Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауаптар.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
524.8 Кб
Скачать

11.ActiVstudio pe программасының ерекшелігі.

ACTIVstudio PE программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.Activstudio Professional Edition — мұғалімдерге интерактивті сабақтарды өткізу барысында Activ-тақтаны қолдануға негізделген программалық құрылғы. Жұмыс үстеліндегі Activstudio Professional Edition таңбасына Activpen қаламымен екі рет шерту қажет. Ал жұмыс үстелі 1.Флипчарттың тақырып қатары 2. Флипчарттың жұмыс аймағы 3. Негізгі құралдар тақтасы 4. Тақырып қатарындағы батырмалар 5. Флипчарт беттерінің түстік аймағы 6. Флипчарт құралы 7. Қоржыннан тұрады.

ACTIVstudio PE программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.

12.PowerPoint презентациялық редакторында графикалық ақпараттарды енгізіп

презентация құр

PowerPoint презентациялық редакторында графикалық ақпараттарды енгізіп

презентация құру үшін ең алдымен PowerPoint бағдарламасын іске қосамыз. Негізгі беттің дизайынын, макетін, түсін таңдап аламыз. Тақырыбын жазып, әсемдеу үшін графикалық ақпараттарды енгіземіз. Графикалық ақпараттар- сурет, схема, сызбаларды алдын-ала сақталған бумадан көшіру командасын орындау арқылы презентацияға әкелеміз. Одан кейін қою командасын орындаймыз.Оның көлемін өзіміздің талғамымызға сай безендіреміз. Презентацияға сонымен қатар анимация, видео роликтер, кино үзінділерін қоюға болады.

13.Интерактивті тақта құралдарын пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктері Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу – ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді Интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.Оқушылардың интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады.Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:1.Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды 2. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес. 3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады 4. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады 5. ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. 6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады. 7. Сабақтың өнімділігі артады. 8. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді. Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі : - Пән бойынша базалық білімді меңгеру ; - Алған білімді жүйелеу ; - Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; - Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру - Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру. Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.

14.Флипчарт және флипчарт кескіні. Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады. ACTIVstudio программасы іске қосылғанда бірден компьютердің экранына сәйкес келетін жаңа флипчарт құрылады. Бұл 1-ші флипчарттың қолдануға дайын беті. Флипчарт батырмасын басқаннан кейін ғана іске қосылады. Бұл батырманы ACTIVstudio мен Windows арасында байланыс жасауға қолданылады.

Жаңа флипчарт құру үшін, Меню – Флипчарт – Құру командасын орында. Параметр менюінің тізімінен өлшемді таңда:

Экран өлшемі ACTIVstudio алдыңғы экранның көлеміндегідей жаңа флипчарт құрады. Мысалы: компьютерде 640х480 пиксел орнықтырылған болса, онда флипчарттың көлемінің ені - 640, ал биіктігі - 480 пиксел болады. Бұл өте ыңғайлы және экранның көлемін білесің.

800х600 Стандартты флипчарттың көлемінің ені - 800, ал биіктігі - 600 пиксел болады.

1024х760 Стандартты флипчарттың көлемінің ені - 1024, ал биіктігі - 760 пиксел болады.

Баптау... Сұхбат терезесінің көмегімен флипчарт бетінің көлемін құруға мүмкіндік береді Тақырыптың оң жақ шетіндегі «Жабу» батырмасын басу керек. Флипчарттағы кез келген өзгерістер сақталмаған болса, онда сақтауға сұраныс шығады.