Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сабақ1-15.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
368.13 Кб
Скачать

Қосарланған тыныс белгілердің қолданылуы

Ашылатын немесе жабылатын жақшаның алдынан үтір, нүктелі үтір, қос нүкте және сызықша қойылмайды. Бұл белгілердің бәрі де жабылатын жақшадан соң қойылады.

Мысалы: Тұрғын үй құрлысын қысқартқан елдер (Франция, Дания), әлемдік рыноктан құрылыс материалдарын аз алады. Мен кавказда үш рет (үшеуінде де жазда):1980-ші және 1991-ші жылдары болдым.

Егер жақшаның алдында аяқталған сөйлем болса, ал жақшаға алынған сөздердің өзіндік толық мағынасы болса, ондай жағдайда нүкте ашылатын және жабылатын жақшалардың алдынан қойылады.

Мысалы: Жоғарғы білімді мамандар даярлау соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда 7 есе өсті. (Кадрлар әзірлеу қарқындарының мұндай өсу бірде бір елде болған емес).

Тапсырма 2. Қазақ тіліне аударыңыз

протокол общего собрания коллектива предприятия, выписка из протокола №7, постановление собрания, протокол подписан председателем собрания, написать протокол, вести протокол, поставить печать, подписать протокол, совместное собрание, расширенное заседание.

Тапсырма 3. Оқыңыз, жазыңыз

Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекеттік бағ дарлама, кәсіпорынның жалпы жиналысы, бірінші міәселе бойынша, кәсіпорынның жалпы жиналысы қаулы етеді, орындалуы міндеттелсін, шаралар белгіленсін.

Тапсырма 4. Сұрақтарға жауап жазыңыз.

Жиналыстьа қандай мәселе қаралды? Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы не туралы? Бірінші мәселе бойынша кім баяндама жасады? Жиналыста қандай қаулы қабылданды?

Тапсырма 5 Қазақшаға аударыңыз

1. Зав тра вы придете на собрание?

2. какие вопросы стоят на повестке дня?

  1. вы будете выступать на собрании?

  2. Пожалуйста дайте мне слово?

  3. Ставлю на голосование

  4. Кто против? кто за?

  5. Есть возздержавшиеся?

  6. Дайте мне выписку из протоеола

  7. Председатель подписался?

Сабақ № 7

Сабақтың тақырыбы: Қолхат. Жеделхат. Факс арқылы жіберілетін құжаттар.

Сандардың жазылуы.

Мақсаты: Студенттерді қолхат, сенімхат үлгілерін сауатты толтыруға дағдыландыру.

Жұмыс жоспары.

1. Грамматикалық материалдарды енгізу.

2. Өтілген материалдарды дұрыс меңгерту.

3. Бақылау тапсырмаларды тиянақты орындау.

4. Активті, интерактивті әдістерді қолдану.

Сөздік.

Қолхат -расписка

Кепілхат -гарантийное письмо

Алу -брать

Хат -письмо

Беру -давать

Куәландыру -заверить

Қатысушы -присутствовать

Басшы -руководитель

Кездесу -встреча

Жылдың ішінде -в течении года

Ағымдық -текущий год

Кіріске -высокосный год

Факс -факс

Жеделхат -телеграмма

Қолхат

Қолхат- кәсіпорыннан немес жеке адамнан уақытша пайдалану үшін қандай да бір материалдық бағалы зат (мүлік, ақша, құжат) алынғанын куәландыратын ресми құжат.

Қолхаттта қайтару мерзімі міндетті түрде көрсетіледі, көрсетілген міндеттемесі болады.

Қолхаттың міндетті құрамы бөліктеріне:

  1. Құжат аты;

  2. Мазмұны;

  3. Бағалы затты білдіретін адамның аты;

  4. Құнды заттың санамалы бөлікткерінің жалпы саны,

  5. Бағасы санмен, (жақшаның ішінде сөзбен)

  6. Қолхат берушінің қолы;

  7. Күні, айы, жылы.

Үлгі:

Қолхат

Мен «Балаларға базарлық» әмбебап дүкенінің меңгерушісі Асылбакова Айман Талғатқызы азамат Болат Баайырбекұлы Атымбавтан нақ сондай балалар жұмсақ ойыншығына айырбастап беру үшін құны 276 (екі жүз жетпіс алты) теңге тұратын «Микки Маус» ойыншығын қабылдап алдым.

12.04.2000ж. қолы:

Қолхат мынандай жағдайларда жазылады.

  1. Біреуден қарыз ақша алынған жағдайда;

  2. Кітапханадан кітап алған жағдайда;

Қолхатта ақша көлемі алдымен санмен, сосын сөзбен жазылып көрсетіледі. Егер мәтінде қандай да бір жөндеулер, өшірулер кездессе құжат күшін жояды, яғни жарамсыз. Қолхат бір дана түрінде толтырылады және ақша түріндегі құжатпен бірдей дәрежеде сақталады. Кейде қолхатта қатысушы куәгерлер кездеседі. Ол жағдайда куәгерлер қолхатқа өз қолдарын қойып растайды. Ақшаны қайтарған жағдайда қолхат жойылады.

Тірек сөздер. Мен, талап, алдым, дана, келісу, мерзім, міндеттімін, пайыз, ақша, орын, төлеу, тұру, келісімшарт, басқа, көрсет, құн, күн, жыл, қызмет т.б.

Тірек сөз тіркестері: басқа талап, беру үшін, теңге тұратын, қабылдап алдым, төлеп тұрамын, нақ сондай, келісілген мерзімде, жалпы саны, келісімшартқа сәйкес.

Тапсырма 1. Қазақ тіліне аударып жазыңыз

Расписка

Я, заведующая отделом торгового дома ЦУМ Тулегеноваа Салтанат Тулегеновна приняла от гражданина Изтаева Жалгаса Дулатовича импортный телевизор марки LG стоимостью 40000 (сорок тысяч) тенге для обмена его на другой такой же телевизор.

Дата подпись

С. Т. Тулегенова

Тапсырма 2. Бір үлгіге қарап, мәтін аудармасын дұрыстығын тексеріңіз.

Расписка

Я, заведующая отделом универмага “Подарки ”, Ибрагимова Гульзайра Жунисбековна приняла от гражданина Танибергенова Пердебая Асхатовича сувенирный кофейный сервиз “Аромат” стоимостью 1270 (одна тысяча двести семьдесят ) тенге для обмена его на другой так ой же сервиз.

Дата подпись

Г.Ж.Ибрагимова

Тапсырма 3. Танысыңыздан ақшалай қарыз алдыңыз. Алған және қайтаратын мерзіміңізді, оның көлемін көрсетіп қолхат жазыңыз. Жоғарыда көрсетілген үлгіні пайдаланыңыз

Факс

Факсимильдік байланыс, көбінесе қысқаша «факс» деп аталады. Қазір кең қолданылады. Факстің ең құн ды жері ол аппарат арқылы тек қана мәтінді құжаттарды ғана емес, кестелі, кескінді құжаттарды тез арада екінші адамға немесе екінші мекемеге жеткізуге болады. Факс арқылы мәтіннің, кестенің кескіннің, қол қойылған кез келген құжаттың дәл осы күйінде қайталанған нұсқася екінші мекемеге жеткізіледі. Сондықтан да дәл қазір факсті алмастыруға келетін байланыс түрі жоқ. Қазіргі таңда еліміздің көптеген мемлекеттік жеке кәсіпорындары мен мекемелерінің офистері жаңа заманның қабылдау-хабарлау аппараты, факспен жабдықталған. Фасктің жеткізу жылдамдығы ө те жоғары, се б ебі факс арқылы жіберілген кез келген құжат санаулы чағаттардан кейін –ақ адресат қолына тиеді. Факс арқылы жіб ерілетін құжат А4 формалы бланкіге кейде А5 формалы бланкіге толтырылады. Сурет, сызба, кесте т.б. сол сияқты үлкен көлемді құжаттар алдын ала факс аппаратының мүмкіншілігіне сәйкес келетіндей етіліп кішірейтілуі керек.