
- •Сабақ: № 1
- •Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.
- •Сабақ: № 2 Арыз. Фамилиялар мен есімдердің жазылуы.
- •Сабақ: № 3
- •Өмірбаян
- •Мінездеме.
- •Сабақ: № 4
- •Сабақ: № 5
- •Сабақ № 6
- •Хаттама
- •Қосарланған тыныс белгілердің қолданылуы
- •Сабақ № 7
- •1. Грамматикалық материалдарды енгізу.
- •4. Активті, интерактивті әдістерді қолдану.
- •Жеделхат (Телеграмма)
- •Сандардың жазылуы
- •Сабақ №8
- •2.Өтілген материалдарды бекіту.
- •Баяндау хаттар.
- •Қазақ тіліндегі қосымшалардың қолданылуы.
- •Сабақ № 9
- •2. Өтілген материалдарды бекіту
- •Сөздерді тасмалдау ережелері
- •Сабақ №10
- •Сабақ №11 Кепілхат. Қазақ тіліндегі қосымшалардың қолданылуы.
- •Қазақ тіліндегі қосымшалардың қолданылуы.
- •Сабақ №12 Қызметтік хаттар
- •Сабақ № 13
- •1.Грамматикалық материалдарды енгізу.
- •4.Активті, интерактивті әдістерді қолдану.
- •Рим цифрларының жазылуы
- •Сабақ №14
- •Сабақ №15 Жарғы. Жарлық.
Сабақ № 6
Сабақтың тақырыбы. Хаттама. Қосарланған тыныс белгілердің қолданылуы.
Сабақтың мақсаты. Хаттама туралы, оның толтырылуы, қажетті тірек сөздер мен сөз тіркестері жайлы түсініп алу, білу.
Хаттама
Хаттама – мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның жиналысы мен мәжілістерінде қаралған, талқыланған, қорытындыланған жағдайларды тірқейтін /толық жазатын/ ұйымдастырушы-өкімшіл ресми құжат.
Белгілі бір фактіні куәландыратын құжат /жауап алу хаттамасы, тексеру хаттамасы/.
Қоғамдық тәртіптің бұзылғаны туралы факт тіркелетін ресми құжат. Хаттамаға мекеме басшысы, фактіні тіркеуге жауапты адам және хаттаманы жазушы адам қол қояды.
Хаттамада көрсетілетін міндетті мәліметтер:
1. Мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның атауы.
2. Құжаттың аты /хаттама/.
3. Айы, күні, жылы, хаттаманың номірі.
4. Жиналыс /мәжіліс/ өткен орын.
5. Егер хаттаманы бекіту талап етілсе, бекіту /гриф/ таңбасы.
6. Қатысқандар туралы мәлімет /саны, аты-жөні, лауазымы/.
7. Күн тәртібі.
Төрағаның және хатшының қолы.
Үлгімен танысыңыз.
Алматы қаласы Көлік және телекоммуникациялар колледжі ұжымы жалпы жиналысының №7 хаттамасы
1997ж. 25 қыркүйек Алматы қаласы Қытысқандар_______________________________________ Қатыспағандар: дәлелді себептермен _________________ дәлелсіз себептермен________________________________
Күн тәртібі:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" Заңын талқылау
Ғылыми-практикалық конференцияға дайыйдық туралы.
Тыңдалды: 1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша
«_______»_________ сөйледі./хабарламаның мәтіні тіркелген/.
2. Екінші мәселе бойынша _____________ сөз сөйледі /хабарламаның мәтіні тіркелген/.
Алматы қаласы Көлік және коммуникациялар колледжі үжымының жалпы жиналысы қаулы етеді:
1.
2.
Мәжілістің төрағасы /аты-жөні/
Мәжілістің хатшысы /аты-жөні/
Негізгі сөздік
Хат |
Хаттама- протокол Хаттаманың көшірмесі – выписка из протокола |
Ресми |
Ресми –офиц иальный Бейресми-неофициальный Рәсімдеу –оформить Ресми келіссөз –официальные переговоры Ресми түрде –официально Ресми тіл –официальный язык Ресми сөйлеу-официальное выступление Ресми қағаз –ойициальные документы (бумаги) |
Іс |
Іс жүргізу-делопроизводство Іс жүргізуші-делопроизводитель Іскер топтар-деловой круг Іске асыру –внедрить Іс шара-деловые меры |
Тапсырма 1. Мәтінді оқыңыз. Қазақ тіліндегі сөздің орын тәртібін есіңізге түсіріңіз.
«Ақниет» шағын кәсіпорны ұжымы жалпы жиналысының
№ 7 хаттамасы
11 желтоқсан, 1998 ж. Алматы қаласы
қатысқандар: 15 адам
қатыспағандар: -
дәлелді себептермен: 1
дәлелсіз себептермен: -
Күн тәртібі
1. Қазақстан Республикасының Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» жарлығын талқылау.
Әр түрлі мәселелер.
Тыңдалды:
1. Күн тәртібіндегі бірініші мәселе бойынша кәсіпорын директорының орынбасары Ж.Әбдірахманұлы баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ұжым мүшелері: Б.Досболұлы, Ж.Дәулетбайұлы, Ғ.Айбергенқызы және кәсіпорын директоры А.Ақылбайұлы сөз сөйледі.
Қаулы етеді:
«Ақниет» швағын ұжымының жалпы жиналысы қау лы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» жарлығының орындалуы міндеттелсін.
2. Бағдарламаны жүзеге асыруға ұжым мүшелерінің белсенді атсалысуы жө ніндегі шаралар белгіленсін.
Жиналыстың төрағасы А.Ақылбайұлы
Жиналыстың хатшысы Б.Сарыбайқызы