Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекции, семинары, СРСП,СРС УМКД ЭКОНОМЕТРИЯ. к...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

3-бөлім. ДӘРІСТЕР ТЕЗИСІ

1-3 лекциялар

Кіріспе. Ықтималдық теориясы мен математикалық статистика түсініктері

ЭКОНОМЕТРИЯ ПӘНІ. ОНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Пәннің мақсаты

Экономисттердің профессионалдық (кәсіптік) деңгейлері экономикалық құбылыстарға анализ жасап, ғылыми негізделген шешім қабылдауда математикалық әдістерді қолдана білуіне көп байланысты. Бірақ математикалық білімді экономикада қолданудың өзіндік (спецификалық) ерекшеліктері бар. Ол экономикалық процестердің құбылмалылығында.

«Эконометрия» пәнін оқытудың мақсаты – микро және макроэкономикалық процестердің модельдерін құрып, оған және алынған қорытындыларына эконометрикалық анализ жасау.

Пәннің міндеттері

Жоғарғы білім алу әлемдік деңгейде болу үшін экономикалық мамандықтарға оқып жүрген студенттер үшін оқу жоспарына Макро-Микроэкономикамен, Математика, Статистикалармен қатар Эконометрияның еңгізілуі.

Негізгі міндеті:

  • теориялық алғы шарттарына сүйене отырып экономикалық құбылыстардың (процестердің) эконометриялық модельдерін құрастыра білуі;

  • эконометриялық анализ жасау әдістерін меңгере білуі;

  • техникалық есептеуін оқып білуі;

  • алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуі.

Эконометрияны оқып білу үшін керекті пәндер

Студенттер «Эконометрия» пәнін оқып білуі үшін:

  • Экономисттер үшін Математика пәнін, соның ішінде: Сызықтық алгебра, Математикалық анализ, Ықтималдықтар теориясы мен Математикалық статистиканы;

  • Экономикалық теория, әсіресе микро- макроэкономиканы;

  • Экономикалық статистика мен информатиканы;

  • Экономикалық – математикалық модельдеуді;

  • программалау негіздерін білулері керек.

Эконометрия пәні

Эконометрия экономикалық байланыстарға сандық сипат беруге арналған жедел дамып келе жатқан ғылым саласы.

Эконометрия терминін кіргізген (1910 ж.) австро-венгриялық бухгалтер П.Цъемпа. Ол шаруашылыққа алгебра мен геометрия әдістерін қолданғанда, қорытындысын тереңірек түсініп ұйымдастыруға болады деп есептеген.

Сөздің өзінің «Экономия» және «метр» деген екі сөзден құрастырылуының өзі Эконометрия пәнінің ерекшелігі – экономикалық құбылыстар мен байланыстарды сандық кескінмен өрнектеуге (өлшеуге) болатынын көрсетеді.

Й. Шумпетер (1883 – 1950) – осы пәннің негізін салушылардың алғашқыларының бірі – атына сәйкес экономикалық теорияда ашылған және негізделген заңдылықтардың сандық кескіні деп есептеген. Ал А.Л. Вайнштейн – советтік ғалым (1892 – 1970) геометрия, планиметрияға ұқсатып, грек сөзі метрияны қосып Эконометрия деп атау керек деп ойлаған. Бірақ әлемдік ғылымда «Эконометрика» деп қалыптасқан. Калай атаса да, Эконометрия – (эконометрика) экономикалық құбылыстарды талдап, өлшеуге арналған ғылым.

Эконометрика ғылымы бірнеше ғылымның қайнап қосылған ерітіндісі тәрізді ғылымаралық пән: ЭМ – эконометрия = ЭТ – экономикалық теория + МЭ – экономикалық математика + МС – математикалық статистика + ж.б. ғылымдар арқылы пайда болған есептеу техникасын да керек ететін ғылым.

1933 ж. Р. Фриш (1895 – 1973) «Эконометрика» журналында Эконометрияға мынадай анықтама берген. «ЭМ – экономикалық статистика да емес, оның көпшілік бөлімдері сандық мінездемелерден тұрса да, ЭТ – да емес, МЭ – экономикалық математика да емес. Бұл ғылымдардың бәрі оның қажетті бөлімі болғанмен жеткілікті шарты бола алмағандықтан, үшеуінің (МЭ, ЭТ, МС) бірлестік құрамы», - деген.

Бірақ, бұл анықтама да Эконометрияны толық анықтай алмайды, өйткені Э.Маленво айтқандай, ЭМ – Экономикалық құбылыстарды зерттеу үшін кезкелген математикалық, статистикалық әдістің қолданылуының көрінісі деген ойда болған.

О. Ланге (1904 – 1965) «Эконометрия – экономикалық өмірде кездесетін нақты сандық байланыстар. Ал ол байланыстарды зерттеп, экономикалық өлшем беру үшін математикалық, статистикалық әдістер қолдану» – басым шарты деп есептеген.

Бұл жұмыстың да мазмұны осыған негізделген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]