әсерімен балқыған сұйық металдың шашырауы салдарынан болады. Адам зақымданған терісінің ауырғанын және ұйығанын сезеді.Уақыт өте зақымданған тері қалпына келеді.

27. Халықты қорғаудың негізгі әдістері және принциптері.

Халықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі бұл оларды ұжымдық қорғау құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарына жасыру. Қорғаныс ғимараттары-ол инженерлік құрылыс. Қорғаныс ғимараттар қорғау қасиеті, мақсаты, орналасу, салыну мерзімі, қорғайтын деңгейі бойынша бөлінеді. 1.Қорғау қасиеті бойынша: панахана, радиациядан қорғау орындары, қарапайым жасыру орындары.2.Мақсаты бойынша: халықты жасырып сақтау үшін, басқару және байланыс тораптарын орналастыру үшін.3Орналастыру бойынша: үй-астында, ғимараттан бөлек орнату.4 Салыну мерзімі бойынша: алдын ала бейбіт уақытта салынған, қауіп төнген кезде жылдам тұрғызылған.5Панаханалар қорғайтын деңгейі 4 сыныпқа бөлінеді. Радиациядан қорғайтын орын (РҚО) ауылды жерлердегі және ядролық соққы беру ықтималдылығы өте төмен шағын қалалардағы, сондай-ақ ірі қалалардан ауылды жерлерге көшіріп-қоныстандырылған халықты радиоактивті зақымданудан қорғау үшін пайдаланылады. РҚО-ын сыйымдылығы 10-15 адам, кейбір жағдайда 100-500 адам. Екі тәулік бойында жасырынған адамдар үздіксіз болады. Кіреберістер саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден кем болмауға тиіс. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі.Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелер жатады.Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екіярусты нар кезінде 0,5м2 және үшярусты нар кезінде 0,4м2 болуға тиіс.

28. Қорғаныс ғимараттардың түрлері.

Панаханалар – жан-жақты қамтылған, радиациялы сәулелердің жолына бөгет бола алатынарнайы салынған баспана. Олардың көмегімен адамдар типті қираған баспахананың өзінде ұзақ уақыт бола алады, олардың қауіпсіздігі бірнеше тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Панахананың кіретін және шығатын жерлері болуы керек. Панаханалар ссу баспайтын учаскілерде тереңдетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Жамылғынығ төменгі жағы, әдеттегідей, жер бетінен биік орнатылмайды. Жылдам тұрғызылған панаханалар(ЖТП) дер кезінде салынаған панаханалардың жеткілікті саны жоқ жағдайда соғыс барысында немесе шабуыл қауіпі кезінде қалалар мен өндіріс объектілерінде салынады. Олар қысқа мерзімді (бірнеше тәулік бойында) темір бетон жиналмалы құрылысынан немесе ағаш материалынан жасалынады. Мұндай панаханалардың сыйымдылығы (жататын орынды ескергенде) 50-200кісілік болады. Адамдарды жасыру үшін улы газ бөлінбейтін ауа температурасының ылғалдылығы онда адамдардың ұзақ болу үшін жеткілікті шекте ұсталатын, ал ыңғайластырылған ғимараттарда топырақ суы баспайтын ұңғымалар жарамды.Бұл ұңғымаларды жабу үшін ағаш есік қойылады. Брезенттен немесе тығыз материалдан жасалынған перде ілінеді. Нарлар мен орындықтар ағаш тақтайлардасн жасалынады, жарық үшін батареялық немесе аккумуляторлық шаммен шырақдандар да пайдалануға болады.Апаттық жарық ретінде май шамды да пайдалануға болады.Жасырынғандарды сумен жабдықтау панаханаға қойылған ыдыстарға құйылған ауыз суы қоры есебінен жүргізіледі.