Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сабақ1-15.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
368.13 Кб
Скачать

Сабақ: № 1

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.

Іс қағаздар туралы ұғым.

Өтініш.

Мақсаты: Студенттерді қазақ тілінде құжаттарды сауатты толтыруға, сөйлемдерді дұрыс құра білуге, ойларын дұрыс түйіндіруге оқыту.

Жұмыс жоспары:

1.Грамматикалық материалдарды енгізу.

2.Өтілген материалдарды дұрыс меңгеруін бақылау, тапсырмаларды орындату.

3.Өтілген материалдарды бекіту.

4.Активті, интерактивті әдістерді қолдану.

Сөздік

Әдіс – метод

Әліппе – азбука

Бағдарлама – программа

Дәріс – лекция

Жарлық – распоряжение

Жарғы – устав

Құжат – документ

Мақсат – цель

Міндет – задача, обязанность

Қолтаңба – автограф, подпись

Заң – закон

Тіл – язык

Түпнұсқа – оригинал

ТМД – СНГ

Өркениет – цивилизация

Отбасы – семья

Нарықтық экономика – рыночная экономика

Сұхбат – интервью

Күнтізбе – календарь

Ұжым – коллектив

Ұғым – понятие

Өтем – компенсация

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.

Тіл – адам баласының ғана емес, ұлттық, халықтық, қоғамның болмысын көрсететін құбылыс. Адамзаттың құндылықтар қатарында тіл ғылымнан да, мәдениет пен өнерден де бұрын аталады. Ғылым да, мәдениет те, өнер де, материалдық игіліктер де, саясат та тілдің қатысуымен жасалады.

Еліміздегі тілдік ахуалға қатысты белсенді қозғалыс 1980 жылдардың аяғында яғни, 1990-шы жылдардың басында етек алды. 1989 жылы Қазақ ССР-нің Тіл туралы Заңы қабылданды. 1990 жылы Қазақ тілі және Қазақ ССР-індегі басқа да ұлт тілдерін дамытудың 2000 жылға дейінгі кезеңде арналған мемлекеттік бағдарламасы жасалды. 1993 және 1995 жылдары қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа конституциясындағы қазақ тілі мемлекеттік статусқа ие болды. Тіл заңын жүзеге асыру үшін 1989 жылы «Қазақ тілі» қоғамы, 1993 жылы Қазақстан үкіметі жанынан Тіл комитеті құрылды.

Тіл туралы Заңның, әсіресе қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесінің іс жүзінде көтерілуіне кедергі келтіретін қиындықтар аз емес. Сол себепті Тіл туралы Заңды күшіне келтіру туралы Қазақстан үкіметінің Мемлекеттік бағдарламасы толық орындалмай келеді. Республикадағы қалыптасқан қазіргі тілдік ахуал өзінің перспективалық моделінен әлі де алшақ тұр. Оның себебі: біріншіден, қазақ тілі мемлекеттік өмірдің барлық қоғамдық маңызды салаларында талап етілмей келеді, екіншіден, ұлтаралық қарым-қатынас тіліне де айнала алмай келеді, үшіншіден, мемлекеттік қызметкерлердің басым көпшілігі қазақ тілінде еркін сөйлеп, еркін жаза білмейді.

Қазақ тілі сыртқы қатынас, табиғи және техникалық ғылымдар, өнеркәсіп, өндіріс орындары, қарулы күштер, ғарышкерлік, медицина, фармацевтика т.б. осы сияқты салаларда қолданыс таппай келеді.

Іс қағаздарын дұрыс жүргізу, әр түрлі құжаттарды сауатты толтыру – ел мәдениетінің ғана өлшемі емес, жалпы өркениетті қоғамның жалпы деңгейінің көрсеткіші.

Ал ана тілінің көсегесін көгертуді көксеп, елінің егемендігі жолында алғашқы қадамдарын жасап отырған республикамыздың жағдайында бұл мәселенің мәні бұрынғы қай кездегіден де арта түсері айқын. Өйткені іс тұрғысындағы тіл тынысын түлетіп, оның қолдану аясын кеңейтуге, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қалтықсыз қызмет етуіне жарқын жол ашары сөзсіз. Мұның өзі тілді меңгеруге деген шынайы қажеттілікті де қамтамасыз етеді.

Іс қағаздары туралы ұғым.

Іс қағаздары туралы ұғымға тоқталатын болсақ, қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанды іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады. Құжаттар фактілерді, оқиғаларды қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады.

Іс қағаздары – басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдері, басқару істері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді. Іс қағаздарын жүргізу – басқару процесінің ажырамас бөлігінің бірі болып табылады. Мекемелер арасындағы ақпарат алмасу хат, жедел хат, телефон хат сияқты құжаттар арқылы іске асады. Үкіметтің басқару істері жарғы, қаулы, нұсқау, ереже, бұйрық сияқты құжаттар арқылы жүргізіледі. Іс қағаздарын жүргізу – мекеме жұмысының нақты құжаттармен, деректермен реттелген, дәйектелген жүйесі.

Құжаттау дегеніміз - кез-келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін құжаттарды жасау, толтыру. Бұған дейін құжаттармен жұмыста, мекеме ішінде дайындалған құжаттармен, сырттан келген құжаттармен, сондай--ақ оларды қабылдау, тіркеу, ол бойынша жұмыс істеу, орындалуын бақылау, құжаттарды қолдануға дайындау, архивке дайындау сияқты толып жатқан жұмыстар кіреді.

Адам өмірі де құжаттармен тікелей байланысты. Адам дүниеге келгенде оған алғашқы құжат – тууы туралы куәлік жазылады. 16 жасқа келгенде жеке басын растайтын құжат – жеке куәлік алады.

Мектепті бітіргендігі – орта білім туралы аттестатпен расталады. Жоғары оқу орнына түсу үшін түрлі үлгідегі іс қағаздарын жазады. Жоғары оқу орнын бітірген шақта диплом беріледі. Жұмысқа орналасу барысында да арыс, резюме, жеке іс парағы т.б. іс қағаздарын жазады. Ал еңбек жолын бастағандағы еңбек кітапшасына жазылады. Өмірдің түрлі жағдайында сенімхат, қолхат жазуға, еңбек келісімін жасауға, өмірбаян мен мінездеме жазуға, жеделхат, телефонхат, факс жіберуге тура келеді. Іс қағаздарын қазақша жүргізу – пән ретінде жоғары және орта дәрежелі арнаулы оқу орындарында оқытыла бастады.

Бұл пәннің міндеті: іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тілі ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру.

Іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін таныту.

Іс қағаздарын жүргізудің тарих, саясаттау, архив ісі, тіл білімі, педагогика сияқты ғылым салалары мен байланысын көрсету.

Мемлекетіміздің арқа сүйер болашақ маман иелерін іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім негіздерімен қаруландырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы ролінің күшеюіне олардың өз септігін тигізуін қамтамасыз ету.

Іс қағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, олардың безендірілуі, лексикасы сияқты ерекшеліктермен таныстыру.

Құжаттардың құрамы мен түрлері, олардың ерекшелігі, іс қағаздарының қоғамдағы және жеке адам өміріндегі алатын орны.

Құжат – фактілер мен оқиғалар, құбылыстардың объективті шындығын және адамның ойлау қызметі туралы хабарларды әр түрлі әдістермен арнайы материалға түсіру.

Құжаттар қызмет түрлері мен шығу төркініне, мәселелердің санына, қолдану мерзімі мен сақталуына, техникалық құрылуына қарай бөлінеді. Басқару қызметінде пайдаланылатын құжаттар қолжазба түрінде машинкада теріліп, баспаханалық әдіспен теріледі.

Құжаттар аталуы жағынан бінеше болып бөлінеді: анкеталар, нұсқаулар, ведомствалар, т.б. Құжаттар қойылған мәселе, берілген сұрақтар санына байланысты жай (бір сұрақтан тұратын), күрделі (бірнеше сұрақтардан тұратын) болып бөлінеді.

Міндет, белгілеу қойылу, оқуға – фактілерді, құбылыстарды тіркеу (акт, есеп, хаттама), хабарды бір жерге жеткізуді мақсат еткен (хат, ашық хат, жедел хат) түрінде беріледі.

Қызметтік құжаттар мекеме немесе сол мекеменің жауапты адамының атынан, ал дербес құжаттар жеке азаматтардың атынан (мыс: өтініш, арыз, шағым, өмірбаян) т.б. жазылады. Көптеген құжаттар қайталанбас мазмұнымен дербес болады. Оған: шешім, бұйрық, қаулы, хаттамалар жатады.

Бұлардың ерекшелігі, типтік құжаттар көптеген мекемелердің қызметінде кездеседі; мыс: жарғылар, заңдар, ережелер, т.б. Жай, күрделі құжаттардың ерекшелігін қойылған сұрақ санына қарай ажырата аламыз.

Іс қағаздары мекеме мен жеке адамдар арасында, мекемелердегі басқару функцияларын жүзеге асыру, мемелекет және сол қоғамдағы әр кезеңдегі істер, ерліктер, құбылыстарды, т.б. жазуда пайдаланылады. Іс қағазын жүргізудегі негізгі мақсат мекемелердің үзіліссіз, жемісті еңбек етуін қамтамасыз ету.

а ) Дербес құжаттар үлгісіне өз атыңыздан факультет деканының атына "Өтініш" жазыңыз (сабақтан босату мақсатында).

Тапсырма 1. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Тіл қатынас құралы деген сөзді қалай түсінесіздер?

  2. Еліміздегі тілдік ахуалға қатысты белсенді қозғалыс қай жылдары етек алды?

  3. Қазақ ССР-нің Тіл туралы заңы қашан қабылданды?

  4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статусқа ие болған жылын атаңыз?

  5. Іс қағаздарын дұрыс жүргізу, сауатты толтырудың біз үшін берер көрсеткіші?

Тапсырма 2. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Құжаттар фактілерді, оқиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады. Іс қағаздары басқару қызметіндегі негізгі бір сала.

Тапсырма 3. Мына сөздерді алфавиттік ретпен жазыңыздар.

Тіл, Заң, мемлекет, құжат, қоғам, статус, баспасөз, өмірбаян, арыз, өтініш, сенімхат, резюме, телефонхат, баяндама, жарғы, үндеу, әкімшілік, халық, мекеме, отбасы, зейнетақы, жәрдемақы, басқару саласы, сала, ақсақалдар кеңесі.

Өтініш

Жұмысқа қабылдау кезінде үміткер өтініш жазады, бұл оның ресми тілегі, әрі штатқа тіркеу үшін негіз болып табылады

Өтініш мәтінінде жұмысқа алу туралы тілегі баяндалады, мамандығы, кәсібі, квалификациасы мен өзі сұрап отырған қызмет түрі көрсетіледі.

Өтініш қолмен жазылады және төмендегідей деректемелерден тұрады:

қабылдаушы /кімге/, авторы, автордың мекен-жайы, құжатың түрі /өтініш/, мәтіні, өтініш иесінің қолы, жазылу мерзімі.

Өтініш- жазба түрде жазылатын ресми құжат.

Өтініш мазмұны қысқаша, түсінікті түрде жазылуы тиіс. Мысалы: «Сізден өтініп сұраймын», «алдын-ала рахмет айтамын» деген сияқты болып келеді. Өтініште әр жолдың ара қашықтығы сақталып жазылады.

Тапсырма 1. Төмендегі үлгіге ұқсастырып, өтініш жазыңыз.

Үлгімен танысыңыз.

Оңтүстік Қазақстан облысы

энергетика индустрия және

коммуналдық шаруашылығы

департаментінің бастығы

П. Ә Әбүбәкіровке

Асқар Керімұлы Сабыровтан

Мекен-жайы: 486050

Шымкент қаласы,

Қастеев көшесі, 12-үй,

25-пәтер

Өтініш

Мені, 2002 жылдың 1 - тамызынан бастап, бағдарламашы қызметіне қабылдауыңызды өтінемін.

30 шілде. 2002 ж. Қолы:

Өтініш жазғанда мыналар қамтылады:

  1. Кімге арнап , кім жазғаны

  2. Құжат тақырыбы

  3. Құжат мәтіні

  4. Берілген күні, айы, жылы

  5. Өтініш иесінің қолы.

Тірек сөздер: Директор, мырза, ханым, төраға, төрайым, мекенжай, қала, көше,пәтер, өтініш, бөлім.

Тірек сөз тіркестері: Басқа жұмысқа ауысу , отбасы жағдайына байланысты, кезектен тыс демалыс.

Қазақ тілінде қимылдың бағытын білдіретін сөздерге барыс септігінің жалғауы жалғанадә!ы. Өтініш жазғанда осы құжат бағытталып жазған қабылдаушының тегіне немесе мекеме, ұйым атауларының соңғы сөзіне , қарату формасындағы сөздерге /ханым, мырза/ барыс септігінің жалғауы жалғанады /-ға, -ге, -қа, -ке, -на, -не/.

Тапсырма 2

Төмендегі сөздерге барыс септігінің жалғауын жалғап, сөйлем құраңыз.

-ға, -ге, -қа, -ке, -на, -не.

Ханым..., мырза..., Айбергенов..., Алиқызы....,

Тапсырма 3

Барыс септігінде тұрған сөздерді теріп жаз.

Жұмысқа қабылдау, үйге қайту, қызметке ауысу, қағазға жазу, өтінішке жауап қайтару, өтінішке қосымша жазу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]