- •Әлеуметтік-мәдени сервисте персоналды басқару
- •Әлеуметтік-мәдени сервисте персоналды басқару
- •Мазмұны
- •1 Әлеуметтік-мәдени сервисте персоналдарды тиімді басқару
- •1.1 Әлеуметтік-мәдени сервисті ұйымдастырудың мақсаты мен міндеті
- •Корпоративті философия және ішкі имидж
- •Стратегиялық басқару жүйесінің кезеңдері
- •Кесте 1. Компанияға әсер ететін сыртқы факторлар
- •1.2 Кәсіпорынды ұйымдаcтыру құрылымы мен персонал
- •Сурет 4. 1. Ұйымдастыру құрылымы
- •Бақылаудың диапазоны
- •Жазық және көпденгейлі құрылым.
- •Бюрократтық ұйымдастыру құрылымы
- •1. Функционалды депортаментализация – нақтылы анықталған
- •Ххі ғасырдың ұйымдастыру құрылымы
- •1.3 Персоналдардың жұмысын тиімді пайдалану
- •1.4 Ұйымның ішкі ортасының негізгі тенденциялары
- •Ххі ғ. Қоршаған орта
- •1.5 Персоналдарды басқару жүйесі
- •2 Кадрлық саясат пен кадрлық жоспарлау
- •2.1 Қазіргі заманғы кадрлық қызметтің іс әрекетінің негізгі бағыттары
- •Персоналдарды дамыту бөлімі
- •2.2 Әлеуметтік-мәдени сервиске персоналдарды іріктеу
- •2.3 Әлеуметтік-мәдени сервиске персоналдарды таңдау
- •Қабілеттілікті өлшеу
- •Психологиялық тестілеу
- •Бағалау орталығы (Assessment-Centr)
- •Үй эссесі
- •Ұсыныс «Институты»
- •Сынау мерзімі
- •3 Персоналды бағалау
- •3.1 Персоналдарды аттестаттациядан өткізу
- •3.2 Персоналдарды жұмысын жетілдіру әдістері. Персоналдардың дамыту қажеттілігі
- •Оқыту әдісінің жетістіктері мен кемшіліктері.
- •3.3 Персоналдарды дамыту оқытудың нәтижелеріне бақылау жасау
- •Кәсіпорындарда персоналдарды ынталандыру
- •4.1 Персоналды ынталандыру
- •Жеке тұлға психологиясы және әлеуметтану
- •5.1 Еңбек коллективінің психодиагностикасы
- •5.2 Конфликт және олардың жіктелінуі
- •Туризм индустриясында кездесетін конфликт
1 Әлеуметтік-мәдени сервисте персоналдарды тиімді басқару
1.1 Әлеуметтік-мәдени сервисті ұйымдастырудың мақсаты мен міндеті
Мәдениет және корпорация бейнесі. Жоғарғы басшылар қызметінің ішкі және сыртқы қалыпты күйін сақтай алатын факторларға толық жауап береді. Бұған жататындар корпорация мәдениеті мен оның бейнесі (имидж).
Ұйымдағы қарым-қатынасты немесе кәсіпорын ішіндегі психологиялық климатты - корпорация мәдениеті деп атайды. Ұйымның мәдениеті оның дәстүрін, әдет ғұрпын бейнелейді. Басшы белгілі бір типтегі жұмыскерлерді қабылдағанда және қолайлы мінез-құлықты қалыптастырғанда кәсіби мәдениетті пайдаланады.
Корпорацияның туристік ұйым ішіндегі, сондай-ақ одан тысқары кәсіпорын бейнесін - кызметкерлер, клиенттер және қоғамдық пікірлер арқылы қалыптасады. Мұның өзі жұртшылықтың жолдама сатып алуына едәуір ықпал етеді. Мәселен, студенттердің қай университетке көбірек ден қоятындығы осы ұйымның бейнесіне – кәсіпорынның қоғамда алатын имиджіне байланысты.
Кәсіпорынның мәдениеті мен бейнесі компанияның жақсы-жаман атауына - репутациясына байланысты. Фирманың өз мақсатына жетуі ойдағыдай ма? Мұны ол өз қызметінде үнемі жүзеге асырып келе ме? Компанияның осы салада басқа туристік ұйымдармен салыстырғанда жағдайы қалай? Компания жақсы адамдарды тарта біле ме? Осындай сұрақтарға жауап беру компанияның мәдениеті мен бейнесі қаншалық екендігін көрсетеді.
Басшы ішкі тексеруді жүргізгеннен кейін жедел көңіл бөлуді қажет ететін, қазірше қоя тұратын және арқа сүйеуге болатын орындарды анықтап, сол арқылы кәсіпорынның ішкі ортасының мүмкіндіктерін пайдаланады.
Ағылшын сөзі «image» көп түрлі мағынаны береді: роль, амплуа, бейне, типаж, стиль, мода, репутация, маска, персонификация, манера және т.б., дегенмен бұлардың бәрі әлі толық мағынаны бермейді.
Кәсіпорынның нәтижелі және көпжақты имиджі арнайы құрылған. Оның негізгі элементтеріне:
кәсіпорынның фундаментін салу;
кәсіпорының ішкі имиджін құру:
- кәсіпорынның кадрлық саясаты;
- қызметкерлердің бағыттары мен тренингтерді пайдалану мүмкіндіктері;
- қызметкерлерді мақтау(жазалау) жүйесі.
3. сыртқы имиджді құру;
- тауар сапасы/ қызметтер;
- көзге көрінерлік имидж;
- жарнамалық компания;
-ақпарат құралдармен байланыс;
- қызметкерлердің сыртқы келбеті.
Бұлар қызметкерлердің құзыреттілігінің жоғары деңгейге жетуге және қызметкерлердің кәсіпорын клиенттерімен нәтижелі жұмыс жасауына; тұтынушымен жылы қарым-қатынас (эмоционалды) байланысын орнатуға; кәсіпорынның табысты имиджін ұстап тұруға алып келеді.
Кәсіпорынның болашақ жоспарының барлық элементтері бірдей маңызды. Бірақ тәжірибеде көрсетіп тұрғандай, көзге көрінетін тауар белгісі (имиджі) негізге алынып, кәсіпорынның корпоративті философиясын жасау қолдау табады. Кәсіпорынның ішкі имиджін дамыту және тұрақтандыру да сыртқы ортаның назарынан тыс қалмайды.
Көзге көрінерлік ішкі имидж – бұл клиенттің сезімі арқылы: көру, есту және түйсігі. Осылайша кәсіпорын тұтынушыларында алғашқы пікір қалыптасады.
Сезілмейтін имидж – фирма қызметкерлерінің клиентке көрсеткен қызметіне және қарым-қатынасына жауап беру реакциясы.
Ішкі имидж – ұйым ішіндегі атмосфера, қызметкерлердің өзінің жұмысына, басшыларына және олардың жұмыс жүргізу саясатына қатынасы. Ішкі имидж персоналдың фирмаға деген адал қызметін анықтайды.
Сыртқы имидж – аталмыш факторлар мен қоғамның кәсіпорынға көзқарасының байланысы арқылы әсер ету.
Әрбір фирмада қолайлы имидждің құрылуы – бұл күрделі және көп жақты жоспарлардың орындалуы. Бұл жоспар неғұрлым толық жұмыс жасаса, онда ол соғұрлым нәтижелі болады.
