
- •21.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •24.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •27.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •30.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •33.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •36.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •39.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •42.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •45.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •48.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •51.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •54.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •57.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •60. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •63. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •66. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •69. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •72. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •75. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •78. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •81. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •84. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •87. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
- •90. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
Кәсіби қазақ тілі пәнінен емтихан билеттерінің сұрақтары
1.Менің мамандығым (тандау).
2.Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы.
3.Мамандығыңызға қатысты қандай мақал-мәтелдер білесіз?
4.ҚР құқық қорғау органдары(сұхбат).
5.Жақша ішіндегі етістіктерді көсемшеге айналдырыңыз.
а) Мен саған (бару) жатырмын.
ә) Самат маған (айту) отыр.
б) Сен мына кітапты (оқу) отырсың.
г) Ләззат хат (жазу) отыр.
6.Отан туралы мақал-мәтелдер.
7.Сот канцеляриясында (сұхбат).
8.Көп нүктенің орнына тиісті үстеуді қойыңыз.
а) ... мен «Қыз Жібек» спектакльін көрдім.
ә) Эстрада әншісі ... ән айтты.
б) Оқу залында студенттер ... болды.
в) Менің досым ... сөйлейді.
г) ... студенттер
9.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар өте көп. Соның бірі – патриархалдық теория. Патриархалдық теория Ежелгі Грецияда кең тараған. Ежелгі грек философы Аристотельдің («Политика») айтуы бойынша, мемлекет – бұл адамзат өмірінің табиғи формасы және адамның өзіне ұқсастармен қатынасы тек мемлекетте ғана мүмкін. Адам өзінің табиғатында бір-бірімен араласуға тырысады, оның нәтижесінде туыстық патриархалдық отбасылар пайда болады. Бұл отбасылар үлкен бір отбасына бірігіп, мемлекет қалыптасады. Аристотельдің айтуы бойынша, мемлекеттік билік – бұл отбасындағы әкелік биліктің дамуы мен жалғасы. Ағылшын философы Роберт Фильмер («Патриарх») және орыс социологі Николай Михайловский қоғамдағы монархтың әкелік билігін бекітуін дәлелдеумен шұғылданады.
10.Семей қаласы.
11.Жинақтау сан есімдерін жасаңыз, сөйлемдер құраңыз: бес, алты, екі, үш, төрт, жеті.
12.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
Заң 1999 жылы 10 желтоқсанда қабылданды. 12 тараудан тұратын Заңда Қазақстан Республикасының азаматтарының еңбекке құқығын жүзеге асыру негізінде туындайтын еңбек қатынастары реттеледі.
І тарау «жалпы ережелер» деп аталады, онда заңның негізгі ұғымдары мен олардың анықтамасы берілген.
Еңбек, еңбек қатынастары, жұмыс беру актілері, жеке еңбек келісімшарты, зиянды еңбек жағдайлары, қауіпті еңбек жағдайлары, ауыр дене еңбегі, демалыс уақыты, еңбекақы (жалақы), біліктілік разряды (санаты), ұжымдық келісімшарт, іссапар, өтемақы, жалақының ең аз мөлшері, жазбаша ескерту (хабарлау), жұмыс берушінің өкілдері, жұмыскердің өкілдері, жұмыскер, жұмыс беруші, жұмыс уақыты, еңбек міндеттері, еңбек стажы дауы, еңбек бойынша өкілетті мемлекеттік орган, еңбек жағдайы.
Сондай-ақ жұмыскер мен жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері айқындалған, мәжбүрлі еңбекке тыйым салынатындығы, Заңның қолданылу аясы көрсетілген.
Заңда жеке еңбек келісімшарты, ұжымдық келісімшарт, жұмыс уақыты, демалыс уақыты, еңбекті нормалау және жалақы, жұмыскерлерге берілетін кепілдіктер, төленетін өтемақы, жеке еңбек келісімшартын жасаушы тараптардың материалдық жауапкершілігі, жұмыскерлерді ынталандыру және жазалау шаралары, еңбек даулары туралы жан-жақты түсініктеме берілген.
Соңғы 12 тарауда осы заңның сақталуын бақылау туралы айтылған.
13.Менің елім. (Монолог).
14.Сөйлемдерді толықтырыңыз:
а) Оспан келсе, ... .
ә) Сіз үйге кірсеңіз, ... .
б) Емтиханды тапсырсам, ... .
в) Сен Қанатты көрсең, ... .
г) Кітапханаға барсаң, ... .
15.Еңбек тақырыбына мақал-мәтелдер.
16.Астана – бас қала.
17.Көп нүктенің орнына есімдіктерді қойыңыз:
а) ... ата-анаңызбен тұрасыз ба?
ә) ... Көкшетауға ұшақпен ұшты.
б) Мұрат ... көп әңгіме айтты.
в) Оларды ... көрген жоқ.
г) Мәжіліске ... келді.
18.Дос туралы мақал-мәтелдер.
19.Қазақ тілінің құрылымдық ерекшеліктері. Дыбыстардың классификациясы.
20.Мына сан есімдерді реттік сан есімге айналдырыңыз. Сөйлем құраңыз: 25, 44, 7, 2008, 1500, 1991.
21.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
Қоғам мүшелерінің құқықтары негізгі заңда және түрлі нормативтік актілерде жазылған. Қоғам мүшелерінің міндеттері еңбек шарттарымен, түрлі мекемелердің ішкі ережелерімен, тиісті нұсқаулармен реттеледі. Адамның борышы моральдық – этикалық нормаларға, жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенеді. Моральдық-этикалық нормалар - қоғамдағы жазылмаған заңдар.
Қоғаммен бірге қылмыстар да, оны жасаушылар да өзгереді. Уақыт өзгерген сайын қылмыскерлер де жасарып келеді. Есірткі, темекі, арақ сияқты зиянды әдеттер үшін қылмысқа баратындар көбейді. Ақша үшін ешкімді аямайтын да, ештеңеден тайынбайтын да ұрпақ пайда болды. Мәселен, қазір мерзімді баспасөз беттерінен әкесін өлтіруге тапсырыс берген қыз туралы, шешесін өлтірген жігіт жайлы оқуға болады.
Қоғамда басқа қылмыстармен қатар экономикалық, лауазымдық қылмыстардың түрлері көбейді. Тапсырыспен кісі өлтіру, ақша үшін адам ұрлау, саналы түрде жұқпалы ауру жұқтыру сияқты қылмыстар жиілеп кетті. Мұның бәрі теледидар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихатталып жатқан шетелдік өмір салтына еліктеуден туып отыр.
22.Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы.
23.Жақшаны ашыңыз:
а) Саматта (дальние и близкие родственники) өте көп.
ә) (Мой младший брат) қалада тұрады.
б) Оның жездесі (высокого роста, занимается бизнесом).
в) Гүлназдың сіңлісі (учится в институте иностранных языков).
24.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
«Жасыл ел» және студенттер құрылыс жасақтары 2005 жылы құрылған.
Студенттік құрылыс жасақтары өз бастауын 2001 жылдан алады, ал «Жасыл ел» бағдарламасы Елбасының бастауымен елімізде 2005 жылдан бастап жүзеге асуда.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің 2005 жылғы 18-ақпандағы Жолдауында: «Үкіметке жазғы кезеңде студенттерді тұрғын-үйді көтеру үшін құрылыс жасақтарында жұмыспен қамтамасыз етіп, «Жасыл ел» елді көгалдандыру бағдарламасын іске асырып, бұл игі істерге студенттерді қатыстыру қажет» деп атап айтқан болатын.
Бүгінгі күнде «Жасыл ел» жастар бастамасын іске асыру үшін 28 мыңнан астам жастар белсенді қатысуда, Республика бойынша қатарында 9 мың сарбазы бар 331 СҚЖ жасақтары құрылған. Нәтижесінде «Жасыл ел» жасағы сарбаздарының еңбекпен тапқан ақша сомасы 300 млн. теңгеге, ал студенттер құрылыс жасақтары сарбаздарында 750 млн. теңгеге жеткен. «Жасыл ел» жасақ сарбаздарымен 8 млн. желек отырғызылса, СҚЖ сарбаздары әлеуметтік мәдени тұрмыстық объектілерінің құрылысына қатысты.
25.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.
26.Мына сөздерді жатыс септігіне қойыңыз. Сөйлем құраңыз: атасы, даңғылы, Тараз, болашақ, Конституция.
27.Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.
Құқықтың пайда болуының негізгі теориялары:
Теологиялық теория. Құқық Құдайдың еркімен пайда болады. Адамдар өмір сүретін құдайшыл өсиеттерді осы Құдай жаратты. Вавилон патшасының Хаммурапи заңын, Ежелгі Үнді Ману Заңын, 10 библиялық өсиетті адамдарға Құдайдың өзі берген.
Құқықтың тарихи теорисы құқықтың пайда болуы қоғамның тарихи дамуының нәтижесінен, заң шығарушының еркіне байланысты емес, ұлттық ерекшеліктермен айқындалады деп көрсетеді.
Табиғи құқық теориясы адам табиғатынан туындайтын құқықтың болуымен байланыстырады.
Нормативистік теория бойынша құқық мемлекеттің құқық шығырмашылық қызметі нәтижесінде пайда болады.
Психологиялық теория адам психакасында құқықтың туындау себептерін қарастырады. Адам белгісіздікке шыдамайды, сондықтан адамдардың тәртіп ережесін бекітуге психологиялық талаптануы зандылық.
28.Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы.
29.Көп нүктенің орнына көмекші есімдердің бірін қойып жазыңыз.
а) Олар саябақтың ... жүр.
ә) Кітап сөренің ... жатыр.
б) Үстел терезенің ... тұр.
в) Студент жатақхананың ... тұр.
г) Ол ұшақтың ... отыр.