
- •Әлеуметтік-мәдени сервисте персоналды басқару
- •Әлеуметтік-мәдени сервисте персоналды басқару
- •Мазмұны
- •1 Әлеуметтік-мәдени сервисте персоналдарды тиімді басқару
- •1.1 Әлеуметтік-мәдени сервисті ұйымдастырудың мақсаты мен міндеті
- •Корпоративті философия және ішкі имидж
- •Стратегиялық басқару жүйесінің кезеңдері
- •Кесте 1. Компанияға әсер ететін сыртқы факторлар
- •1.2 Кәсіпорынды ұйымдаcтыру құрылымы мен персонал
- •Сурет 4. 1. Ұйымдастыру құрылымы
- •Бақылаудың диапазоны
- •Жазық және көпденгейлі құрылым.
- •Бюрократтық ұйымдастыру құрылымы
- •1. Функционалды депортаментализация – нақтылы анықталған
- •Ххі ғасырдың ұйымдастыру құрылымы
- •1.3 Персоналдардың жұмысын тиімді пайдалану
- •1.4 Ұйымның ішкі ортасының негізгі тенденциялары
- •Ххі ғ. Қоршаған орта
- •1.5 Персоналдарды басқару жүйесі
- •2 Кадрлық саясат пен кадрлық жоспарлау
- •2.1 Қазіргі заманғы кадрлық қызметтің іс әрекетінің негізгі бағыттары
- •Персоналдарды дамыту бөлімі
- •2.2 Әлеуметтік-мәдени сервиске персоналдарды іріктеу
- •2.3 Әлеуметтік-мәдени сервиске персоналдарды таңдау
- •Қабілеттілікті өлшеу
- •Психологиялық тестілеу
- •Бағалау орталығы (Assessment-Centr)
- •Үй эссесі
- •Ұсыныс «Институты»
- •Сынау мерзімі
- •3 Персоналды бағалау
- •3.1 Персоналдарды аттестаттациядан өткізу
- •3.2 Персоналдарды жұмысын жетілдіру әдістері. Персоналдардың дамыту қажеттілігі
- •Оқыту әдісінің жетістіктері мен кемшіліктері.
- •3.3 Персоналдарды дамыту оқытудың нәтижелеріне бақылау жасау
- •Кәсіпорындарда персоналдарды ынталандыру
- •4.1 Персоналды ынталандыру
- •Жеке тұлға психологиясы және әлеуметтану
- •5.1 Еңбек коллективінің психодиагностикасы
- •5.2 Конфликт және олардың жіктелінуі
- •Туризм индустриясында кездесетін конфликт
Стратегиялық басқару жүйесінің кезеңдері
Кезең 1. Ұйым миссиясын құру.
Компанияның миссиясы неден тұрады? Компанияның мақсаты неден тұрады? Оның жауабы «табыс» немесе «табыс алу». Мақсат дұрыс қойылса, онда табыстың өзі сізге келеді.
Кезең 2. Сыртқы ортаны анализдеу.
Компанияның өміріне, басқару жүйесіне, жоспарлау жүйесіне әсер ететін сыртқы факторларды сараптау. (Сур. 2). Олар мыналар:
экономикалық факторлар (инфляция темпі, жұмыссыздық денгейі, салық жүктемесі, валюта курсы және т.б.);
нарық факторлары (бәсеке деңгейі, тауар және қызметтің өмірлік циклі, демографиялық жағдайы және т.б.);
саяси факторлар ( заңның, тариф жүйесінің өзгеруі);
мәдени факторлар (құндылықтар, сенімділік, бизнеске көз қарасы т.б.);
технологиялық факторлар (технологияның өзгеруі, компьютерді қолдану т.б.),
әлеуметтік факторлар ( үймен қамтамасыз ету және т.б.);
ресурстар факторлары (материалды, қаржы, еңбек ресурстары және т.б.).
Кесте 1. Компанияға әсер ететін сыртқы факторлар
Бұл кезеңде сыртқы орта мониторингі, ақпарат жинау, зерттеу жүргізіледі, яғни әр фактор неден тұратынына жауап береді.
Кезең 3. Ішкі орта анализі.
Жоспарлау жүйесіне әсер ететін ішкі орта факторларын сараптау. Оларға әсер ететін саланы санайық. Олар мыналар: өндіріс, маркетинг, қаржы, персонал, мәдениет, ұйым (құрылымы).
Бұл кезеңде ақпарат жиналады, ұйымның күшті және әлсіз жақтарын зерттейді.
Кезең 4. Ұйым мақсатын құру
Бұл кезеңде Компанияның жалпы мақсаты құрылады. Мысалы, мақсат-көрсеткіштері, табыс көлемі, сату көлемі, қаржыландыру коэффиценті, сату рентабельділігі және т.б. Мақсаттар персоналдың саны, ұйымдастыру құрылымын оптимизациялау, нарықтың бір бөлігін жаулау, өнім және қызмет ассортиментін кеңейту болып табылады. Тағы да қайталап айтатын мәселе, ол әр Компанияның жалпы мақсаты бірегейлі және ерекше болады. Ең негізгісі, олардың мақсаты кейбір міндетті сипаттамаға ие болады. Олар SMART – критерияларға сай келу керек: мақсаттар нақтылы болу керек (specific), өлшеулі (measurabl), қол жету мүмкіндігі (relefant), уақытқа бағыттану (timed). Осы сұрақтың аяғында, біз «Қайда болады?» деген сұраққа жауап бердік, басқаша айтқанда ұйым қай жерде болады.
Кезең 5. Альтернативті сараптама
Бұл кезең SWOT матрицасын құру. Ол сөздің құрылуы – күш, әлсіз, мүмкіндік, қауіп-қатер. (Сурет 3.1)
SO
|
WO |
ST
|
WT |
Сурет 3.2 SWOT – сараптама матрицасы.
Ішкі орта
Сыртқы орта
SO квадрантында сырттан келген мүмкіншіліктерді көбейту үшін Компания өзінің күшті жақтарын қолдану үшін іс-шаралар жоспары қолданады, WO - сырттан келген мүмкіндіктерді қолдану үшін әлсіз жағын жеңуге немесе компенсацияға Компания іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру керек, ST квадрантында Компания ұтымды жағының мүмкіндіктерін қолданып сырттан келген қатерден сақтану мақсатында, іс-шаралар жоспары құрылады, WT квадрантында Компания сырттан келген қатерден сақтану мақсатында өзінің әлсіз жағын төмендетуге іс-шаралар жоспары жасалады.
Кезең 6. Стратегияны таңдау.
Бұл кезеңнің соңында, мына сұраққа жауап беріледі «Қалай?», басқаша айтқанда, ұйымның қазіргі жағдайынан, ұйымның қалаған жағдайына өтуі қалай болады.
Кезең 7. Стратегияны жүзеге асыру. Орындау кезеңі.
Таңдаған стратегияны жан-жақты бағалау.
Кезең 8. Стратегияны бағалау.
Бұл кезең таңдаған стратегияға баға беруден тұрады, жеткен нәтижемен және баста қойылған мақсатты салыстыру. Айырмашылығы минимальды болу керек, мақсаты осыда. Егерде ол көп болса, қайтара байланыс қосылады. Мақсатты (сыртқы және ішкі орта факторларының өзгеруіне байланысты), жоспарды және стратегияны түзету жұмысы жүргізіледі.
Стратегиялық жоспарлау иерархиясы. Компания миссиясын оның басшылары құрады, стратегиялық жоспарды – жоғары басқарушылар немесе топ-менеджерлер, тактикалық жоспарды – орта звенодағы басшылар, оперативтілікті – бөлімше басшылары, жекелерді – Компанияның әр қызметшісі құрады.
Белгілеп айта кететін мәселе, сіздің стратегиялық жоспарыңызды және басқа да жоспарларыңызды сіздің қызметкерлеріңіз жүзеге асырады, сол себептен, жоспарды өңдеуге оларды тарту негізгі фактордың бірі болып саналады және персоналды басқару жүйесінің қажетті бір бөлігі болып табылады.
Сонымен, Компанияның кадрлық қызметі стратегиялық жоспармен және оған сәйкес іс-шаралармен түзетіледі. Дәл осы үшін, қарастырылған стратегиялық жоспар мен стратегиялық басқару жүйесінің маңыздылығын біз түсінуіміз керек.
Осы тақырыпты қорытындылап, басқарудың түсінігін анықтаймыз: басқару – бұл ұйым мақсатына жету үшін құрылған жоспар, ұйымдастыру, мотивациялау және бақылау процесі.
Бақылауға арналған сұрақтар:
Корпоративті мәдениеттің пайда болуы.
Ұйымдастырудың жалпы көрсеткіштері.
Корпоративті мәдениет. (Корпоративті мәдениеттің мазмұны мен дамуы)
Ұйымдастырудың формальды және формальды емес жүйесінің құндылығы.
Корпоративті мәдениеттің жұмысының бірізділігіне қолдау көрсету.
Ұйымдастырудың миссиясы.
Стратегиялық жоспарлаудың кезеңдері.