Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сабақ1-15.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
368.13 Кб
Скачать

Сабақ: № 5

Сабақтың тақырыбы. Анықтама. Хабарландыру. Реттік белгілердің жазылуы.

Сабақтың мақсаты. Студенттерге анықтама, хабарландыру

үлгілерімен таныстырып, оны қазақ тілімен байланыстыра отырып, құжатты қазақ тілінде дұрыс

толтыруға үйрету.

Анықтама

Анықтама-әр түрлі деректер мен оқиғалар туралы жазылған және оны растайтын Құжат жоғарғы орындардың талап етуі бойыеша ұйымдар мен адамдарға , басқа ұйымға тапсыру үшін беріледі.

Сөздік

Анықтама- справка

Анықтама беру- дать справку

Анықтама жазу- написать справку

Растау- подтверждать

Айғақтау- доказывать

Айлық жалақы- месячная зарплата

Отбасы туралы- справка о семье

Отбасы құрамы- состав семьи

Анықтама мәтінінде ырықсыз етіс тұлғасындағы сөздер кездеседі. Ырықсыз етіс түбіріне -ыл, -л, -ын,-н, жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

Мысалы. Анықтама берілді, құжат тексерілді.

Тапсырма 1.Көп нүктенің орнына керекті қосымшаларды қойып, көшіріп жаз.

Анықтама Жолдасов Серік мырза... ,беріл... ді; 46-пәтер, 16-үйде тұратынын растай д...; Оның 1991 жылдан аға оқытушы екенін растай....

Хабарландыру

Мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорынның, жеке адамдардың ұжым мүшелеріне, жалпы жұртшылыққа алдағы уақытта өткізілетін жұмыстар мен істерді жариялайтын құжатты – хабарландыру деп атаймыз.

Хабарландыру мынандай жағдайларда жазылады:

Ұйым мүшелеріне, жалпы жұртшылыққа қандай да бір кеш өтетінін хабарлау үшін жазылады.

Мысалы.

Хабарландыру

1995 жылы 14 желтоқсанда “Үш Арыс” атты әдеби кеш өтеді. Кеш ҚазМБА-ның үлкен акт залында өтеді. Кеш сағат 16.00-де басталады.

Әдеби кешке академик З.Қабдоллов, профессор Т.Кәкішев, профессор Р.Бердібаевтар қатысады.

Қазақ тілі кафедрасының “Халықтық педагогика ” тәрбие секциясы.

Қазіргі нарықтық заманында баспасөз беттерінде жұмысқа шақыру, гос қызмет орындарына конкурс жариялау үшін де хабарландырулар жазылады.

Мысалы.

Хабарландыру

“Шымкент сыра” АҚ бас инженердің орнына конкурс бойынша қызметкер қабылдайды. 19.01.2001 жылы Сайрам көшесі “Шымкент сыра “ зауыты, сағат 11.00-де басталды.

Хабарланып отырған мәселенің ( жиналыс) мәжіліс, кездесу т. б. айы, күн , болатын уақыты, орны, қаралатын мәселелері, ол туралы хабар жасаушының, баяндамашының аты-жөні, атағы, қызметі көрсетіледі.

Хабарландыру мақсатына қарай көлемі, көркемделуі әр түрлі болады.

Мысалы.

Хабарландыру

Шымкент қалалық кеңесінің мәжіліс залында 26 наурызда 2000 жыл “Діннің жастар өміріне, тәрбиесіне қатысы бар ма?” деген тақырыпта лекция өтеді.

Лектор п.ғ.к., доцент А.С.Қарабаев.

Басталу уақыты: сағ. 18.30

Тірек сөздер:

өтеді, хабарландыру, сағат, басталады, қатысады, шақыру, жарияланады, конкурс, қабылдайды, жылы, бос, үшін, т.б.

Тірек сөз тіркестері.

Жұмысқа шақыру, мәжіліс өтеді, конкурс бойынша, қызме ткер қабылдайды, мәжіліс залында, тәрбие секциясы, студенттер назарына.

Реттік белгілердің жазылуы.

Сөздер мен баяндамалардың стенограмасындағы ремаркалар жақшаға алынады. Ремарканың соңынан жабылатын жақшаның алдына нүкте қойылады. Ашылатын жақшаның алдындағы тыныс белгілер,

Тапсырма 2. Оқимыз, аударамыз

Жиналыс болды, ақындар келді, консультацияға келіңіздер, студент оқыды, ғылыми конференция болады, Ақмарал, Әйгерім ойнағанды ұнатады.

Тапсырма 3. Определите характер основы ( твердая-магкая) следующих слов и образуйте все падежные формы.

Жұмыс, қызмет, өтініш, уақыт, өкініш, сағат, тәртіп, рет, жоспар, достар, министрлер, бастық, хатшы, бағдарламашы,құжат.

Тапсырма 4. Переведите на казахский язык.

Прочитал книгу, написал жалобу, пришел в акимат, зарегистрировал заявление, не получил зарплату, начальник не принял, отправил факс, звонил в министерство.

Тапсырма 5. Қазақ тіліне аударыңыз.

Мне хочется с тобой поговорить. Вы не ходтите участвовать в конкурсе. Нам не хочется обсуждать эту кандидатуру. Мой коллега не хочет переходить на другую работу по семейным обстоятельством. Мои друзья хотят переехать в Астану.

Тапсырма 6. Төмендегі етістіктерден қалау рай тұлғасын жасаңыз.

Хабарлас- , қатыс-, орын да-, сенім білдір-, сатып ал-, басқаша жұмысқа ауыс-,.

СӨЖ

1.Құжаттарды толтыру үлгісі (Анықтама, хабарландыру)

2. Хабарландырудың екі үлгісін жасау.