Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сабақ1-15.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
368.13 Кб
Скачать

Рим цифрларының жазылуы

Рим цифрлары ондық разрядты білдіретін төрт белгіден (І – бір, Х – он, С – жүз бен М – мың) және олардың жартысын білдіретін үш белгіден (Ү – бес, L – елу мен D – бес жүз) тұрады.

Қ/с

Рим цифры

Араб цифры

1

I

1

2

II

2

3

III

3

4

IV

4

5

V

5

6

VI

6

7

VII

7

8

VIII

8

9

IX

9

10

X

10

11

XI

11

12

XII

12

13

XIII

13

14

XIV

14

15

XV

15

16

XVI

16

17

XVII

17

18

XVIII

18

19

XIX

19

20

XX

20

21

XXI

21

22

XXII

22

23

XXIII

23

24

XXIV

24

25

XXV

25

26

XXL

26

27

XLV

27

28

XLIV

28

29

L

29

30

LV

30

Рим цифрларының үстіне қойылған сызықша ол санның мәнін мың есе көбейтеді.

Сабақ №14

Заң. Қаулы. Мемлекеттік рәсімдердің жазылуы. Сөздерді тасымалдау ережелері.

Заң-Қазақстан Республикасының жоғарғы кеңесі қабылдаған мемлекеттік құжат.Тәуелсіз мемлекеттердің ең негізгі заңы Конституция болып табылады.Басқа да заңдар осыған негізделіп жасалады.Онда көрсетілген заңдардың орындалуын құқықтық- әкімшілік ұйымдары қадағалайды.Тірек сөздер мен сөзтіркестері: Заң,заңды тұлға, құқық, жеке тұлға,құқықтық актілер,өкілеттілігі, Конституциялық заңдар,құқықтық база, заңды мүдде, еңбек тәртібі, әдеп нормалары.

Осы заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы аядағы мемлекеттік саясатының негізгі принциптерін белгілейді және Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге бағытталған.

  1. тарау

Жалпы ережелер

1-бап. Осы заңда пайдаланатын негізгі ұғымдар.

Осы заңда мынандай негізгі ұғымдарды пайдаланады:

  1. адьюнктура- әскери оқу орындары біліктілігі жоғары ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны;

  2. академия- жоғары кәсіптік білім мен жоғары оқу орнынан кейін кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, өндірістік ғылыми-педагогикалық қызметтің белгілі бір саласы үшін жоғары кәсіптік білімі бар мамандар даярлауды, қайта даярлауды, қайта даярлауды немесе мәдениеттің көбінесе бір саласында ғылыми зерттеулерді орындайтын жоғары оқу орны;

  3. аспирантура, докторантура- оқу орындары мен ғылыми-мекемелерде біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми –педагог кадрлар даярлау нысаны;

  4. білім беру ұйымдарын аттестаттау – тиісті білім беру деңгейінде олар көрсететін білім беру қызметінің мемлекеттік жалпы міндетті стандарт талаптарына сәйкестік бақылау мақсатымен жүргізілетін рәсі;

  5. бакалавр, магистр – жоғары кәсіптік білімнің тиісті білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже мен біліктілік;

  6. гимназия - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдеп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы, орта білім беретін оқу орны;

  7. мемлекеттік білім беру тапсырмасы – мемлекеттік бюджет есебімен қаржыландыру; кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орындарынан кейін кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру қызметін сатып алу; конкурстық негізде мемлекеттік білім беру гранттары мен кредиттерін беру арқылы іске асыратын, тиісті мемлекеттік органдар белгілейтін білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау жоспары;

  8. резидентура – жоғары оқу орнынан кейін тереңдетілген медициналық білім алу нысаны;

  9. мамандық – білім туралы тиісті құжаттармен расталған белгілі бір қызмет түрі үшін қажетті, мақсатқа сай қажетті, мақсатқа сай даярлау және жұмыс тәжірибесі арқылы алынған білім, шеберлік және дағдылар кешені;

  10. степендия – білім алушыларға олардың тамағына, тұруына және оқу әдебиетін сатып алуына жұмсалатын шығындарды ішінара өтеу үшін берілетін ақша сомасы;

  11. студенттік кредит- білім алушыларға тамағына, тұруына және оқу әдебиетін сатып алуына жұмсалатын шығындарды ішінара өтуге берілетін нысаналы кредит;

  12. университет – мамандықтардың кең ауқымы бойынша жоғары кәсіптік және жоғары орнынан кейінгі кәсіптік білімі бар мамандарды, ғылыми және ғылыми-педагог қызметкерлері қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруға жүзеге асыратын; ілгері және қолданбалы ғылыми – зерттеулер жүргізетін; өзінің қызмет саласында жетекші ғылыми әдістемелік орталық болып табылатын көп салалы жоғары оқу орны.

Тірек сөздер мен сөз тіркестер.

Заң, заңды тұлға, құқық, жеке тұлға, құқықтық актілер, өкілеттілігі, конституциялық заңдар, құқықтық база, заңды мүдде, еңбек тәртібі, әдеп нормалары.

НЕГІЗГІ СӨЗДІК

Заң - закон

Осы заң - настоящий закон

Негізгі ұғымдар - основные понятия

«Білім туралы» - «Об образовании»

Жеке тұлға - личность

Құқықтық актілер - правовые акты

Заңның әрбір бабы бойынша жұмыс істеңіздер. әрбір бапты бір – бірімен салыстырып көрсетіңіз.

Қаулы.

Қаулы – жоғарғы мемлекеттік басқару органдары, құрамындағы комитеттер мен комиссиялар шығаратын құжат. Қаулы – ұйымдық түрдегі және басқа органдар орындауға арналған қаулы болып ажыратылады. Қаулы жобасын заң кеңесшісі әзірлейді. Қаулы А4 формат бланкісінде басылады.

Мемлекеттік рәсімдердің жазылуы.

«Мемлекеттік» сөзі мына атауларда бас әріппен жазылады:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны

Мына жағдайларда кіші әріппен жазылады:

мемлекеттік жоспар

мемлекеттік комиссия

Мемлекет басшысының атауындағы барлық сөздер және оның шешімдері бас әріппен жазылады

Қазақстан Республикасы Президенті

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық кеңестің атауларындаҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық кеңестің атауларындағы бірінші сөздер мен жалқы есімдер бас әріппен жазылады

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңес.

Сөздерді тасымалдау ережелері.

Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Қазақ тілінде тасымалдауға болмайтын сөздер бар.

1.Қысқарған сөздерді бөліп, тасымалдауға болмайды: АЭС, Ту-134, Ил-18Д, ОҚМУ, ҚазҰУ.

2.Азия, арам, кейс сынды сынды сөздер тасымалданбайды.

3.Өлшем бірліктерін цифрлардан бөліп тасымалдауға болмайды: 1986 ж, 25 кг, 85 тк.м.

4.Қалыптасқан қысқартулар тасымалданбайды: т.б. с.с., т.т.

  1. жаттығу. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

          1. оқу орындары мен ғылыми мекемелерде біліктілікті жоғары ғылыми- педагог кадрлар даярлайтын нысан қалай аталады?

          2. Степендия кімдерге беріледі және не үшін?

          3. Академия қандай оқу орны?

          4. Резидентура деген не?

2-жаттығу. Жақша ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерін қазақшаға аударып, көшіріп жазыңыз.

1. (В настоящем законе) мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады.

2. Адьюнктура - әскери оқу орындарында біліктілікті жоғарғы (научно- педагогических кадров) даярлау нысаны.

3. Аспирантура, докторантура- (в учебных заведениях и научных учверждениях) біліктілікті жоғарғығылыми және ғылыми- педагог кадрлар даярлау нысаны;

4. Бакалавр, магистр-(высшего, профессионального образования) тиісті білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже мен біліктілік

3-жаттығу. Төмендегі берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

1. Институт-высшее учебное заведение, реализующее образовательные программы высшего профессионального образования и осуществляющее научные исследования прикладного характера;

2. Интернатура- форма одногодичной подготовки студентов медицинских высшых учебных заведений по конкретной спезациализации.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]