Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілінен билет сратары.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
47.53 Кб
Скачать

87. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.

XV-XVIII ғ.ғ. қазақтың дәстүрлі құқығында жазаның төмендегідей түрлері болды: 1) Өлім жазасы, 2) Дене және масқаралаушы жаза, 3) Құн, 4) Айтып, 5) Кінәліні жәбірленуші жаққа беру, 6) Елден қуу.

Өлім жазасы өте сирек қолданылған. Мұндай жазаға адам өлтірген немесе тұрмыстағы әйелді, айттырылған бойжеткенді зорлаған қылмыскерлерді ғана кескен. Жәбірленуші жақтың келісімі бойынша кейде өлім жазасы құнға алмастырылған.

Дене және масқаралаушы жазалар дінге қарсы келетін қылмыстар жасағанда (антты бұзғанда, құдайға тіл тигізгенде т.с.с.) және жеке адамға қарсы кейбір қылмыстарға қолданылған. Мысалы, дене жазасын ата-анасын құрметтемеген балаларға қолданған.

Айып көп жағдайда жеке адамға қарсы қылмыстар жасалғанда және мүліктік қылмыстар үшін тағайындалған. Айып тоғызбен төленетін. Айыптың төмендегідей түрлері бар: 1) Бас тоғызға түйе және тоғыз бас ірі қара енетін, 2) Орта (ат бастатқан), 3) Аяқ тоғыз (өгіз бастатқан), 4) Тоқал тоғыз, бұған тек қой ғана енеді, 5) Ат-шапан айып.

Ірі малды бағасы мөлшерлес заттармен, құлдармен алмастыруға болатын. Әдетте ірі малды ұрлаған үшін ұрланған малдың үстіне үш тоғыз айыппұл кесілген. Алайда, айыппұл көлемі қылмыстың ауырлығына қарай ауытқуы мүмкін еді.

88. Өзіңіздің студенттік өміріңіз жайлы әңгімелеңіз.

89. Адам құқықтарын қандай мекемелер қорғайды?

90. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.

Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар көп. Соның бірі – материалистік теория. Материалистік теория мемлекеттің пайда болуын алғашқы қауымдық қоғамның табиғи экономикалық даму нәтижесімен байланыстырады. Қоғамның экономикалық дамуы тек мемлекет пен құқықтың қалыптасуының материалдық жағын ғана қамтамасыз етпейді, сонымен қатар қоғамның әлеуметтік өзгерістерін анықтайды. Материалистік теория мемлекеттің пайда болуы туралы екі негізгі тәсіл қарастырады: марксистік (антогонистік (қарама-қарсы) таптардың дамуы) және экономикалық (өндіруші күштердің дамуы). Марксистік тәсілдің негізін салушылар неміс философтары Карл Маркс («Критика гегелевской философии права») және Фридрих Энгельс («Происхождение семьи, частной собственности и государства»), орыс саяхатшысы Владимир Ульянов («Государство и революция»). Олар мемлекеттің пайда болуында шешуші рольді таптар арасындағы антогонистік қайшылықтар атқарды деп көрсетеді. Мемлекет таптар арасындағы келіспеушіліктің нәтижесінде және экономикалық билеуші таптардың басқа таптарды басу құралы ретінде пайда болды. Экономикалық тәсіл мемлекеттің пайда болуын экономикалық қатынастардың (өндірістік қатынастар мен өндіруші күштер) дамуы нәтижесімен негіздейді. Бұл дегеніміз қоғамның күрделеніп, билікті жетілдіруін қамтамасыз етеді.