- •21.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •24.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •27.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •30.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •33.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •36.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •39.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •42.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •45.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •48.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •51.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •54.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •57.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •60. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •63. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •66. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •69. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •72. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •75. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •78. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •81. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •84. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •87. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •90. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
51.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ қоғамында қылмыс ұғымын беретін арнаулы сөз немесе термин болған емес. Әдетте бұл ұғымның орнына жаман іс, жаман қылық, күнә, жазық сияқты ұғымдар қолданылатын. Кез-келген рухани (моральдық) және заттық (материалдық) зиян қылмыс деп есептелетін. Сол сияқты кез-келген іс, егер талапкер сотқа шағым жасамаса немесе шағымын қайтарып алса, қылмыс деп саналмайтын.
Қазақтың дәстүрлі құқығында қылмыс алдын-ала ойластырылмаған, яғни қателік және қылмыс деп, әрекетке қабілетсіз адамдар жасаған қылмыс – уақиға деп бөлінетін. Әрекетке қабілетсіз адамдар жасаған қылмысқа қылмыскердің туыстары жауап беретін. Ал қылмыс жаман оймен, яғни қастық жасалса, бұл қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын, ал егер қылмыс аффект жағдайында жасалса, жауапкершілік жеңілдетілетін (жұмсартылатын). Қазақтың дәстүрлі құқығында қылмысқа қатысушылардың қылмысқа қатыстылық дәрежелері айырылмаған. Негізгі кінәлі – күнахар да, азғырушы да және оған көмектесуші де қылмыстық жауапкершілікке бірдей тартылған.
52.Кітапханада (сұхбат).
53.Мына сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңыз:
а) Жұмыс күндері асханада адамдар аз болады.
ә) Асханада әркім өзіне-өзі қызмет етеді.
б) Менің жолдасым Астанадан келді.
в) Әсет жолдасына ағылшынша хат жазды.
г) Ол биыл шетел тілдері институтына түсті.
54.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
«Жеті жарғы» - қазақ халқының тарихында үлкен із қалдырған заңдық құжат. «Жеті жарғы» - Тәуке ханның тұсында қазақ халқынның Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сияқты атақты билерінің бірлесіп жасаған заңдар жинағы. Ол ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданылып келді. Заңның барлық нормалары бізге толығымен жеткен жоқ..
«Жеті жарғы – қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Бұл заңдық құжатта жер дауы, жесір дауы, құн дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты үлкен мәселелер қаралады. «Жеті жарғы» - кісі өлтіру, ұрлық, тонау, бүлік шығару, денеге зақым келтіру, зорлау, әйелді алып қашу, тәңірге тіл тігізу, христиан дініне өту сияқты әрекеттерді жауапқа тартуды көздейді.
Қылмыстық жауапқа тарту он үш жасқа толған кезден басталған. Қазақтың қылмыстық құқығы мақау, есі дұрыс емес адамдарды жауапқа тартпаған.
55.«Сот залында» (монолог).
56.Берілген етістіктермен өткен шақта сөйлем құрастырыңыз: жауап алу, тергеу, іс қозғау, қылмыстық жауапкершілікке тарту.
57.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
Қазақстан Республикасы – Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республика Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілік етеді. Республика Президенті халық пен мемлекет атынан сөйлей алады. Президент ант бергеннен бастап қызметіне кіріседі. Анттың мәтінін мемлекеттік тілде айтады. Ант беру қаңтардың екінші сәрсенбісінде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерінің, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың барлық бұрынғы Президенттерінің қатысуымен өткізіледі. Республика Президенті Республика Конституциясына ант етеді. Ант берілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады. Содан соң Орталық сайлау комиссиясының Төрғасы Президентке Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін, омырауға тағатын белгісін, байрағын және «Алтын Қыран» орденін тапсырады.
58. Құқық қорғау органдары.
59. Мына зат есімдерді табыс септігіне қойыңыз. Сөйлем құраңыз: сурет, мұражай, студенттер қалашығы, ескерткіш, ауыл.
