Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сабақ1-15.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
368.13 Кб
Скачать

Сабақ №8

Сабақтың тақырыбы: Сенім хат. Алғысхат. Қазақ тіліндегі қосымшалардың қолданылуы

Сабақтың мақсаты: Студенттер сенім хатты дұрыс жазуға және осы құжаттағы жалқы есімнің қолданылуын меңгеру. Қазақ тілінде дұрыс жазуға үйрету.

Жұмыс жоспары

1. Жаңа тақырыпты еңгізу.

2.Өтілген материалдарды бекіту.

3.Өтілген материалдардың меңгерілуін бақылау, тапсырмаларын орындау.

4.Активті, интерактивті әдістерге орындалатын метериалдар.

Сөздік

Азамат -гражданин

Сенмхат -доверенность

Тұратын -проживающий

Сенім білдіремін -доверяю

Менің атымнан - от моего имени

Өкілетті етемін - уполномочиваю

Қажетті құжаттар -необходимые документы

Менің орныма қол қою -расписаться за меня

Нотариалдық кеңес -нотариальная контора

Жеке тұлға -личность

Сенім білдіруші -доверитель

Анықталды -установлен

Әрекетке қабілет - дееспособность

Тізбе - реестр

Тіркелген - зарегистрировано

Мемлекеттік салым - государственная пошлина

Сенім хат – бір адамның не мекеменің атынан белгілі дәлелді себептерге байланысты өзі атқара алмайтындай жағдайда, екінші бір адамға тапсырманы орындай алу немесе бір затқа ие болу мүмкіндігінің бар екендігіне сенім берілетін іс-қағаз.

Сенімхаттар сатып алу , сату, басқару, уй ауыстыру, сыйлық алу, сыйға беру, автокөліктерді сату, ауыстыру, жалақы, зейнетақы, банктен ақша алу, сотқа құжаттарды қабылдау сияқты аса маңызды істерді жүргізуде беріледі.

Сенімхат мынадай жағдайларда жазылады:

1. Кеңсе заттарын алу туралы;

2. Стипендияны басқа адам алу туралы;

3. Кеден бөліміндегі заттарды алу туралы;

Айлық жалақысын алу туралы т.б.

Тірек сөздер:сенімхат, куґландыру, растау, білдіру, анықтау, пайдалану, сату, алу, тіркелу, тексеру, салық, құжат, јтініш, анықтама, јкілеттілік, зейнетақы, жалақы, банк, автомобиль.

Тірек сөз тіркестрі: жеке басының куґлігі, нотариалдық кеңсе, қол қою құқығы, сенім білдіруші, құқықтқ іс-әрекетке қабілеттілігі, кеден бөлімі, салық инспекциясы, жеке басы, менің атымнан, менің қатысуым, мұрагерлік құқық, алуға өкілетті т.б.

Кеңсе заттарын алу туралы сенімхат үлгісі

Сенімхат

Мен, Омарова Әсел Серікқызы М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің "Филология" факультетінің аға лаборанты Сапарова Жанар Сабрқызына деканатқа тиесілі кеңсе заттарын алуына сенемін.

7.09.04 қолы:

Сенімхаттың типтік үлсі мынадай:

1. Құжат атауы (название документа) Сенімхат.

2. Сенім –доверие атауы-название

хат-письмо құжат-документ

ІІ Мәтін (текст)

2. кім? кімге?нені? және қандай мерзімге сеніп тапсырды?

( кто? кому? что? и на какой срок доверил? )

3. Күні (число) Сенімхат берушінің

қолы.

(подпись)

Сенімхаттың мәтіні мынандай мәліметтерді қамтиды:

1. Сенімхат иесінің аты-жөні, қызметі, мекен-жайы:

  • Мен, Ш.Уәлиханв көшесі, 202-уй, 29 пәтерде тұратын Тастанов Еркін Жеңісбекұлы.

  1. 2. Сеніп тапсырған адамның аты-жөні, мекен -жайы:

Сайрам көшесі, 15-үй, 9-пәтерде тұратын Ахметов Медет Дарханұлын

  1. Нені?-что-2004 жылдың қыркүйек айының маған тиесілі стипендиямды.

  2. Қандай мерзімге? –на какой срок?

- Біржолға- (нам один раз)

5. Сенім білдіремін (алуына сенім білдіремін ) (доверяю)

  1. 6. Сенімхат әрекеттің мерзімі (күні, айы, жылы) –2004 жыл 2 қыркүйек.

7. Қолы -(подпись) Д.Ж. Сариев

Есте сақтаңыз: Жалқы есімдердің жеке басты куәландыратын құжаттарды көрсетілген нұсқасы жазылады.

Самат Байырбекұлы Әсел Қоспан

Сағынғали Сәбденұлы Ырысбай Сапарқызы

Орынкүл Сұлтанбаева Ербол Нартаев

Нұрхан Ақылбекбаласы Кенжебек Замантегі

Тапсырма 1. Өзінің атыңнан мына сенімхатты тапсыр.

Мен, .. Байназаров ержанға .. жылдың .. айындағы ..(.. ) теңге айлығымды алуына .. білдіремін.

Төлқұжат сериясы ................

...........айы ...........күні ...........жылы

........... ........... ...........фамилиясы, аты-жөні.

........... ...........растаймын

Мектеп директоры ...........қолы

Тапсырма 2. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңыз, толтырыңыз. Мұрагерлік істі жүргізу жөнінде.

1998 жылы 12 мамыр , Шымкен қаласы.

Мен, .. Саматов мәлік, төлқұжат ғ283977, .. Шымкен қаласы, А. Байтұрсынов көшесі 3-үй ,54 пәтер.

Шымкент ..........., Ғ. Иляев көшесі, 95 -үйде тұратын азамат Сақтаов Дәулеттің туған атам Әшіпелі Саматовтың қайтыс болғаннан кейін қалған .. (мүлік толық аталады ) менің мұрагерлік .. рәсімдеуіне сенім....

Керекті сөздер: мекен-жайы, құқығымды, білдіремін, мүлікке, азамат, қаласы.

Тапсырма 3. Қазақшаға аударыңыз.

Доверенность

Я, Марина Ивановна Сидорова доверяю Сайрановой Гульжан Сагитовне получить в Шымкентском Экономическом колледже мою заработную плату за сентябрь 2004 год.

02.09.04 подпись М.И. Сидорова

Тапсырма 4. Оқыңыз, жазыңыз

Мен Ахметов , азамат Жандосов Сәкенді

-маған келетін пошта хабарларын алуға;

- банкідегі есептерімді пайдалануға;

- барлық мекемелерде менің істерімді жүргізуіне;

-зейнетақыны алуға, барлдық сот мекемелерінде менің өкілім болуға;

-мен үшін қол қоюға;

- пәтерімді сатуға;

-пәтерімді жеке адамға жалға беруінге;

-өкілетті етемін;

Тапсырма 5.

-отдавать квартиру в залог

-получать причитающиеся мне имущество

-распоряжаться банковскими счетами и вкладами

- получать почтовую корреспонденцию

-продавать мою машину

-расписываться за меня

дарить квартиру

Тапсырма 6. «Келешек» бірлестігінің менеджері А.Өтегенұлының атына берілген сенімхатпен танысыңыз.

Мұрагерлік істі жүргізу жөніндегі

СЕНІМХАТ

1999 жылғы 18 маусым Қостанай қаласы

Мен, Азамат Өскенбайұлы Жәнібек (төлқұжат № 723997, мекен –жайым-Қостанай қаласы, А.Байтұрсынов көшесі, 72- үй, 5 пәтер), Қостанай қаласы, Ж.Аймауытов көшесі, 97 -үйде тұратын азамат Есенгелдіұлы Жомарттың жеке басының куәлігі № 85960071, туған атам Өскенбай Бақы тұлы қайтыс болғаннан кейін қалған мүлікке ________________ менің мұрагерлік құқығымды рәсімдеуіне сенім білдіремін.

Бұл үшін мен Азамат Есенгелдіұлы Жомартты

  • менің атымнан өтініш жазуға;

  • анықтама лар мен құжаттар алуға;

  • менің орныма қол қоюға;

  • мұрагерлік құқық туралы куәлікті алуына өкілетті етемін.

Сенімхат 1999 жылдың 18 қарашасына дейін берілген және алты ай өз күшінде.

1999 жылғы 18 маусым. Қолы:

Осы сенімхатты 1999 жылы 18 маусымда мен, Қалыбайқызы Айгүл, Қостанай қаласы, № 40 нотариалдық кеңсесінің нотариусы, куәландырамын . Сенім білдірушінің жеке басы анқыталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеті тексерілді.

Сенімхат мәтіні дауыстап оқылды, № 107 тізбеге тіркелген. Мемлекеттік салық алынды, 300 (үш жүз) теңге.

Нотариус

Мөрдің орны қолы

Тест

1. Арыз жазғанда соңына не қойылады?

а) қолы;

б) аты;

с) мекен-жайы;

д) үмысы;

2. Құжат жазғанда мерзімі қай жерге жазылады?

а) басына;

б) соңына; с) ортасына;

д) жазылмайды;

3. Географиялық атаулар сөйлем басында келсе, қалай жазылады?

а) бас әріппен;

б) кіші әріппен; с) жазылмайды;

д) екі рет жазылады;

4. Хабарлаыдыру не үшін керек?

а) хабарлау үшін;

б) сөз үшін;

с) мысал үшін;

д) керек емес;

5. Типттік құжаттың, дербес құжаттан айырмашылығы неде?

а) тек адамға қатысты;

б) ол көптеген мекеменің қызметінде кездеседі ;

с) ол құжат барлық мекемеге қатысты;

д) бірнеше адамға қатысты

6. Әр қүжатгың мазмүны түсінікті болуы үшін ең алдымен не болуы қажет?

а) басты ойы;

б) бұрыштама;

с) бас жағында түсініктемесі;

д) бас тақырыбы;

7. Қандай жағдайда акт жазылады?

а) белгілі бір себептермен ;

б) жүмыста жалақы берілмеген жағдайда; с) қылмыс істеген адам мойындаған жағдайда; д) қылмыстық жағдай болғанда;

8. Бұрыштама құжаттың қай жеріне жазылады?

а) іс қағаздарының бұрышына ;

б) акттың бүрышына; с) дербес қүжатқа;

д) анықтаманың бас жағына;

9. Мазмүны белгілі бір фактыны оқиғаны дөлелдейтін растайтын, сипаттайтын іс қағаздарының түрі

а) анықтама;

б) арыз; с) өтініш;

д) бұрыштама;

10.Қызметтік хаттың неше түрі бар? а) 4;

б) 2;

с) 5;

д) 6;

ОСӨЖ:

1. Сенімхат туралы түсінік

2. Құжаттарда кездесетін қосымшалар.

СӨЖ;

1. Сенімхаттың бірнеше үлгісін жасау, салыстыру.

2. Автокөлікті пайдалану туралы сенімхат