Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книга УГ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
967.68 Кб
Скачать

Үй эссесі

Сынақтың тағы бір түрі: кандидатқа өзінің болашақ жұмысы тақырыбына үйде эссе жазып келу ұсынылады. Мысалы, үміткерлер ішінен озып шықса, өзі болашақта басқаратын бөлімшенің міндет, қызмет, құрылымын қалай елестететінін жазбаша түрде баяндау ұсынылады. Немесе, Компанияның дамуының бизнес - жоспарын жасау тапсырылады, егер үміткер даму жөніндегі бас директордың орынбасарының қызметінен үміттенсе; немесе, бас бухгалтер (бас есепші) міндетін атқарғысы келсе - салық төлеуді төмендету әдісін ұсыну жүктеледі және басқа кез - келген өндірістік мәселелер түрлі мәселелерді шешу ұсынылады. Бұл жерде айта кететін бір мәселе, кейбір үміткерлер мұндай тапсырмадан (кейде басқа тапсырмалардан да) бас тартуы мүмкін. Ондай жағдайда не істеу керек? Ешқандай кандидатты оның еркінен тыс мәжбүрлемелеу, не нәрсеге болса да қайсы бір тапсырманы орындаудан бас тарту - үміткердің құқығы, өз таңдауы. Менеджердің міндеті - жағдайға сараптама жасау, мәліметтердің бәрін ескеру, аталған бас тартуды да ескеру қажет, себебі ол да ақпарат.

Менеджердің ұстанымы - адамға, қызметкерге деген сыйластық деп сену.

Жазбаша үй тапсырмасы кейде «үлгілер портфелін» (портфель образцов) көрнекі көрсетумен алмастырылуы мүмкін. Егер сіз жұмысқа сән қызметкерін (модельер), журналисті немесе веб - дизайнерді іріктеп таңдауыңыз керек болса, оларға өз жұмыстарын көрсетуге рұқсат беріледі. Үміткерлер кездесуге өз ноутбугін әкеліп, өз жұмысының тұсау кесерін керемет өткізіп, бірден жүмысқа қабылданады. (Місrosoft Роіnt - ті қолданып) соңында, тағы бір ескерту: біз атаған сынақтар, үміткерлерді іріктеуге шын мәнінде пайдалы болу үшін, зерттеу кезінде алған жоғары бағалар мен нақты жұмыс көрсеткіштерінің арасында әжептеуір корреляция (өңдеу жұмысы) болу керек.

Ең алдымен Компания басшылары өз сынақтарына баға беріп, сол сынақтан жақсы көрсеткіштермен өткен адамдар шын мәнінде, іс-жүзінде іскер ме екен, аз балл жинақтағандарға қарағанда соны анықтап алуы керек. Ал бұл — тіпті де оңай шаруа емес. Сынақ және нақты жұмыс.

Ұсыныс «Институты»

Кепілдемелік хаттар. Кепілдемелік хаттары, біздің елімізде кеңінен жүрген, жұмыс орнынан берілетін мінездемеге ұқсас болып табылады. Мұндай хат әдетте кандидаттың тікелей жетекшісінен алынған ақпаратты негізге алады, ресми бланкіге басылады (жазылады) және міндетті тәртіппен байланысқа арналған координаттарды қосқанда, Компанияның барлық реквизиттері болады. Кепілдемелік хаттың құрылымы әдетте мынадай, алдымен онда ұсынылатын адамның формальды мәліметтері беріледі: Компанияда ол қанша уақыт жұмыс істеді және қандай қызмет атқарды, оған қандай міндеттерді шешу тапсырылды, қандай жобаларды жүзеге асырды және т.б. Содан кейін ұсынылатын адамның бөлімше немесе біртұтас ұйымның міндеттерін шешуге қосқан нақты үлесі, оның профессионализмі, білім алуға қабілеттілігі мен ұмтылысы, кәсіби деңгейін көтеруі, іскерлік қасиеттері суреттеледі және соңында хатта ұсынылатын адамның мінез – құлық ерекшеліктері жеке басының ерекшеліктері көрініс табады. Мысалы, кепілдеме хаттың мына тарауының мынадай мазмұны болуы мүмкін;....“көпшіл ықыласты және қайырымды, атаққұмар шамасына сипаты бойынша оптимист. Жұмыста ұқыпты дәл, іс – қағаздарын жүргізуде тәртіпті ұнатады. Алға қойған мақсатқа жетуде табанды, инциативалы. Өз бетінше шешім қабылдауғы қабілетті. Өзінің және өзгенің жұмысын ұйымдастыра біледі. Бағыныштыларына талап қоя біледі. Өзінен жоғарыдағыларға қарым – қатынасы түзу. Өзіне жеткілікті түрде сенімді, сынды барабар сезінуге қабілетті.... ” Кепілдеме хат сол кепілдемені ауызша мақұлдауға дайындығы туралы фразамен және әрине, осы хатты беруші адамның атқаратын қызметінің аты, регалисы және қол қоюымен аяқталады. Кепілдемелік хат пайдалы және дәл болуы үшін, оның авторы кандидаттың жұмыс өнімділігімен сапасының деңгейін білуі тиіс және оны бағалау үшін жеткілікті түрде хабардар болуы тиіс. Одан басқа, хатты ұйымға тура (тікелей) беру маңызды болып табылады. Әдетте мұндай хаттарды кандидаттарға беру туралы өтініш пен ұйымның сұранысы бойынша алуға болады.

Телефон арқылы берілетін кепілдемелер. Телефон арқылы берілетін кепілдемелер негізінен биографиялық мәліметтерді тексеру үшін, кандидаттың өз міндеттерін алдыңғы жұмыс орнында қалай орындағанын түсіндіруге мүмкіндік беруге қолданылады.

Кепілдеме берушілер туралы ақпаратты әдетте, кандидат жұмысқа қабылданған кездегі толтырылған анкетадан алуға болады.

Телефон арқылы берілетін кепілдеме мынадай сұраққа ойдағыдай жауап бере алады. Кандидат шын мәнінде, резюмеде және анкетада растағандай, соңғы жұмыс орнында тазалау бойынша бас директордың орынбасары болды ма, оның қызметі бірнеше салмақтырақ аталады, “кіші аула сыпырушының аға көмекшісі” және міндеттер мен жауапкершілік шеңбері де мүлде басқаша болады.

Адамды ұсынылатындар тізіміне жазбас бұрын, кандидат тарапынан оны бұл тізімге қосуға алдын – ала рұқсат алу толығымен дұрыс және барынша ақылға қонымды қадам екендігін байқау тиіс.

Статистикалық кепілдемелер. Статистикалық кепілдеменің мәні соңғы жұмыс орнынан әртүрлі деңгейдегі кездейсоқ таңдап алынған 10 – 15 респондент – деп сұрау алуда немесе, мысалы, пәтердегі, саяжайдағы көршілерден және т.б. сұрақ алуда. Мұндай сұрақ алудан кейін Компанияның адам ресурстарын басқару жұмысының қызметтері кандидат туралы өзінің жазбаша қорытындысын дайындайды. Өзінің мінездемесін толтырады. Мұндайда қателіктер әдетте 5% - дан аспайды.

Статистикалық кепілдеме – бұл өте қымбат іс – шара екендігін байқау керек. Бірақ таңдау кезінде, мысалы, Компанияның негізгі менеджерлерін (топ – менеджер) арнайы ұйымдардың қызметкерлерін таңдау кезінде – міндетті және өзгермейтін (орнын ешкім алмастыра алмайды) болып бөлінеді.

Осындай бір қатынастың өзі, мәселесі Компанияның және т.б. адалдығы болып шығатын, адам карьерасын бұзуы мүмкін. Егер мұндай қарым – қатынассыз мүмкін болмайтын жағдай болса, онда барынша зейінді және әдепті болыңыз, (этикалық) әдеп ережелерін сақтаңыз, кандидатты қиын жағдайға қалдырмаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]