- •Сабақ: № 1
- •Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.
- •Сабақ: № 2 Арыз. Фамилиялар мен есімдердің жазылуы.
- •Сабақ: № 3
- •Өмірбаян
- •Мінездеме.
- •Сабақ: № 4
- •Сабақ: № 5
- •Сабақ № 6
- •Хаттама
- •Қосарланған тыныс белгілердің қолданылуы
- •Сабақ № 7
- •1. Грамматикалық материалдарды енгізу.
- •4. Активті, интерактивті әдістерді қолдану.
- •Жеделхат (Телеграмма)
- •Сандардың жазылуы
- •Сабақ №8
- •2.Өтілген материалдарды бекіту.
- •Баяндау хаттар.
- •Қазақ тіліндегі қосымшалардың қолданылуы.
- •Сабақ № 9
- •2. Өтілген материалдарды бекіту
- •Сөздерді тасмалдау ережелері
- •Сабақ №10
- •Сабақ №11 Кепілхат. Қазақ тіліндегі қосымшалардың қолданылуы.
- •Қазақ тіліндегі қосымшалардың қолданылуы.
- •Сабақ №12 Қызметтік хаттар
- •Сабақ № 13
- •1.Грамматикалық материалдарды енгізу.
- •4.Активті, интерактивті әдістерді қолдану.
- •Рим цифрларының жазылуы
- •Сабақ №14
- •Сабақ №15 Жарғы. Жарлық.
Сабақ: № 2 Арыз. Фамилиялар мен есімдердің жазылуы.
Арыз, оның түрлерімен танысу. Студенттерге арыздың үлгісімен таныстырып,
оны қазақ тілімен байланыстыра отырып, құжатты қазақ тілінде дұрыс толтыруға үйрету.
Қазіргі өмірде жиі кездесетін құжаттармен таныстыру. Құжат жазудың мақсаты мен міндетінің қолданылу аясының үлгілерімен таныстыру.
Жұмыс жоспары
Жаңа тақырыпты енгізу.
Өтілген тақырыптарды бекіту.
Өтілген материалдардың меңгерілуін бақылау, тапсырмалын орындау.
Активті , интерактивті әдістерге орындалатын материалдар.
Сөздік
өтініш - заявление
арыз -заявление
сұраймын, өтінемін - прошу.
қабылдауыңызды - принять.
қызметіне - на должност
ауысуыма байланысты - в связи с переходом
Арыз
Жеке азаматтардың заң арқылы қорғалатын құқықтарының бұ зылуы кезінде мекеме басшыларына шағым, сұрау жөнінде жазылатын іс қағаздарының бір түрі – арыз. Өтінішке қарағанда арыздың мазмұны кең, көлемді. Арыздың мақсаты –адамның ойын, қалауын қағазға түсіріп, оны іске асыру.
Арыз жазылатын негізгі жағдайлар мынандай:
Жарықтың себепсіз берілмеуі туралы;
Стипендяиының кешіктіріліп, берілмеуі ткуралы;
Шымкент қаласының әкімі
Т.Баймағамбетұлына
Шымкент қаласы, Сайрам
Шағын ауданы, 17 үй, 46-пәтерде
тұратын Қуанышбаевтван
Арыз.
Мен тұратын Сайрам шағын ауданындағы 17-уй 2000 жылдың 15 қыркүйегінен бастап жарықсыз отыр. Үй тұрғындарының жарыққа төлемін тексеру барысында ешқандай қарыздары жоқ екендігі анықталды. Соған қарамастан әлі күнге дейін жарық берілген жоқ. Себебі түсініксіз.
2000 жыл, 10 қазан қолы
Фамилиялар мен есімдердің жазылуы
Қосарланған фамилиялар мен бүркеншік аттардың әр сөзі бас әріппен және дефис арқылы жазылады. Мысалы: Римский- Корсаков, Новиков-Прибой т.б
Қазақ тілінде барлық фамилиялар септеледі. Араб, түрік және басқа шығыс фамилиялары «Ибн» шылауы әкесінің атын білдіреді және бас әріппен жазылады. Туыстық қатынастар әлеуметтік жағдайларды білдіретін түрік және араб халқы есімдерінің «оғлы, заде, бей, паша, әл, бек, шах» бөліктері кіші әріппен дефис арқылы жазылады. Қазақ фамилиялары әкесінің атын білдіретін «ұлы» сөзі бірге жазылады. Мысалы: Бауыржан Момышұлы.
Тапсырма 1 Фамилиялардың қолданылуын жазыңыз.
Тапсырма 2 Етістіктерде жедел өткен шақ формасын жасап сөйлем құраңыз . Ту-, оқы-, түс-, бітір-, жұмыс істе-, ауыс-, орында-, меңгер-.
Сабақ: № 3
Сабақтың тақырыбы: Өмірбаян. Мінездеме. Мемлекет басшыларының атауындағы сөздердің жазылуы.
Мақсаты: Студенттерді қазақ тілінде құжаттарды сауатты толтыруға, сөйлемдерді дұрыс құра білуге, ойларын дұрыс түйіндеуге оқыту.
Жұмыс жоспары:
1.Грамматикалық материалдарды енгізу.
2.Өтілген материалдарды дұрыс меңгеруін бақылау, тапсырмаларды орындату.
3.Өтілген материалдарды бекіту.
4.Активті, интерактивті әдістерді қолдану.
Сөздік.
Өмірбаян - автобиография
Ұлт - национальность
Білім - образование
Ата-ана - родители
Дәрігер - врач
Отбасы -семья
Мамандық - прфессия
Орта мектеп - средняя школа
Жоғары білім - высшее образование
Мұғалім - учитель
Үйленбегенмін - не женат
