
- •Сабақ: № 1
- •Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.
- •Сабақ: № 2 Арыз. Фамилиялар мен есімдердің жазылуы.
- •Сабақ: № 3
- •Өмірбаян
- •Мінездеме.
- •Сабақ: № 4
- •Сабақ: № 5
- •Сабақ № 6
- •Хаттама
- •Қосарланған тыныс белгілердің қолданылуы
- •Сабақ № 7
- •1. Грамматикалық материалдарды енгізу.
- •4. Активті, интерактивті әдістерді қолдану.
- •Жеделхат (Телеграмма)
- •Сандардың жазылуы
- •Сабақ №8
- •2.Өтілген материалдарды бекіту.
- •Баяндау хаттар.
- •Қазақ тіліндегі қосымшалардың қолданылуы.
- •Сабақ № 9
- •2. Өтілген материалдарды бекіту
- •Сөздерді тасмалдау ережелері
- •Сабақ №10
- •Сабақ №11 Кепілхат. Қазақ тіліндегі қосымшалардың қолданылуы.
- •Қазақ тіліндегі қосымшалардың қолданылуы.
- •Сабақ №12 Қызметтік хаттар
- •Сабақ № 13
- •1.Грамматикалық материалдарды енгізу.
- •4.Активті, интерактивті әдістерді қолдану.
- •Рим цифрларының жазылуы
- •Сабақ №14
- •Сабақ №15 Жарғы. Жарлық.
Өмірбаян
Өмірбаян- жеке адамның өмірінен мәлімет берілетін іс қағазының түрі
Өмірбаян үш түрде жазылады.
Біріншісіі адамның өз өмірі мен қызметі туралы өзінің баяндауы. Мұндай
өмірбаян ресми түрде жазылады, көлемі шағын келеді.
Екіншісі мемуарлар- адамның өз өміріне адамның сол кездегі қоғам өмірінен байланыстыра баяндайтын естеліктер. Өмірбаянның бұл түрі – жазушылардың , қоғам қайраткерлерінің еңбектерінде кездеседі.
Үшінші өмірбаян–белгілі қоғам қайраткерлерінің екінші бір қоғам қайраткеріне жазатын саяси –шығармашылық өмірбаяндар.
Тапсырма 1
Үлгімен танысыңыз
/ Оқуға түсу үшін /
Өмірбаян
Мен, Ерлан Арманұлы Болат 1974 жылы 14 қазанда Көкшетау облысы , Қызылту ауданында, Ұялы аулында қарапайым шаруа отбасында тудым.
1980 жылы Ұялы ауданында орта мектептің 1-сыныбына қабылданып,
1991 жылы жақсы үлгеріммен бітіріп шықтым. Мектепте оқып жүргенде қабырға газетінің редколлегия мүшесі болып , қоғамдық жұмыстарға белсене араластым.
Ата-анам бар: әкем Арман Болат – шопан, апам – Гүлім Бақытқызы- үй шаруасымен айналысады.
Қосымша мәліметтер: қазақ , орыс және ағылшын тілдерін білемін, Бос уақытымда спортпен шұғылданамын, сурет салумен айналысамын.
Мекнжайым: Көкшетау қаласы, Мәлік Ғабдуллин көшесі, 80 үй, 16-пәтер, сымтетік 32-45-61
/ 01, 04, 1991/ / қолы /
Өмірбаян жазғанда қойылатын міндетті деректемелер :
Құжат аты /өмірбаян/
Аты-жөні, туған жылы, айы, күні, туған жері, ұлты.
Оқыған оқу жылдары
Жұмыс атқарған жылдары, қызметі
Отбасы туралы мәліметтер
Мекен-жайы.
Тірек сөздер: Өмірбаян, мен, жыл, ауыл, аудан, тудым, мектеп, институт.
Тірек сөз тіркестер: Өмірбаян жазу, 1963 жылы, ауылда тудым, дүниеге келдім.
Есте сақтаңыз !
Реттік сан есімдер – ыншы, -ншы, -нші қосымшалар арқылы жасалады.
Реттік сан цифр арқылы жазылса, одан кейін дефис қойылады.
60-үй /алпысыншы үй/ 78-бөлме/жетпіс сегізінші бөлме / 5
Жыл, ай , күндерін көрсететін реттік сан есімдердің жазылуы төмендегідей
Тапсырма 2
Сан есімдерді сөзбен жазып, реттік сан есім
жасаңыз.
15, 25, 123, 145, 1935, 1945, 1956, 1998, 2000
Тапсырма 3 Етістіктерде жедел өткен шақ формасын жасап
сөйлем құраңыз .
Ту-, оқы-, түс-, бітір-, жұмыс істе-, ауыс-, орында-, меңгер-.
Тапсырма 4
«Өмірбаян» үлгісімен өмірбаяндарыңызды
жазыңыздар.