Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книга УГ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
967.68 Кб
Скачать

Г.М. Арапова, Ш.М. Конысова

Әлеуметтік-мәдени сервисте персоналды басқару

Шымкент, 2012

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Г.М. Арапова, Ш.М. Қонысова

Әлеуметтік-мәдени сервисте персоналды басқару

Оқу құралы

Шымкент, 2012

ББК

ӘӨЖ

Басылымға М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың оқу-әдістемелік Кеңесімен басылымға ұсынылды (№ 2 « 8 » 11 2012 ж.)

Арапова Г.М., Қонысова Ш.М. Әлеуметтік-мәдени сервисте персоналды басқару. Оқу құралы.- Шымкент: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, 2012.-160 б.

ISBN

Пікірді жазғандар:

Есенова А.Е., әлеуметтану ғылымының кандидаты

Сабенова Б.Н. экономика ғылымының кандидаты

«Әлеуметтік-мәдени сервисте персоналды басқару» оқу құралында негіз ретінде персоналды тиімді пайдалану жолдары, персоналды дамыту әрекетінде кәсіпорындарда оқыту және кәсіпорыннан тыс оқыту, басқарудың дәстүрлі жүйесі, басқарудың жаңа үрдістері, кадрлық саясат, кадрлық іс жүргізу, әлеуметтану және жеке тұлғалардың психодиагностикасы толық қарастырылып, персоналдарды басқаруда туындайтын қиыншылықтарды шешудің тиімді жолдары қарастырылған.

Оқу құралын дайындау кезінде отандық және шет елдік мамандардың және авторлардың өзіндік зерттеулерінің нәтижесі пайдаланылды.

Оқу құралы оқу жоспары және типтік бағдарламаға сәйкес жасалынған. Оқу құралы 5В090400 - «Әлеуметтік-мәдени сервис» мамандығы студенттеріне және сервис салалары қызметкерлері мен менеджерлеріне арналған.

ISBN

© М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе.....................................................................................................................5

1 Әлеуметтік-мәдени сервисте персоналдарды тиімді басқару...............6

1.1 Әлеуметтік-мәдени сервисті ұйымдастырудың мақсаты

мен міндеті..............................................................................................................6

1.2 Кәсіпорынды ұйымдаcтыру құрылымы мен персонал.......................15

1.3 Персоналдардың жұмысын тиімді пайдалану......................................23

1.4 Ұйымның ішкі ортасының негізгі тенденциялары..............................29

1.5 Персоналдарды басқару жүйесі.................................................................33

2 Кадрлық саясат пен кадрлық жоспарлау...............................................35

2.1 Қазіргі заманғы кадрлық қызметтің іс әрекетінің

негізгі бағыттары................................................................................................35

2.2 Әлеуметтік-мәдени сервиске персоналдарды іріктеу............................43

2.3 Әлеуметтік-мәдени сервиске персоналдарды таңдау............................49

3 Персоналды бағалау.....................................................................................61

3.1 Персоналдарды аттестаттациядан өткізу.................................................61

3.2 Персоналдарды жұмысын жетілдіру әдістері. Персоналдардың дамыту қажеттілігі.............................................................................................66

    1. Персоналдар іс-әрекетін жетілдіруді бақылау.....................................71

  1. Кәсіпорындарда персоналдарды ынталандыру.......................................74

4.1 Персоналды ынталандыру..........................................................................74

5 Жеке тұлға психологиясы және әлеуметтану..........................................88

5.1 Еңбек коллективінің психодиагностикасы...........................................88

5.2 Конфликт және олардың жіктелінуі........................................................91

Қолданылған әдебиеттер.................................................................................107

Қосымшалар.......................................................................................................108

КІРІСПЕ

Өндіріс пен кәсіпорындарда персоналдарды басқару үрдісі адамдардың бір-біріне белгілі қарым-қатынасы жатады. Сондықтан да басқаруды оқып-білу - бұл ең алдымен өндіріске белгілі бір мақсатпен ықпал ету барысындағы адамдардың өзара қарым-қатынасын зерделеу, басқару қатынастарын қалыптастыратын зандылықтарын анықтау болып табылады. Осының негізінде басқару қызметінің принциптері, оларды жүзеге асырудың формалары мен тәсілдері белгіленеді.

Басқару ғылымы әр түрлі халық шаруашылығы буындарына қатысты басқару процестерін зерттейді: оның алғашқы әрі ең шешушісіне микродеңгей жатады. Кәсіпорынды, жеке өндіріс түрін, былайша айтқанда, түпкі есебінде қоғамның экономикалық бет-бейнесін жасайтын заттай-материалдық кұндылықтарды өндіретін салаларды басқару объективті қажеттілік болып табылады. Осыған қарай персоналды басқарудың осы деңгейі барлық басқару жүйесінің басты назарында ұстайтын объектісі болуы керек.

Кәсіпорындарды басқару ісі барлық экономикалық байланыстар мен қатынастардың жиынтығын толық қамти алмайды. Өндірісті басқарудың ғылыми сипатында кәсіпорын халық шаруашылығының біртұтас жүйесін құрайтын қоғамдық және басқа да өндірістік және тұтынушы халықпен бірге қарастырылады.

Қызмет көрсету кәсіпорындарындағы басқаруды жетілдіру өкіметтің шамалы қолдауымен шектеледі, қаржыландырудың жеткіліксіздігі, мамандандырылған басқару персоналдарының жеткіліксіздігі және де басшылықтардың мотивациясының жоқтығы.

Кәсіпорындарын нәтижелі басқаруына, басқару үрдісіне ұйымдастырудың жаңа әдістері мен технологияларын енгізуді талап етеді, сонымен қатар басқару персоналдарының мамандану деңгейін көтеруді қажет етеді.

Көп басылымдар, қызмет көрсету индустриясындағы менеджменттің түрлі аспектілеріндегі түрлі тәсілі, осы бағыттағы эмпирикалық және зерттеу жұмысы, осы мәселелердің маңызды екеніне куә және сервис саласындағы менеджменттің тәжірибелік маңызының өсуін растайды.

Оқу құралында кәсіпорындарда персоналды тиімді пайдалану жолдары, персоналды дамыту әрекетінде кәсіпорындарда оқыту және кәсіпорыннан тыс оқыту, басқарудың дәстүрлі жүйесі, басқарудың жаңа үрдістері, кадрлық саясат, кадрлық іс жүргізу, әлеуметтану және жеке тұлғалардың психодиагностикасы толық қарастырылып, персоналдарды басқаруда туындайтын қиыншылықтарды шешудің тиімді жолдары қарастырылған.

Персоналдарды басқару – қызметкерлерді ұйым мақсатына жету үшін бағытталған, арнайы әдістердің көмегімен ұйымдастыру үрдісі.

Оқу құралында Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім стандартының «Жоғары кәсіптік білімнің ережелеріне» сәйкес жасалған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]