
Ситуациялық жағдай
Бұл жағдай торт пісіретін «Аяна» фабрикасында орын алған болатын. Онда жұмыс істейтін адамдар торт, татті нандар, әр түрлі тәтті печеньелер пісіретін де, олардың әрқайсысын таразыға салып өлшеп, қорапшаларына жазып, дүкендерге таратып шығатын.
«Дастан» дүкені «Аяна» фбрикасының торттарын, тәтті нандары мен печеньелерін алып, тұтынушыларға ұсынып отыратын нарықтың қайнар көзі еді.
Бір күні Қалима апа немересінің туған күніне торт алмақшы болып «Дастан» дүкеніне келеді. Ондағы сатушалыр Қалима апаны жылы шыраймен қарсы алып, қызмет жасауға дайын тұр. Қалима апа торттардын барлығына мұқият қарап, ең үлкен және ең әдемі тортты таңдап алады. Торттың салмағы қорапшаның сыртында 680 грамм , құны 2500 теңге деп жазылып қойыпты. Қалима апа торттың ақшасын төлейді, бірақ жай торттың салмағын тексеріп көрелік деп, сатушыға тортты таразылап көруін сұрайды. Сатушы электронды таразыны іске қосып, тортты таразының үстіне қояды. Таразының көрсеткіші торттың сыртында жазылып тұрған 680 грамды емес, 620,5 грамды көрсетті. Қалима апа таң қалып, бұндай әділетсіздіктің қалайша орын алғанын сатушыдан сұрайды. Сатушы бұл жерде оның ешқандай кінісінің жоқ екендігін және бұған кінәлі өнімді өндірген «Аяна» фабрикасы екендігін айтып ақталады. Қалима апа адамдарды қалайша алдауға болады деп қатты ренжиді және «Дастан» дүкеніне шағым түсіретінін айтады. Сатушы ападан кешірім сұрап,олардың еш кінәсі жоқ екенін айтып, алған тортының үстіне тағы бір үлкен торт қосып береді де, бұл жәйттің бұдан әрі қайталанбайтындығына және «Аяна» фабрикасына шағымданып,жағдайды түзететінін айтты.
Келесі күні сатушы «Аяна» фабрикасына шағымданады. Сот бұл істі қарап, «Аяна» фабрикасының айлакерлікпен халыққа қызмет еткендігін анықтайды. Сот үкімі «Аяна» фабриксының лицензиясынан айыратынын немесе 1,5 миллион теңге көлемінде айып салды.
«Аяна» фабрикасы 1,5 миллион теңге көлемінде айыппұл төледі және тағы да осындай жағдай қайталанатын болса, лицензиясынан қайтарымсыз айырылатындықтарын ескертіп айтты.
Қорытынды
Маркетинг теориясы экономикалық ғылым жүйесінің қалыптасуымен тығыз байланысты. Маркетингті тереңдетіп зерттеу тек нарық, айырбас, тауар, сұраныс, қажеттілік сияқты экономикалық категориялардың мәнін түсіну негізінде ғана болуы мүмкін. Бұл түсініктер маркетингтің прагматикалық теориясының даму негізі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
http://uvp-zko.kz/?id=413& интернет сайты
http://www.google.kz/search?q=%D1%85% интернет сайты