
- •Әлеуметтік-мәдени сервисте персоналды басқару
- •Әлеуметтік-мәдени сервисте персоналды басқару
- •Мазмұны
- •1 Әлеуметтік-мәдени сервисте персоналдарды тиімді басқару
- •1.1 Әлеуметтік-мәдени сервисті ұйымдастырудың мақсаты мен міндеті
- •Корпоративті философия және ішкі имидж
- •Стратегиялық басқару жүйесінің кезеңдері
- •Кесте 1. Компанияға әсер ететін сыртқы факторлар
- •1.2 Кәсіпорынды ұйымдаcтыру құрылымы мен персонал
- •Сурет 4. 1. Ұйымдастыру құрылымы
- •Бақылаудың диапазоны
- •Жазық және көпденгейлі құрылым.
- •Бюрократтық ұйымдастыру құрылымы
- •1. Функционалды депортаментализация – нақтылы анықталған
- •Ххі ғасырдың ұйымдастыру құрылымы
- •1.3 Персоналдардың жұмысын тиімді пайдалану
- •1.4 Ұйымның ішкі ортасының негізгі тенденциялары
- •Ххі ғ. Қоршаған орта
- •1.5 Персоналдарды басқару жүйесі
- •2 Кадрлық саясат пен кадрлық жоспарлау
- •2.1 Қазіргі заманғы кадрлық қызметтің іс әрекетінің негізгі бағыттары
- •Персоналдарды дамыту бөлімі
- •2.2 Әлеуметтік-мәдени сервиске персоналдарды іріктеу
- •2.3 Әлеуметтік-мәдени сервиске персоналдарды таңдау
- •Қабілеттілікті өлшеу
- •Психологиялық тестілеу
- •Бағалау орталығы (Assessment-Centr)
- •Үй эссесі
- •Ұсыныс «Институты»
- •Сынау мерзімі
- •3 Персоналды бағалау
- •3.1 Персоналдарды аттестаттациядан өткізу
- •3.2 Персоналдарды жұмысын жетілдіру әдістері. Персоналдардың дамыту қажеттілігі
- •Оқыту әдісінің жетістіктері мен кемшіліктері.
- •3.3 Персоналдарды дамыту оқытудың нәтижелеріне бақылау жасау
- •Кәсіпорындарда персоналдарды ынталандыру
- •4.1 Персоналды ынталандыру
- •Жеке тұлға психологиясы және әлеуметтану
- •5.1 Еңбек коллективінің психодиагностикасы
- •5.2 Конфликт және олардың жіктелінуі
- •Туризм индустриясында кездесетін конфликт
2 Кадрлық саясат пен кадрлық жоспарлау
2.1 Қазіргі заманғы кадрлық қызметтің іс әрекетінің негізгі бағыттары
Адам ресурстарын басқарып ұйымдастыру бірнеше іс-әрекеттер бағытынан тұрады:
Корпоративті мәдениетті дамыту, б.а. Компанияның атмосферасын немесе моральды-психологиялы климатқа бағытталған іс - әрекет.
Ұйымдастыру құрылымын құру: ұйымдастыру құрылымын өңдеу мен жетілдіру, оны оптимизациялау, сыртқы ортадағы өзгеріп жатқан жағдайларды сай келтіру, Компания құрылымының тәртібін, қызметкерлердің іс - әрекетін өңдеу.
Ресурстарды жоспарлау: адам ресурстарының болашақ қажеттілігін қанағаттандыру жоспарын өңдеу, персоналдардың еңбегінің сапасы мен санын есептеу жүйесін өңдеу.
Персоналдарды жинау: барлық қызмет дәрежелерге потенциалды кандидат резервтерін құру, кандидаттар туралы жеке база құру.
Персоналдарды таңдау: жұмыс орындарына кандидаттарды бағалау және резервтегі ең жақсыларды бағалау.
Персоналдардың адаптациялануы: қабылдаған қызметкерлерді ұйымға және оның бөлімшелеріне таныстыру, Компания осы қызметкерден нені күтетіні туралы және еңбегінің бағалану іс-әрекеті.
Персоналды бағалау: персоналды бағалау әдісін жүзеге асыру мен өңдеу, аттестациялау.
Персоналдарды оқыту: жұмысты нәтижелі орындауды талап ететін еңбекке оқытудың бағдарламаларын өңдеу.
Карьераны жоспарлау: кадрлық резервтердің талабын өңдеу.
Төлем ақыны және жеңілдіктерді анықтау.
Персоналдарды есептеу және персоналдардың уақытын есептеу мен еңбек заңын бақылау.
Әлеуметтік-психологиялық мониторинг: Компаниядағы дауласудың проблемаларын шешу, келіссөздерді жүргізу, нәтижелі команда құру.
Персонал қызметтерінің ұйымдастыру құрылымы
Персоналдармен жұмыс істеу департаменті үш басқарудан тұрады: перспективалы жоспарлау басқармасы, оперативті кадрлар жұмысының басқармасы және кәсіби дамыту басқармасы. Одан басқа, оған өз бетінше бөлімшелер: еңбек және еңбек ақы бөлімі, еңбекті қорғау тобы, әлеуметтік бағдарламалау бөлімі кіреді.
Кәсіпорында жоспарлаудың перспективасы
Жобалау және ұйымдастырудың өзгерістерінің бөлімі.
Компанияның ұйымдастыру құрылымының дамыту концепиясын өңдеу.
Бөлімшелер құрылымын ликвидациялау немесе қайта құру, штатты өзгерту, жұмыс орындарын құрудың маркетингті анализ жасау.
Жұмыс күшіне қажеттілікті анықтау және ресурстарды бағалау.
Құрылым бөлімшелерінің мақсатын, орнын, іс-әрекетін анықтау.
Ұйымдастыру құрылымының мониторингі.
Корпоративті диагностика тобы.
Құрылым бөлімшелерінің нығаюының әлеуметтік-психологиялық зерттеуі, формальды емес бірлестіктерді және потенциалды лидерлерді анықтау.
Еңбек түрлері мен тәсілдерін, мінездерін анықтау мақсатында коллектив пен қызметкерлердің әлеуметтік-психологиялық, моральдік және функционалды сапасының анализі.
Ұйымдастыру мақсатына байланысты Компания имиджына байланысты қоғамның ойына бағытталған бағдарламаларды құру мен жүзеге асыру.
Ұйым ішіндегі түрлі дәрежелерде нәтижелі қолданатын, мотивацияның өзгерісін анықтау мақсатында персоналдарды жүйелі психологиялы тестілеу мен әлеуметтік анкеталау.
Корпоративті мәдениеттің даму Концепциясын өңдеу мен жүзеге асыру.
Оперативті кадрлар жұмысының басқармасы
Персоналдарды таңдау тобы.
Компания жұмысына қабылдаудың әдістемесін өңдеу мен қолдану, персоналдарды таңдау нұсқауы.
Жалдау агенстваларымен бірлесіп істеу, персоналдарды таңдау көздерін қолдану (ішкі көздер, Жоғарғы оқу орындарымен жұмыс, колледж, СМИ, Интернет және т.б.).
Вакансия қызметінің кандидаттарына квалификациялық талаптарды құру.
Персоналдарды жинау, таңдау.
Кадрлар бөлімі
Кадрлық іс қағаздарға кіріспе
Тәртіпті, әдісті, қабылдау процедураларын, есептеу, орналастыру және персоналдарды жұмыстан шығаруды өңдеу, персоналдар туралы статистикалық мәліметтерді өңдеу.
Кадрлық құжат айналымдарының формаларын өңдеу.
Кадрлық шешімдерді құжаттау (өкім, үкім және т.б.).
Персоналдар тәлімгерлерінің тобы.
Бөлімшелер туралы тәртіпке сай бөлімшелер құрылымының іс- әрекеттерінің орындауын бақылау.
Жаңадан қабылданған қызметкерлердің сынау мерзімінің өтуін қадағалау, қызметкерлердің бейімделу іс шараларын өткізу.
Персоналдарды аттестациялау – оның мониторингі.
Кадрлық резервтерді, персоналдармен жұмыс істеу бағдарламасын құру.
Ұйым қызметкрелерінің карьерасын жоспарлау.
Персонал туралы мәліметтердің бірегей ақпараттық базасын құру, оның ішінде төлем ақы, басқарушылардың қызметкерлерін бағалауы және т.б.
Кәсіби дамыту басқармасы
Персоналдарды дамыту бөлімі.
Персоналдарды кәсіби дайындау бағдарламасын өңдеу мен енгізу.
Жоспарды құру мен оқытуды ұйымдастыру, персоналдарды дайындау, кәсіптігін жоғарылату.
Жаңа қызметкерлердің нұсқаулары.
Оқытушы-жетекшілер институтын құру.
ЖОО мен басқа оқу орындарымен жұмыс.
Оқыту орталығы.
Компания қызметкерлерін оқытатын нақтылы бағдарламаны құру.
Нақтылы тақырыппен және пәнге оқытушыларды таңдау және оқыту процессін ұйымдастыру.
Техникалық құралдарды қолдану.
Еңбек және төлем ақы бөлімі
еңбек нормасы, жұмыс тарификациясы, еңбек төлемі, жеңілдікпен компенсациялар жүйесі бойынша маркетингтік зерттеу жүргізу.
Еңбек нарығының өзгерісіне байланысты еңбек ақысын дұрыстау ұсынысын өңдеу.
Компания персоналдарына ұзақ мерзімді мотивациялық жоспар өңдеу.
Компания қызметкерлеріне еңбекақыны белгілеу және тарату.
Еңбекті қорғау тобы
еңбек қауіпсіздігін, өртке қарсы қауіпсіздік техникаларын қызметкерлерге сақтануға қамтамасыздандыру бойынша іс - шараларды өңдеу мен жүзеге асыру және коммерциялық құпияны сақтау.
Сәтсіз оқиғаларды зерттеуді жүргізі мен олардан сақтану іс - шараларын жүргізу.
Әлеуметтік бағдарлама бөлімі.
Әлеуметтік жеңілдіктердің қосымша бағдарламаларды жүзеге асыру мен оларды экономикалы растау, жоспарлау.
Қызметкерлердің демалысын ұйымдастыру бағдарламасын өңдеу: әлеуметтік және спорттық-сауықтыру іс - шаралары.
Қызметкерлерге материалды көмек көрсету, кредит беру бағдарламасын өңдеу мен жүзеге асыру.
Еңбек қатынас тобы
Еңбек дауласуларды шешу, компанияда дауласу мен жарастыру коммиссиясын құру.
Құқық қорғауды қамтамасыз ету.
Келісім шарттарды өңдеу.
Персоналдарды дамыту бөлімінің ұйымдастыру-штаттық құрылымы
Бұл бөлім екі топтан тұрады: оқытуды ұйымдастыру тобы мен оқыту
процессін қамтамасыздандыру тобы. Бөлім саны – 8 қызметкерлерден тұрады (бөлім бастығы, топ бастығы – бөлім бастығының орынбасары, жүргізуші маман – топ бастығы, жүргізуші маман, 1-ші категорияның 2 маманы, 2 категорияның маманы, инспектор). (Сурет 1)
Оқытуды ұйымдастыру тобының құрылымы келесі:
Топ бастығы – бөлім бастығының орынбасары:
Топты басқарады және Компания қызметкерлерінің оқытуын ұйымдастырады;
Компанияның іс - әрекетінің актуальды мәселесі бойынша қызметкерлерді семинарға, курстарға жіберу жұмысын атқарады және жаңа технологияны енгізгенде экспересс-оқыту;
Компания жұмысы үшін, Компания жоғарғы оқу орындарымен студенттерді мамандандыру мәселесі бойынша бірлесіп жұмыс жасау;
Бөлім іс - әрекетіне ақпарат бойынша жұмысты ұйымдастыру;
Бөлім бастығы жоқ кезінде оның міндетін атқарады.
Жүргізуші маман:
- Ақпарат жүйесінің іс әрекетін қамтамасыз етеді, бөлім іс - әрекетінің
ақпаратының қамтамасыздандыруының приципі мен бағытын өңдейді;
- мамандарды оқыту орындарында немесе шет ел тәжірибесіне бару мен
оқытуды жүйелендіріп, таңдау мен өңдеу жұмысын жүргізеді;
- кадрларды дайындау проблемалары мен персоналдардың жұмысы туралы
прессадағы басылымдарды мониторинг жасау;
- кадрларды дайындаудағы ақпараттық қамтамасыздандыру саласында басқа Компаниялардың тәжірибесін біріктіріп жинайды;
- Компания жұмысшыларының кәсіби қатесінің себебін анализдайды және қосымша оқытудың қажеттілігін ұсынады;
- Мәлімет базасын құрудың технологиялық процесін жоспарлап құрады;
- Мәлімет базасын корректировка жасап, толтырып турады;
1-ші категориялы маман:
- Оқытуға құжатты толтырумен байланысты, жұмысты орындайды;
- Компания бөлімшелерін оқытуға өтініш пен оқыту жоспарын орындауға
бақылау жүргізеді;
- Оқу тобын құрып және оқытылу бітіргенге дейін топты оқытуға іс -
шаралар ұйымдастырады;
- Компания қызметкерлерінің оқытылуына ақы төлеу бойынша құжаттар толтыруға көмек береді;
- Перосоналдарды оқыту мәселесі бойынша статистикалық мәліметтер дайындайды;
Инспектор:
Келген корреспонденцияларды қабылдауды қамтамасыздандырып, өңдеп және тіркейді;
бөлімшелердегі шығу құжаттарын өңдеуді қамтамасыздандырып, өңдеп және ары қарай жібереді;
құжаттарды автоматты түрде есебін жүргізіп және оларды орындалуына бақылау жасайды;
жазу жұмысын орындап және құжаттарды көбейтеді;
шет ұйымдардың бөлімшелерімен оперативті байланыс жүргізеді;
құжаттарды таратуға және оларды оперативті сақтауды қамтамасыздандырады;
Оқыту процесін қамтамасыздандырудың топ құрылымы келесі:
Жүргізуші маман – топ бастығы:
топты басқарады және оқу процесін қамтамасыздандыру бойынша жұмысты ұйымдастыру:
оқу жүйесін бақылайды және нәтижесін анализдейді және Компанияның оқытуына талабын қанағаттандыруының мүмкіндігін жүзеге асырады;
кадрларды дайындауға басқару жүйесін жақсарту және оқыту жүйесін дамыту бойынша ұсынысты дайындайды;
жаңа қызметтерді кіргізудегі приоритетті бағыты бойынша Компания бөлімшелерімен жұмыс жүргізу;
оқу бағдарламасын дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру мен персоналдарды оқытуға курс бағдарламасын ұйымдастырады;
оқыту сапасын анықтауға жұмыс жүргізу;
стажировкада және оқытуда перспективалық қажеттіліктерді табу жұмысы бойынша жұмысты ұйымдастыру;
оқыту жоспарын дайындайды;
1-ші категориялы маман:
оқыту қажеттілігін анықтау мәселесі бойынша Компания бөлімшелерінің нақтылы өкілдерімен іс әрекет жасау;
оқытуға заявка формасын өңдеп, оны таратуды, жинауды және біріктіруді ұйымдастырады;
Компания қызметкерлерін оқытудың жоспарының жобасын дайындайды;
оқыту бағдарламасы мен жоспарды дайындайды, келісім-шартты дайындайды;
қызметкерлерді дайындауды өткізу сапасын бақылау формасын өңдейді;
Компания мамандары мен басқарушыларға кеңес береді;
2-ші категориялы маман:
Компания бөлімшелеріне материалдарды дайындайды, олардың
дұрыстығына экспертиза жасайды;
бөлімше құрылымдарына сәйкес материалдарды таратуды ұйымдастырады;
оқы процессі туралы басқарушыларға әрдайым хабар беріп тұрады, жіберілген сұрақтарға жауапты алуға бақылау жүргізеді;
әрдайым Компания бөлімшелерімен сымтетік және факсимильды байланыс жүргізеді;
оқыту құрылымдарына сәйкес оқуға жіберуді ұйымдастырады;
басқа тапсырмаларды орындайды.
Кесте 2. Персоналдарды дамыту бөлімінің құрылымы.