
- •21.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •24.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •27.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •30.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •33.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •36.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •39.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •42.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •45.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •48.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •51.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •54.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •57.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •60. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •63. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •66. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •69. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •72. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •75. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •78. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •81. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •84. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •87. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •90. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
78. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
Қазіргі кезде дүние жүзінде мамандықтар өте көп. Олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар. Кейбіреулері адамнан ақыл-ой қабілетін, теориялық білімді қажет етсе, екіншілері білік-дағдыларды, осы заманғы техниканы меңгеруді талап етеді. Алайда қандай мамандықтағы адамға болсын, адамдармен тіл табысу, яғни коммуникативтік құзірет те, тілдік құзірет те өте қажет. Себебі әр маман ең бірінші адамдармен сөйлеседі және тіл арқылы қарым-қатынас жасайды.
Жапондықтардың пікірі бойынша, дүние жүзіндегі ең беделді мамандықтар электроншы-бағдарламашы және заңгер болып есептеледі. Біздің мамандығымыз ондай болмаса да өз жұмысымызды мақтан етеміз. Қоғамымыздың қай саласында жұмыс істесек те, ең басты мақсат - халыққа, елге қызмет ету, оның шаруашылығын өркендету, республикамызды әлемге таныту. Ол үшін алған білімімізді үнемі дамытуға, шетел тілдерін еркін игеруге, қазіргі түрлі технологияны меңгеруге ұмтыламыз. Магистратураға да біз осы себеппен түстік.
Республикада жастардың зәру мамандықтарды игеруіне түрлі халықаралық бағдарламалар көп көмектеседі.
79. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мүмкіндіктері.
80. Адамның қандай борышы (парызы) Конституцияда жазылған?
81. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар көп. Соның бірі – қоғамдық келісім теориясы. Қоғамдық келісім теориясы мемлекет жаңадан қалыптасатын мемлекет пен әрбір қоғам мүшесінің (әрқайсысының) арасында жасалған қоғамдық келісімнің нәтижесінде пайда болды деп көрсетеді. Осы келісім негізінде адамдар өз құқықтарының бір бөлігін мемлекеттік билікке береді және оған бағынуға міндеттеме алады, ал мемлекет әр адамның құқығын қорғауға міндеттенеді. Егемендік – халықтікі, ал билеушілер – халықтың өкілдері, олар халық алдында есеп беруге міндетті. Егер билеуші өзінің міндеттерін орындамаса, оны ауыстыруға болады. Бұл теорияның негізін салушылар ретінде голландық ойшыл Гуго Гроцияны («О праве войны и мира»), ағылшын философтары Джон Локк («Два трактата о государственном правлении») және Томас Гобсті («Левиафан»), француз философы Шарль-Луи Монтескьені («О духе законов») және Жан-Жак Руссоны («Об общественном договоре») атауға болады.
Мемлекеттік пайда болуы туралы тағы бір теория – органикалық теория деп аталады. Органикалық теория мемлекет – табиғат дамуының жемісі деп көрсетеді. Мемлекет – бұл клеткалардан тұратын тірі организм сияқты, адамдардан тұратын қоғамдық организм. Мысалы, ағылшын философы Герберт Спенсер («Основание социологии») адамның миын үкіметпен, жүйке жүйесін байланыспен, қан айналымын көлікпен салыстырған.
82. Университетіміздің атақты ғалымдары туралы әңгімелеңіз.
83. Қоғам мүшелерінің міндеттері қалай реттеледі?
84. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
XV-XVIII ғ.ғ. қазақтың дәстүрлі құқығында жазаның төмендегідей түрлері болды: 1) Өлім жазасы, 2) Дене және масқарлаушы жаза, 3) Құн, 4) Айып, 5) Кінәліні жәбірленуші жаққа беру, 6) Елден қуу.
Соның бірі – кінәліні жәбірленуші жаққа беру. Кінәліні жәбірленуші жаққа беру кінәлінің ағайындары құнды немесе айыпты төлеуден бас тартқан жағдайда қолданылған. Бұл жағдайда жәбірленуші жақтың адамдары қылмыскерге айыппұлдың құның өтеткізуге, өз қалауларынша жазалауға немесе тіпті өлім жазасына кесуге дейін барған.
Қылмыскердің дүние-мүлкін тәркілеп, елден қуу – басқа дінді қабылдағанда, әдет – ғұрыпқа қарсы іс-әрекеттер жасалғанда кесілетін жазаның түрі. Мұндай жағдайда кінәлінің киімінің етегін кесіп, оған заң жүрмейді деп, елден қуып жіберген. Елден куылушының барлық әрекеті, тіпті адам өлтірсе де, заңмен қудаланбаған. Қазақ халқында адамның ойлануына, істеген жағымсыз әрекеттері үшін шын өкінуге әкеледі. Кінәлінің өз кінәсін мойындап, шын ниетпен кешірім өтінуі – оның дұрыс жолға түсуінің алғышарты. Халқымызда «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген аталы сөз бар. Бұл татулыққа, бірлікке шақыратын, кешірімді, қайырымды болуға үндейтін мақал. Демек, дана халқымыз кінәліні жазалаулы басты назарда ұстамаған, керісінше оны түзетуді, дұрыс жолға түсіруді мақсат еткен.
85. «Азамат» ұғымы.
86. Адамның негізгі құқықтары қайда көрсетілген?