Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сабақ1-15.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
368.13 Кб
Скачать

Баяндау хаттар.

Баяндау хат – ұйым басшыларына қандай да бір мәселені жан-жақты қамтып баяндаған, қорытынды, ұсыныстар жасаған құжат.

Ұйымның өз ішіне арналған баяндау хаттармен қолмен жазылып, жазған адамның қолы қойылады. Мерзімі көрсетіледі. Сонымен қатар, мекеменің атауы, құрылымдық бөлімшенің атауы, құжат аты, жазылған орны,мәтін тақырыбы, кімге арналғаны көрсетіледі.

Баяндау хат- жазылып отырған мекеме немесе жоғарғы ұйымдардың басшыларына қандай да бір мәселені жан-жақты айтып, ұсыныс жасайтын, өтініш ететін іс қағаздың түрі.

Баяндау хат ұйымының өз ішінен жазылса баяндаушының өз қолымен ақ қағазға жазылып, қол қояды, күні, айы көрсетіледі.

Егер баяндау хат сыртқы, басқа жоғарғы ұйымдар мен мекемелерге жазылса, онда ол арнаулы қағазға машинкада теріліп, мекеме басшысының қолы қойылып, күні, айы, нөмірі, тақырыбы көрсетіліп жіберіледі.

Сонымен бірге баяндау хат еңбек тәртібінің бұзылуына байланысты, яғни келісім шартын дұрыс орындалмауы немесе басқа осы сияқты келісілген мәселелердің бұрмалаған кезінде де жазылады.

Баяндау хат мынадай жағдайларда жазылады.

1. Келісім шарттың дұрыс орындалуы;

2. Оқушылар қабылдау жоспарының орындалуы ;

Баяндау хат жазғанда мыналар қамтылады:

1. Мекеменің атауы, құрылымдық бөлімнің атауы, кімге арналғаны туралы мәлімет.

2. Құжат аты.

3. Жазылған орны.

4. Мәтін.

5. Басшының қолы.

Тірек сөздер. Баяндау хат, орындалу, Қазақстан, министрлігі, басқармасы, қабылдау, мәлімдеу, жүргізу, жұмыстар, мүмкіндік, ынталандыру, жіберу, оқу.

Тірек сөз тіркестері. Баяндау хат жазу, баяндау хат тапсыру, орындалуын мәлімдеу, арнайы жіберу, оқушылар қабылдау, белсенділік таныту, ынталандыру мүмкіндіктері, көмегіңізді сұраймын, жас маман.

Есте сақтаңыз:

Жіктік жалғауы жалғанған сөз сөйлемдер баяндауыш қызметін атқарып, сөйлемнің аяғында тұрады. Олар есімдерге де, етістіктерге де жалғанады.

Мысалы: Мен мәлімдеймін, сұраймын.

Сен мәлімдейсің, сұрайсың.

Сіз мәлімдейсіз, сұрайсыз.

Олар мәлімдейді, сұрайды.

Үлгі:

Баяндау хат

Алматы

Оқушылар қабылдау жоспарының оорындалуы туралы.

Сізге Қазақстан Республикасы Білім беру министрлігінің кәсіптік білім беру бас басқармасы бекіткен 2003-3004 оқу жылына оқушылар қабылдау жоспарының орындалғанын мәлімдеймін.

Орта білім топтарында оқыту үшін сіз класты бітірген 367 оқушы және толық орта білімді 90 өқушы қабылданды.

Алматы қаласының Фрунзе ауданындағы мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуде өндірістік оқу шеберлері О.Мұқағалиев, Ш.Бақтанов, К. Бейсенебаев белсенділік танытты.

Аталған өндірістік оқу шберлерін атқарған жұмыстары үшін ынталандыру мүмкіндіктерін қарастыруыңызды сұраймынү

Училище ректоры

І. Қырықбаев ____________________________

Қазақ тіліндегі қосымшалардың қолданылуы.

Қазақ тілінде қосымшалар екі түрге бөлінеді. Жұрнақ және жалғау. Қазақ тілінде төрт жалғау бар: 1) Көптік, 2)септік, 3)тәуелдік, 4)жіктік жалғаулары. Жұрнақ өзі ішінен екі түрге бөлінеді. 1) Сөз түрлендіруші, 2) Сөз тудырушы. Қазақ тілінде сөзге қосымша жалғануының өз ережелері бар. 1. Егер сөз қатаңға бітсе, қосымша қатаңнан басталады. 2. Егер сөз ұяңға бітсе, қосымша ұяңнан, үндіден жалғанады. 3. Егер сөз үндіге бітсе, қосымша үндіден жалғанады.

Тапсырма 1. Мәтінінен жіктік жалғаулы сөздерді тауып, қай жақта тұрғанын ажыратыңыз.

Сізге 1996-1997 оқу жылына оқушылар қабылдау жоспарының орындалғанын мәлімдеймін.

Мені 1999 ждылдың 10 шілдесінен бастап оқытушы қызметіне қабылдауыңызды сұраймын.

Сізден университеттің жатақханасынан бір бөлмелі пәтер беруіңізді өтінемін.

Тапсырма 2. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қазақша жазыңыз.

Довожу до Вашего сведения, учебный год, средним образованием, Прошу рассмореть, директор.