Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книга УГ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
967.68 Кб
Скачать

1.2 Кәсіпорынды ұйымдаcтыру құрылымы мен персонал

Ұйымдастыру құрылымына қойылатын талаптар:

1. Айқындылық. Ол деген, әр қызметкер Компанияның ара байланыс жүйесін толық бірдей түсінуі, ақпарат ағымының бағытын білетіні, жұмыс үшін керек ақпаратты Компанияда кім бере алатынын біледі, өндіріс проблемаларын шешу үшін көмек көрсету, қажетті шешім қабылдау.

2. Үнемдеушілік. Ол деген, Компанияның басқаруы үшін жұмыс күшін аз кетіру, ал олардың ішіндегі ең негізгілері олардың мақсаты мен миссиясына жету үшін бағытталады.

3. Нәтижеге бағыттау. Ол деген, Компания жұмысының нәтижесіне жетуге қызметкерлердің назарын бағыттау, басқаша айтқанда, бөлімше менеджерлері, басқарушылары шығармашылық немесе кәсіпкер мәніндегі адамдар болу керек.

4. Мақсатты түсіну. Қызметкерлер алдында қойылған мақсаттың нақтылығы, қызметкерлер жеке және ұйым мақсатын түсіну, ал ең негізгісі, олардың ара байланысын, ашықтығын, ойы мен идеяларын бос алмасуы – осының барлығын ұйымдастыру құрылымымен сыйақы беріліп және стимулдануы керек.

5. Тұрақтылық. Компания өз қызметкерлеріне әлемдегі сыртқы проблемаларда және катаклизмалардан (астан-кестең өзгерісі) қорғалатын баспана және паналату жері болуы керек.

6. Бейімдеушілік. Сыртқы жағдайдағы өзгеріске тез бейімделуі.

7. Орнықтылық. Ұзақ перспективаға мақсаттанып, тұрақтанылуы керек.

8. Өзін- өзі жаңарту. Әр қызметкердің кәсіби дамуы мен жеке сапасын көрсетіп, ары қарай жақсартуға ұйымның көмек көрсетуі.

Бұл айтылғандар, Компанияның ұйымдастыру құрылымын құруға қойылған талаптардың тек кейбіреулерін айтып кеттік. Бұл жерде келесі сұрақ туындайды. Ұйымдастыру құрылымы дегеніміз не? Оны қалай түсінеміз?

Ұйымдастыру құрылымын көбінесе ұйымның дамуы мен іс-әрекетін қамтамассыз ететін тұрақты арақатынас элементінің жиынтықтарының реттелуін түсінеміз. Құрылым қызметкерлердің міндеттерін, құқықтарын, жауапкершіліктерін бөліп беретін жүйе ретінде ұсынылады.

Солай болсын. Бірақ айтылғандардың ішінде, әлі де толғымен айтылмағанын білеміз.

Негізінде анықтамалар көп айтылады.

Ұйым құрылымы – ол мақсатқа жету үшін техникалық, өндіріс және адам компоненттерін қосатын арақатынас суреті.

Ұйымдастыру құрылымының түсінігінің қайнар көзі болып табылатындар:

  • объекттер (немесе элементтері);

  • байланыстары;

  • өкілділік;

  • деңгейлері.

Ұйымдастыру құрылымының элементтерін - бөлек жұмысшылар, бөлек қызметкерлер және олардың топтары ретінде атайық, мысалы, бөлімшелер немесе басқарма, немесе депортамент және т.б. Жоғарыда аталған элементтер ұйымда өз ара әрекеттеседі. Ол әрекеттесуді не қамтамасыздандырады? Ұйым құрылымының элементтері арасында байланыс қамтамасыздандырады. Ол байланысты қалай жүйелендіруге болады? Ол жүйені былай жүйелендіреді, мысалы, қызметкерлерді немесе бөлімшелерді өкілділік дәрежелеріне бөліп береді, бұл жерде біз орталықтандырылған және орталықтандырылмаған түрлі дәрежелерді, қызметкерлерді немесе бөлімшелерді түрлі бақылау жүйесі туралы айтамыз, бұл жерде біз көпдеңгейлі немесе жазық құрылымдар (деңгейлер) туралы әңгіме жүргізіледі (сурет 4.).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]