- •21.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •24.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •27.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •30.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •33.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •36.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •39.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •42.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •45.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •48.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •51.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •54.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •57.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •60. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •63. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •66. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •69. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •72. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •75. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •78. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •81. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •84. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •87. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •90. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
60. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар өте көп. Соның бірі – патриархалдық теория. Патриархалдық теория Ежелгі Грецияда кең тараған. Ежелгі грек философы Аристотельдің («Политика») айтуы бойынша, мемлекет – бұл адамзат өмірінің табиғи формасы және адамның өзіне ұқсастармен қатынасы тек мемлекетте ғана мүмкін. Адам өзінің табиғатында бір-бірімен араласуға тырысады, оның нәтижесінде туыстық патриархалдық отбасылар пайда болады. Бұл отбасылар үлкен бір отбасына бірігіп, мемлекет қалыптасады. Аристотельдің айтуы бойынша, мемлекеттік билік – бұл отбасындағы әкелік биліктің дамуы мен жалғасы. Ағылшын философы Роберт Фильмер («Патриарх») және орыс социологі Николай Михайловский қоғамдағы монархтың әкелік билігін бекітуін дәлелдеумен шұғылданады.
61. Біздің университет.
62. Мына сөйлемдерді болымсыз сөйлемге айналдырыңыз:
а) Әсет Алматы қаласынан келді.
ә) Борщ Володяға ұнады.
б) Шетел тілдері институтында қазақ тілін үйретеді.
в) Біз жатақханада тұрамыз.
63. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
Парламент – Заңдар қабылдайтын жоғарғы өкілді орган. Ол екі палатадан – Сенат пен Мәжілістен құралады. Әлемде кез келген демократиялық мемлекетте Парламенттің болуы заңды. Мәжіліс пен Сенаттың біріккен отырыстарында мынадай мәселелер қаралады: а) Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Мұндай мәселені тек Президент ұсына алады. Конституция тұрақты және байсалды болуға тиіс, сондықтан оған жиі өзгеріс енгізілмеуі тиіс.
ә) Республикалық бюджет және оның орындалуы туралы Үкіметтің есебі қаралып, бекітіледі.
б) Президентке заң шығарушы өкілеттілігін беру туралы мәселе.
Мәжіліс заң жобасының әрбір бабын, ережесін жеке-жеке қарайды, талқылайды. Сонан соң дауысқа салады. Депутаттардың жартысынан астамы заңның қабылдануына дауыс берсе, ол қабылданды деп есептелінеді де, Сенаттың қарауына жіберіледі. Онда да заң жобасы бірнеше рет қаралып, талқыланып, дауысқа салынады. Депутаттардың жартысынан көбі заңды қабылдауға дауыс берсе, заң қабылданып, Президентке қол қоюға жіберіледі. Президент заңға қол қойса, заң күшіне енеді, яғни қолданысқа жарайды. Президент заңға қол қоймай, заңның кемшіліктерін көрсетіп, қайта қарауға, толықтыруға жіберуі де мүмкін. Бұл «Вето қою» деп аталады.
64. Тілдер күні қашан.
65. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды.
66. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
Мемлекеттің қалыптасуы – бұл әр халықта әр түрлі уақытқа созылған ұзақ процесс. Теорияда мемлекеттің пайда болуы туралы екі тарихи жол көрсетіледі. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде (Ежелгі Шығыс, Африка, Америка) мемлекеттің пайда болуының Шығыс-азиялық жолы тән. Бұл аймақтардың көпшілігінде (азиаттық өндіріс тәсілі» қолданылады. Онда рулық құрылыстың әлеуметтік-экономикалық құрылымы (қауымдық жер, ұжымдық меншік) ру-тайпалық қатынастар ыдырағаннан кейін де сақталынды. Ежелгі Шығыстағы алғашқы мемлекеттер (Ежелгі Египет, Ежелгі Вавилон, Ежелгі Қытай, Ежелгі Үндістан) жеке меншік пайда болып, қоғам антогонистік (қарама-қарсы) таптарға бөлінгенге дейін пайда болды. Бұл экономикалық қажеттілікке байланысты болды. Каналдарды, бөгеттерді жұмыс жағдайында ұстауға байланысты қоғамдық жұмыстың көлемі жеке рулардың мүмкіншілігінен артып кетіп отырды. Сондықтан орталықтандырылған басқару және рулық қауымдарды біріктіру қажеттіліктері туындады. Осыдан қоғамдық басқару құрылымдары мемлекеттік органдарға, ал ру ақсүйектері чиновниктік аппаратқа ауысты. Жерге қоғамдық меншік формасы сақталды немесе мемлекеттік болып өзгертілді.
Жеке меншік, егер ол бар болса да, ол бұл мемлекеттердің экономикасына елеулі әсер етпеді.
67. Жауап алу (сұхбат).
68. Мына етістіктерді ауыспалы осы шақта жіктеңіз: сену, үйлену, бару, қыдыру, айту.
