Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сабақ1-15.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
368.13 Кб
Скачать

Мінездеме.

Мінездеме- жеке адамға жұмыс істейтін мекеменің , кәсіпорынның , ұйымның әкімшілігі беретін ресми құжат. Мұнда қызметкердің біліктілігін, кәсіби деңгейін сипаттайды.

Тапсырма 5

Оқуға немесе аспирантураға түсу үшін.

Мінездеме.

Жадыра Қуанышқызы Шалабаева 1974 жылы ақпан айының 15-інде Оңтүстік Қазақстан облысы , Төлеби ауданы , Қазығұрт аулында туған. Ұлты – қазақ, білімі- жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы. 1981-1991 жылдар аралығында Қазығұрт аулындағы Абай орта мектебін бітіргеннен кейін 1991 жылы Қ. А. Иассауи атындағы ХҚТУ-нің филология факультетіне оқуға түсіп , оны 1996 жылы үздік дипломмен бітірген . 1996-98 жылдар аралығында Шымкент қаласында №47 Г. Тәжібаев атындағы мектепте мұғалім болып істеген. Қазір- Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті филология факультетінің аға оқытушысы.

Ж.Ш.Шалабаева - өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Оқытушылардың ғылыми жұмыстарына белсене қатысады. Әріптестері мен студенттер ұжымының арасында беделді.

Мінездеме аспирантураға түсу үшін берілді.

Мекеме басшысы

Айы, күні, жылы қолы.

Мінездемелердегі міндетті деректемелерді шартты түрде мынандай бөлімдерге бөліп қарастыруға болады.

  1. Кіріспе бөлім- анкеталық мәліметтер /аты-жөні, туған жылы, ұлты, азаматтығы/

  2. Негізгі бөлім – оқыған оқу орындары мен мерзімі жұмыс істеген жылдары , қоғамдық істерге белсенділігі, ортасы мен қарым қатынасы туралы мәліметтер.

  3. Қорытынды бөлімде- тұжырымдама және және мінездеменің берілу мақсаты жазылады.

Сөздік.

Мінездеме - характеристика

Ұлт - национальность

Лауазым, қызмет - должность

Азамат - гражданин

Білім - образование

Жоғары білім - высшее образование

Орта білім - среднее образование

Мемлекет басшысының атауындағы сөздер.

Мемлекет басшысының атауындағы барлық сөздер және оның барлық шешімдері бас әріппен жазылады.

Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығы

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ұлттық кеңестің атауларындағы бірінші сөздер мен жалқы есімдер бас әріппен жазылады.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңес.

Тапсырма 5. Сіз өз курстас жолдасыңызға мінездеме жазыңыз.

ОБСӨЖ:

    1. Өмірбаян жазғанда қолданылатын тыныс белгілер.

    2. Өмірбаян мен мінездеменің айырмашылығы.

СӨЖ: 1. Өмірбаян үлгісін жазу

2. Мінездеме үлгісін жазу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]