
- •Сабақ: № 1
- •Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.
- •Сабақ: № 2 Арыз. Фамилиялар мен есімдердің жазылуы.
- •Сабақ: № 3
- •Өмірбаян
- •Мінездеме.
- •Сабақ: № 4
- •Сабақ: № 5
- •Сабақ № 6
- •Хаттама
- •Қосарланған тыныс белгілердің қолданылуы
- •Сабақ № 7
- •1. Грамматикалық материалдарды енгізу.
- •4. Активті, интерактивті әдістерді қолдану.
- •Жеделхат (Телеграмма)
- •Сандардың жазылуы
- •Сабақ №8
- •2.Өтілген материалдарды бекіту.
- •Баяндау хаттар.
- •Қазақ тіліндегі қосымшалардың қолданылуы.
- •Сабақ № 9
- •2. Өтілген материалдарды бекіту
- •Сөздерді тасмалдау ережелері
- •Сабақ №10
- •Сабақ №11 Кепілхат. Қазақ тіліндегі қосымшалардың қолданылуы.
- •Қазақ тіліндегі қосымшалардың қолданылуы.
- •Сабақ №12 Қызметтік хаттар
- •Сабақ № 13
- •1.Грамматикалық материалдарды енгізу.
- •4.Активті, интерактивті әдістерді қолдану.
- •Рим цифрларының жазылуы
- •Сабақ №14
- •Сабақ №15 Жарғы. Жарлық.
Сабақ №11 Кепілхат. Қазақ тіліндегі қосымшалардың қолданылуы.
Белгілі бір құндылықтардың (мүлік, зат, ақша, құжат) алынғандығын куәландырып, мерзімінде орындалатындығына кепілдік беретін ресми құжат түрін – кепілхат дейміз.
Кепілхат қалыптасқан қағаздарда шеттік қалдырылып, қолмен жазылады.
Егер кепілдік ақша төлеу немесе ақша алу мәселесі бойынша болса, азаматтың мекен-жайы жазылған деректемелерден кейін жеке куәлігінің нөмірі жазылады. Кепілхат мазмұны қысқаша, түсінікті түрдле жазылуы тиіс.
Кепілхат мынандай жағдайларда жазылады:
Қарызға ақша алғанда;
Мысалы:
Кепілхат
____________________________________________________________________
( кепілхат берілген орын және дата толық жазылады)
Мен, Кәдірхан Дәулет Женісбекұлы, мекен-жайым, Шымкент қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 31 үй , 4 пәтер жеке басының кәулігі № 154789358, Қазақстан Республикасының ІІМ берген, Кентау қаласы, Төле би көшесі, 15 үй, 4 пәтерде тұратын азамат Әшірова Мақпал Қуанышқызынан 200000 (екі жүз мың) алдым.
Өз міндеттерімді орындауға:
-келісімшартқа сәйкес ақша төлеп тұруға;
-алынған ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға;
-мекен-жайым өзгерген жағдайда бұл туралы үш күн мерзім ішінде хабарлауға кепілдік беремін;
Осы кепілхат үш дана етіп жасалған, бір данасы Шымкент қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, № 1 кеңседе тіркелген, екінші данасы азамат Әшірова Мақпалда, үшінші данасы Кәдірхан Дәулет Женісбекұлында сақталады.
Қазақ тіліндегі қосымшалардың қолданылуы.
Қазақ тілінде қосымшалар екі түрге бөлінеді. Жұрнақ және жалғау. Қазақ тілінде төрт жалғау бар: 1) Көптік, 2)септік, 3)тәуелдік, 4)жіктік жалғаулары. Жұрнақ өзі ішінен екі түрге бөлінеді. 1) Сөз түрлендіруші, 2) Сөз тудырушы. Қазақ тілінде сөзге қосымша жалғануының өз ережелері бар. 1. Егер сөз қатаңға бітсе, қосымша қатаңнан басталады. 2. Егер сөз ұяңға бітсе, қосымша ұяңнан, үндіден жалғанады. 3. Егер сөз үндіге бітсе, қосымша үндіден жалғанады.
Сабақ №12 Қызметтік хаттар
Қызметтік хаттарды безендірудің жалпы ережелері.
Құрылымы. Қызметтік хаттарды жазудың кең тараған үлгілері.
Әдетте хаттар баспада дайындалған арнайы бланкаларда жазылады. Бланк форматы-А4 210х297 мм.Кейде А3 және А5 форматтары (210х297 м және 210х135 мм) да қолданылады. А3 форматы қызметтік хаттарға үлкен көлемді қосымша немесе иллюстрация, таблица берілген жағдайда қолданылады.Бұл форматтың (А3) көлемі стандарт форматтан (А4) екі есе үлкен болады.
Ал А5 (жарты) А3 форматынан екі еседей кіші көлемде, бірінші кезекте жолдама хаттар жазу үшін, анықтама жазу үшін қолданылады.
Қыметтік хаттарды жазуда кең тараған формат түрі А4 болып қала береді. Төменде осы формат түріне жазылатын хат түріне тоқталамыз. Қазіргі кезде хаттарды машинкамен басудан гөрі, компьютерлік техника қолдану белең алды. Қызметтік хаттарды басып шығару технологиясы өзгергенмен, оларды жазу әдісі, безендірілуі, хат мазмұнын беру тәсілдері ондаған жылдар бойы қалыптасқан дәстүрінен көп өзгерген жоқ.Олардың негізгілеріне тоқталып өтейік:
Машинкада немесе компьютерде басып шығарылған хат тексі қолжазбадағы нұсқасымен дәл болуы керек. Басып шығарылғаннан кейінгі текст міндетті түрде қолжазбамен салыстырыла отырып тексеріліп, қателері жөнделеді.
Құжат қатесіз болуы керек. Тексеру барысында кездескен қаталерді коррекс-штрихпен түзеткеннен гөрі машинкамен қайта басқан немесе компьютерлік техника жетістігін пайдалана отырып қайта шығарып алған дұрыс.Өшіргіш, лезвие, коррекс-штрих тәсілдерімен түзету уақыт тығыз болған жағдайда ғана пайдаланылады.
Қызметтік хаттың стилі ресми әрі түсінікті болуы керек. Құжат дайындалып болып, оны қайталап оқып шығу барысында стилистикалық қателері жөнделіп, реакцияланады. Қайталаулар мен шұбалыңқы тіркестер алынып тасталады немесе керекті мәлімет қосылады. Реакциланған құжат басуға берместен бұрын тағы бір рет оқылады. Бәрінің анық, дәл, түсінікті берілгеніне көз жеткізілгеннен соң ғана басып, қол қоюға беріледі.
Текст оңай оқылатындай болуы үшін ол бояуы қанық, үлкендеу шрифтімен басылуы керек. Бөлімдердің арасындақалдырылатын бос орын аса қажет жағдайда: кіріспе, негізгі, қорытынды бөліктерді көрсету үшін т.б. аса керекті кезде ғана қалдырылуы керек. Мұндай бір қарағанда уақ-түйек көрінетін нәрселер хатты оқыған кезде оның мазмұнын тез әрі терең түсінуге көмектеседі.
Қызметтік хат жазғанда оның қағазына да көңіл бөлуі керек. Тап-таза, бүгілмеген, сызылмаған, аппақ қағазға жазылған хат, әрине сіз туралы жақсы әсер қалдырады. Сарғайып кеткен, я болмаса сұр түсті қағазға жазылған хат сіздің салақтығыңызды, сараңдығыңызды көрсетеді. Бетінде дақтары, қаламның, саусақтың іздері қалған қағазға жазылған хат та сіздің ұқыпсыздығыңыздан хабар берері анық.
Қызметтік хаттарға қол қою үшін шарикті қалам емес, сиялы қалам пайдалану керек. Әрине қаламыңыздың ұшы өткір, бояуы қанық болғаны дұрыс. Құжатқа қол қойған кезде сіздің фамилияңыздың алғашқы төрт әріпі анық көрініп тұруын да ескерген жөн.
Бланкіде көрсетілетін барлық қызметтік информация. Тіркеу номері, дата т.б. арнайы штамппен қойылуы немесе машинкамен басылуы керек. Бұлардың ешқайсысы болмаған жағдайда ғана қолмен жазылады.
Қызметтік хаттың құрылымы. Қызметтік хатты жазудың қалыптасқан тәртібі бар. Ол әркез сақталуы керек. Әдетте хат мынадай бөліктерден тұрады:
Тақырыбы
Датасы
Хат жолданып отырған мекеменің аты мен адресаттың аты-жөні.
Кіріспе сөз
Хаттың жалпы мазмұн, мақсатын көрсететін бөлік
Негізгі текст
Хатты аяқтай келе айтылатын сыпайыгершілік сақтау сөздері
Жіберушінің қолы
Қосымша (приложение) берілетін болса, оған сілтеме
Қосымша (приложение)
Құжатты дайындаушы, жіберуші туралы мәлімет
Ростскриптум (хаттың аяқ жағына қол қойғаннан кейін-«Р.S.» таңбаларын қойып тұрып, одан кейін жазылған сөздер)
Хат жазылатын қағаздың сол жақ шетінен кемінде 2см-дей орын қалдыру керек. Бірақ көп жағдайда 3-4 см қалдырылады. Себебі хат қандай қалың іске тігілсе де 3-4 см қалдырылған орын оны тігілген жерінен оңай тауып, қиындықсыз оқуға мүмкіншілік береді.
Хат қағаздың я бланкінің бір жақ бетіне ғана жазылады. Мүмкіндігінше хат мазмұнын бір бетке сыйдырған дұрыс. Егер хат бірнеше беттен тұратын болса, бет нөмірі қағаздың оң жақ жоғарғы бұрышына қойылады.
Енді жоғарыда айтылған хат бөліктерінің әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.
Тақырып. Еер хат фирмалық бланкке мес, таза қағазға жазылса жоғары жағына алдымен мекеменің толық аты, адресі, телефон номері жазылады. Қажет болған жағдайда мекеменің немен айналысатыны да көрсетіледі. Айтылған мәліметтер қазақ тілінде, қажет жағдайда қосымша орыс немесе ағылшын тілінде беріледі.
Егер мекеме мен адресат арасында хат жазысу үнемі болып тұратан болса, онда қағаз бетінің орташа тұсына келген хаттың нөмері мен датасына сілтеме жасауға болады. Мысалы: «Сізден 1999 жылы 16 желтоқсанда келіп түскен шығу нөмері 1007-хатқа орай».
Мерзімі. Хат жазылып отырған күн қағаздың оң жақ бұрышында көрсетіледі. Хат жазылған ай цифрмен емес жазбаша көрсетілгені дұрыс.Себебі цифрды тез шатастырып алуға болады, оның үстіне кейбір елдерде бірінші цифр жазылған күнді емес айды білдіреді.
Хатты алушы мекеменің аты мен мекенжайы.Тақырыптан кейін хат жолданып отырған мекеменің аты, келесі жолға адресаттың аты-жөні жазылады. Ер адамға аты-жөнінен кейін мырзаға, әйел адамға ханымға деп жазуға болады.
Адресат лауазымын көрсеткен жөн, бірақ міндетті емес.
Егер адресат лауазымы көрсетілетін болса, мырза, ханым сөздері жазылмайды.
Егер бір хат бірнеше адамға жіберілетін болса немесе көшірмесі басқа адамға жіберілетін болса, ол міндетті түрде бірінші экземплярда көрсетілуі керек. Хаттың көшірмесін жібермес бұрын оның көшірме екендігін ескерткен жөн. Сонда ол хатты алған адам басқа да мүдделі адамдардың бар екендігіне сенімді болады.Хат көшірмесінің кімдерге жіберілгенін атап көрсете отырып, олардың санының шектеулі екендігінен де дәл кімдерге жіберілгенінен де мағлұмат бере аласыз.
Кіріспе сөз.Ресми кіріспе сөздің қабылданған стандарт формалары бар. Егер сіз респондентпен бұрыннан өте жақын қарым-қатынаста болсаңыз ресми кіріспе сөзді біраз жұмсартып қолдануыңызға болады.
Кіріспе сөз мекеме, ұйымға да, ұйым басшысына жеке де қарата айтыла береді.
Хаттың жалпы мазмұн, мақсатына нұсқау. Көп жағдайда негізгі текстен бұрын хаттың жалпы мазмұн, мақсатын білдіру үшін қысқаша мәлімет жазылады. Бұл кіріспе сөзден кейін бір интервал жіберіп барып қағаздың оң жақ шетіне жеке жолға жазылады.
Негізгі текст. Қызметтік хаттардың түрлері өте көп, сондықтан оның жиі кездесетін түрлеріне келесі бөлімдерде арнайы тоқталамыз.
Хатты жазбас бұрын мына жағдайларды ескеру керек:
Хатты жазудағы мақсатыңызды тағы да еске түсіріңіз. Бұл мәселені хатсыз шеше алмайтындығыңызға тағы да көз жеткізіңіз. Тек осыдан кейін ғана хатты қандай мазмұнда жазуды ойластырыңыз, осылайша сіз қажетсіз хатты жазбайсыз, уақытыңызды да шығындамайсыз.
Хат тексін жазуға керекті материалдар, қаралып отырған мәселеге байланысты әдебиет я құжаттар, соңғы кезде ол мекемеден я адамнан келіп түскен хаттар, керек болған жағдайда орфографиялық сөздік.
Бұған арнайы уақыт бөліңіз.Хат дайындап отырған кезде сізді алаңдатпауын өтініңіз. Телефон, факсті уақытша ажыратып қойып, сізге келген хабарлар мен телефонға жауап беруді хатшыға я басқа қызметкерлерге тапсырыңыз.
Қажетті кеңсе заттарын немесе компьютерді жұмысқа дайындап қойыңыз. Хат дайындап отырған кезде кейбір ұсақ –түйекті іздеуге, кемшіліктерді түзетуге уақыт кетірмес үшін барлық қажетті заттарды алдын ала дайындап қойыңыз.
Егер хатқа қосымша дайындалатын болса оған да жеткілікті мән беріліп, уақыт бөлінуі керек.
Хатты қашан дайындап, бастырып, қай күні жіберу керектігін жауапты қызметкерге тапсырыңыз. Оның өз мерзімінде орындалуын қадағалаңыз.
Ресми хаттар.Белгілі бір ортаның атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелер жазбаша қарастырылады.Олар ресми түрде мекеменің атынан жазылады және қызметтен тыс мәселені қозғамайды.
Қызметтік жеке хаттар. Бұл хаттардың ерекшелігі айтылатын мәселе өрісінің кеңдігі және қызметтен тыс мәселелерге де арналатындығы.Дегенмен де қызметтен тыс мәсалалар, адамның өз қызметімен, ұйымның атқарылытын қызметімен тікелей байланыста болады.
Ұсыныс хаттар. Бұл хаттар бір мақсатта ғана жазылады: қызметтерді белгілі бір орынға, қызметке ұсыну жөнінде басшыға ұсыныс жасау.Хат ресми, өзіне тән құрылымы сақталып жазылады.
Сұраныс хаттары. Бұл хаттар да бір ғана мақсатпен жазылады: мекемеденкеректі ақпаратты немесе белгілі бір құжатты жіберуін сұрау.Сұраныс хатқа мекеменің жауапты адамы қол қояды.
Шағым хаттар. Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкерінің заңсыз іс -әрекетін көрсету, соған орай шара қолдануды сұрау мақсатында жазылады.Хат мазмұнының негізгі құндылығы онда көрсетілетін фактілерге байланысты.