- •1. Аллаһтың бар және бір екендігіне сену
- •Аллаһ Тағаланың сипаттары
- •1) Уужуд (бар болу)
- •2) Қидәм (әуелі, бастауы жоқ)
- •4) Уахданият (жалғыз, бір болу)
- •5) Мухаләфәтун лил-хауадис (кейіннен жаратылған нәрсеге ұқсамау)
- •6) Қиям бинәфсихи (өздігінен бар болу, мұқтаж болмау)
- •Субути сипаттар (тұрақты сипаттар)
- •1) Хаят (тірі болу)
- •3) Сәмиғ (естуші)
- •4) Басир (көруші)
- •5) Ирада (қалаушы)
- •6) Құдірет (құдіреті күшті Жаратушы)
- •7) Кәләм (сөйлеуші)
- •8) Тәкуин (жаратушы)
- •6. Аллаһтың о дүниеде мумин пенделеріне көрінуі
6) Құдірет (құдіреті күшті Жаратушы)
Аллаһтың құдірет сипаты оның шексіз күш пен құдірет иесі екендігін білдіреді. Аллаһ Тағаланың күшқұдіреті жетпейтін ештеңе жоқ – Ол кезкелген нәрсені құдіретімен іске асырады немесе жоқ етеді. Бүкіл әлем Аллаһтың құдіреті, ілімі мен қалауына бағынышты.
Бұл жөнінде Құран Кәрім былай дейді: «Аллаһ әр жандыны судан жаратты. Сонда кейбіреуі бауырымен жүреді, кейбіреулері екі аяғымен жүреді және кейбіреулері төрт аяқтап жүреді. Аллаһ қалағанын жаратады. Рас Аллаһтың әр нәрсеге толық күші жетуші» (24.Нұр-15).
«Көктердегі және жердегі нәрселер Аллаһты осалдата алмайды. Шексіз Ол толық білуші, аса күшті» (35.Фатыр-44).
Егер сәл ғана ой жүгіртіп қарасақ, жоғарыдағы қос аяттың мағынасы, бізді Аллаһтың шексіз құдіретіне еріксіз барша ықыласымызбен және бүтін мейірмахаббатымызбен бас идіреді.
7) Кәләм (сөйлеуші)
Аллаһ Тағала сөз Иесі болғандықтан – «сөйлейді». Әрине, Ол дыбысқа, әріптерге және әріптерден құралған сөздер мен сөйлемдерді құрастыруға мұқтаж емес (және Жаратушының сөйлеуі әріптер мен дыбыстардан құралмайды да). Сондықтан Оның сөйлеуі біздің ұғымымыздағы сөйлеуге мүлде ұқсамайды.
Аллаһ Тағала Кәләм сипаты арқылы пайғамбарларына кітаптар түсіріп, әмір мен тыйымдарын жеткізді. Кәләм сипаты Аллаһтың затымен бірге әзәли (әуелгі). Аллаһ Тағаланың кәләм сипаты арқылы кей пайғамбарымен тікелей тілдескендігі жайында аятта былай дейді: «Мұса белгілі уәдемізде келгенде, Раббы оған сөйледі» (7.Ағраф-143), «Аллаһ Мұсамен тікелей сөйлескен» (4.Ниса-164).
Аллаһ жіберген дінін, әмірін, тыйымдарын уахи арқылы пайғамбарына жіберіп отырды. Уахи - Аллаһтың «сөйлеуі» деген мағынаны береді. Бұл тақырыпқа байланысты аятта: «Аллаһ адаммен тек қана уахи арқылы немесе перденің ар жағынан сөйлеседі немесе бір елші жіберіп рұқсатымен оған қалағанын уахи етеді. Ол ұлы хаким болған Аллаһ» (42.Шура-51) дейді.
Біздің ұғымыздағы және одан тыс бүтін сөз атаулы Аллаһтың кәләм сипатының бірденбір көрінісі. Аллаһ кәләм сипатының шексіз құдіретін көрсету арқылы тіршілікке тілдесу қабілетін сыйлаған. Жаратушының кәләмы ешқашан таусылмайды, ол шексіз: «(Әй, Пайғамбар! Оларға) айт: Раббымның сөздері үшін теңіз сия болса, тағы бір сондайды көмекке әкелсек те, әлбетте Раббымның сөздері таусылудан бұрын теңіз таусылар еді» (18.Кәһф-109).
«Егер жер бетіндегі ағаш атаулы қалам, теңіз де артынан тағы жеті теңіз қосылып сия болса, сонда да Аллаһтың сөздері таусылмайды. Күдіксіз Аллаһ өте үстем, хикмет иесі» (31 Луқман-27).
Айналамыздағы жанды-жансыз тіршілік әлемі Ұлы Жаратушының сыйлаған сөйлеу, тілдесу қабілеті арқылы өзін жаратқан Раббысын тасбих етіп жатқанын біле бермейміз. Олардың сөйлейтіндігін естігенде таңданамыз. Шындығында бүкіл тіршілік атаулы өзін жаратқан Аллаһ Тағаланы тасбих (мадақтау) етеді. Құран Кәрімде бұл мәселе былай деп баян етіледі: «Жеті көк және жер, сондай-ақ ондағы болғандар, Аллаһты пәктейді (тасбих айтады). Оны пәктеп, мақтамайтын еш нәрсе жоқ. Бірақ, сендер олардың тасбихтарын түсіне алмайсыңдар» (17.Исра – 44).
