Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауаптар.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
524.8 Кб
Скачать

20.ActiVstudio программасының құралдар тақтасының құрылымы

1.негізгі құралдар тақтасы

2.арнайы құралдар тақтасы

3.флипчарттың құралдар тақтасы

4.объектіні редакторлеу құралдар тақтасы

5.бетті редакторлеуқұралдар тақтасы

6.тез таңдау құралдар тақтасы

Негізгі құралдар тақтасы

Тақырып қатары-Негізгі құралдар тақтасын орнықтыру үшін оны шертіп ауыстыруға болады.

Басты Меню батырмасы-Құралдар тақтасы және баптау параметрлерін баптауға ACTIVstudio функцияларының кілті болып табылады.Жоғары-төмен жылжыту батырмасы-Экранда орын босату үшін, негізгі құралдар тақтасын жабады.Ішкі-сыртқы жабу батырмасы-Ярлык жолын көрсетеді және оны жасырады.Флипчарт батырмасы-ACTIVstudio мен Windows қосымшасының арасында флипчартыңызды көрсетеді немесе оны жасырады. Егер жаңа флипчарт құрылмаған болса, онда оны құрады. Жұмыс үстелінде аннотация жасау-Жазу жазып немесе оны жұмыс үстелінде Windows қосымшасында орнықтыру.Қаламның жалпақтығын таңдау-Қаламның, маркердің және өшіргіштің қалыңдығын әр түрлі көлемде таңдау үшін шертіп, орналастыру.Түстер Палитрасы-Флипчарттың объектілерінің түсін таңдау.

Еркін таңдау құралы-Бір немесе бірнеше объектілерді таңдау үшін оны шертіп, оларды редакторлеуге, басқаруға және оны араластыруға мүмкіндік береді.Қалам құралы-Флипчартта аннотация жазуға немесе сурет салуға болады. Маркер құралы-Жұқа қаламмен мәтінді, аннотацияны және кескінді белгілейді.Өшіргіш құралы-Флипчарттағы объектілерді жасыру үшін қолданылады.Мәтін құралы-Флипчартқа тақырып немесе ескертулер қосады.Тазалау құралы -Флипчарттың бөлімдерін және нақты қасиеттерін өшіреді.Болдырмау -Флипчартта орындалған соңғы командаларды немесе редакторлеуді толығымен қалпына келтіреді.Қайтару

«Болдырмау» батырмасын басқанға дейінгі жағдайды қайтарады.Бүркемелеу құралы-Флипчартты жасырып, соңынан оны төрт жағынан – жоғарыдан, төменнен, сол жағынан және оң жағынан көрсетеді.«Прожектор» құралы-Көрсетілген аймақтың ортасынан басқаның бәрін де бүркемелеп көрсетеді.Фотоаппарат құралы-Флипчартта пайдаланылатын экрандағы суреттерді суретке түсіреді. Беттің көлемі -Флипчарттың бетін үлкейтеді немесе кішірейтеді.Арнайы құралдар-Арнайы құралдар тақтасы арқылы таңдау.Тану құралы -Қолданушының қолмен жазған жазуын машиналық жазбаға айналдырады, геометриялық фигураларды түзулейді.Құю құралы-Нақты аймақты түспен толтырады. ACTIVote-Тестілеу құрылғысы.

21.PowerPoint презентациялық редакторында анимацияның мүмкіндігін қолданып

презентация құр

Анимация дегеніміз маңызды жағдайларға зейін қоюға, ақпараттың ағымын бақылауға және көрмені қараушының қызығушылығын арттыруға арналған тамаша әдіс. Жеке слайдтардағы мәтін немесе нысандарға,слайд үлгісіндегі мәтін және нысандарға немесе қалауынша слайдтарды орналастыру толтырғыштарына анимация әсерлерін қолдануға болады.PowerPoint 2010 бағдарламасында әр түрлі төрт анимация әсері бар:

Кіру әсерлері. Мысалы, нысанды біртіндеп кезелімге өзгерте аласыз, жиектен слайдқа ұшырта аласыз немесе көрініске қайтара аласыз.

Шығу әсерлері. Бұл әсерлердің құрамына нысанды слайдтан шығару, көріністен жоғалту немесе слайдтан түсу кіреді.

Бөлектеу әсерлері. Бұл әсерге құрамына нысанның өлшемін кеміту немесе ұлғайту, түсті өзгерту немесе оның ортасында айналу әрекеттері кіреді.

Орын алмасу жолдары. Бұл әсерлерді нысанның жоғарыға, төменге, солға, оңға немесе жұлдызды шеңбер бағытына қарай қозғау үшін қолдануға болады (басқа әсерлер арасында).Кез келген анимацияның өзін қолдануға немесе бірнеше әсерлерді бірге бірлестіруге болады. Мысалы,Ұшу кіру әсері мен Ұлғайту/кішірейту бөлектеу әсеріне оны қолдану арқылы оның өлшемінің ұлғаюы кезінде мәтіннің жолын сол жағынан кіргізуге болады

22.Интерактивті тақтаны қолданып сабақ өтудің ерекшелігі.Бағдарламалық – техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік – бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге « мұғалім – оқушы » жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде.Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті, мысалы географиядан, физика, биологиядан және т.б. пәндерден сабақ жүргізгенде ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны, физикалық аспаптардың суреттерін алуға болады және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар.Екінші режим – Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point – презентациясы болуы мүмкін. Мысалы , Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің « төртбұрыш » объектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office режимінде ашу қажет. Бұл режим Microsoft Office – нің барлық мүмкіншілігін ұсынады. Үшінші режим – тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы.Сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіншілік береді.