Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сабақ1-15.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
368.13 Кб
Скачать

Сабақ № 9

Сабақтың тақырыбы: Келісімшарт. Шарт. Сөздерді тасымалдау ережелері.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге кеілісімшартты, шартты, баяндау хатты, визит карточкасын дұрыс толтыруға және орыс топтарына іс қағаздарын қазақ тілінде дұрыс жазуға үйрету.

Жұмыс жоспары

1. Жаңа сабақты енгізу

2. Өтілген материалдарды бекіту

3. Өтілген материалдардың меңігерілуін бақылау, тапсырмаларын орындау.

4. Активті, интерактивті әдістерге орындалатын материалдар

Келісімшарт

Жеке азаматтардың және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және тоқтатуды реттейтін, нотариалды түрде куәландырылатын ресми құжат – келісімшарт дейміз.

Келісімшарттың жазба түрінде жасалынатын мәтіннің мазмұны толық көрсетіледі, екі жақ (тараптар) немесе тараптардың өкілеттілігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді.

Келісімшарттың құрама бөліктері:

1. құжат аты;

2. мерзімі;

3. индексі;

4. толтырылған орны;

5. мәтіні;

6. екі жақтың қолдары;

7. мөр;

Келісімшарт әр жақта бір-бірден екі түпнұсқада жасалады.

Келісімшарт мынандай жағдайларда жазылады:

Нарықтық қатынастарға көшу, өмірге еңбек қатынасының жаңа түрін (еңбек келісімін) толтыруды талап етеді. Еңбек келімсімшартында зхаң алдында тең екі жақтың келісілген міндеттері мен құқықтары, жалдау ережелері және еңбек дауын шешудің тәртібі көрсетіледі. Кей кездерде мекемелерде арнаулық бір жұмыстарды атқаратын маман дар болмай қалады. Бұл істерді атқаруға белгілі уақытқа және арнай ақы төленетіндігін көрсетіп, сырттан мамандар тартылады. Сондай кезде еңбек шарты жасалады.

Ескерту: Келісімнің барлық даналары өкілетті адамдардың қолдарымен және шарт жасасып отырған ұйымдардың мөрлерімен бекітіледі.

Келісімнің әр данасының заңдық күші бірдей.

Келісімшарт

Ақбастау ауылы 14 шілде 1998 ж.

Біздер төменде келісімшарт жазушылар бір жағынан Аудандық Мемлекеттік техникалық байқау бөлімінің бастығы Қ.Бұқарбаев, екінші жағынан «Ақбастау» жекеменшік өндірістік кооператив төрағасы Н.Н.Сүгірбаев болып осы келісімшартқа тұрдық.

Екі жақтың міндеттер:

1. Аудандық Мемлекеттік техникалық байқау бөлімінің бастығы Қ.Бұқарбаев, өз тарапынан «Қостұра» ЖОҚ балансындағы техникаларды «Ақбастау» ЖОҚ балансына қию. Техникаларды байқаудан өткізу, қажетті құжатын толықтыру (техникалық паспорт, техникалық талон) мемлекеттік нөмірін алып беру жұмыстарын жүргізеді.

2. «Ақбастау» ЖОҚ өз тарапынан аудандық мемлекеттік техникалық байқау бөлімінің осы атқарған қызметтері үшін еңбек ақысына (бір)тонна бидай бағасы 5 теңгеден барлық сомасы 5000 (бес мың) теңге төлейді.

Келісімшарт үш дана болып жасалынды

Айдандық МТБ бөлімінің «Ақбастау» ЖОҚ

бастығы Қ.Бұқарбаев төрағасы Н.Сүгірбаев

3. Тұрмыстық қызмет көрсетуші ұйымдар (жылу беруші, сумен қамтамасыз етуші, газбен қамтамасыз етуші т.б.) мен жеке азаматтар арасында келісімшарт жасалады.

Сөздік

Келісімшарт, шарт -договор

Қол қоюшылар - подписавшиеся

Төменде қол қоюшылар - ниже подписавшиеся

Маған тиесілі - принадлежащий мне

Осы шарт - ностоящий договор

Тараптардың қолы - подписи сторон

Дауыстап оқылды - прочитано вслух

Тіркелді - зарегистрирован

Қол қойылды - подписано

Мекен-жайда тұратын - проживающий по адресу

Баяндау хат - докладная записка

Баяндау хат жазу - написать докладную записку

Мекеме - организация, учреждение

Кәсіпорын - предприятие

Қабылдау - принимать

Мәлімдеу - заявить

Мәлімет - данные сведения

Жіберу - направить, отправлять

Қиындық - трудность

Жас маман - молодой специалист

Көмек - помощь

Хатшы - секретарь

Шарт

Бір мекеме мен мекеменің арасында, мемлекет арасында өзара экономикалық, әлеуметтік, мәдени қарым-қатынастар жасап, оны реттеп отыру мақсатында шарт жасалады.

Тірек сөздер:

Мекеме, келісім, мемлекеттік, консульдық, уағдаластық, анықтама, ереже, жалпы, қызмет, экономикалық, достық, құқықтық, сауда, бекіту, шарт, тиісті, қабылдау, нарықтық

Тірек сөз тіркестері:

Консульдық мекеме, жалпы ережелер, мемлекет арасында, қорытынды ережелер, шарт бекітілуге тиіс, шарттың түрі, айқын көрсетеді, міндеттерді қабылдайды, тапсырыс беруші, мыналарға міндеттенеді, күшіне ену, күшінен айыру, жазбаша түрде, екі дана етіп жасалған, әр қайсысы күші бірдей т.б .

Білуіңіз керек:

Шарттардағы, конференциялардағы, келісімдердегі ха лықаралық терминдер құрайтын барлық сөз бас әріппен жазылады.

Есте сақтаңыз.

Келісім, құптау қалай білдіреді?

Сіздің жобаңыздай шарттармен келісеміз.

Жалпы алғанда сіздің ұсынысыңыз қабылданды.

Бізге бұл қолайлы.

Бұл жақсы ой.

Келістік.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]