Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауаптар.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
524.8 Кб
Скачать

6. Интерактивті тақтада графиктік ақпараттардың түрлерімен жұмыс жасау.

Компьютерлік графика- әртүрлі кескіндерді(суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды)компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы. Қазіргі кезде графиктік ақпарат түрлерімен жұмыс жааушылар саны артуда. Графиктік ақпараттар тек көркемдеу мен безендіру үшін ғана емес, сонымен қатар сабақтарды сызбаларды , диаграммаларды, графиктерді жасау үшін қолданады. Интерактивті тақтада суреттермен, анимация, шеңбер, төртбұрыш, дөңгелек т.б графикалық ақпараттарды кеңінен қолдануға мүмкіндік беріледі. Мұны сабақ барысында кез-келген фигураны, суретті, анимацияны, тіптен математикалық формуланың қолдануға мүмкіндік береді.

7.Білім мекемелерінде IT құралдарын қолданып сабақ өткізудің психологиялық-эргономикалық шарттары. Қазақстан Республикасының 2015жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «орта білім берудің мақсаты – терең білім, кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамыту және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген.Ал ұстаздың міндеті –жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажетті қабілеттерін қалыптастыру, дамыту және өз бетімен білім алуына, өзін –өзі дамытуға қолайлы жағдай жасау. Осыған байланысты әр педагог сапалы білім мен саналы тәрбие берудің тиімді жолдарын іздестіру қажет, себебі ХХІ – ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы –оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.Сол себепті ұстаз өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуы қажет, әрі оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта АКТ құралдарын қолдана білу керек.Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық технолгияны пайдалану сабақтың тиімділігі мен сапасын арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпал етеді. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы оқушы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады.Мектепте компьютерлік технологияны қолдану оқушы шығармашылығын арттыруда белсенді роль атқарады. Жеке оқушының компьютерде жұмысты салауатты орындауы, ақпарат көздерін ала білуі дара тұлғаның қалыптасуына әсер етеді.Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютер арқылы жүргізу– оқу үрдісін белсендіруге, проблеманы шешуге және шешім қабылдай білуге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады әрі оқушы ерекшелігін ескере отырып оқытуды жүзеге асырады.Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша көздегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет.

8.Интерактивті тақта құралдарының атқаратын қызметі.Интерактивті тақтаның ең бастысы – негізгі құралдар тақтасы. Ол :Тақырып қатары Басты меню, жылжыту, флипчарт, бүктеу, қаламның қалыңдығы, жұмыс үстелі, түстер палитрасы, еркін таңдау, қалам, маркер, өшіргіш, мәтін, тазалау, болдырмау , қайталау, бүркемелеу, прожектор, фотоаппарат, масштаб, арнайы құралдар, тану, құю, Activote құралдарынан тұрады.Негізгі құралдар тақтасындағы «Арнайы құралдар» батырмасын басып, осы құралдарды іске қосуға болады. Бұл тақтада қажетті 20 құралды пайдаланып, олармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Прожектор және Шторка құралдары экранның белгілі бір кішігірім аумағын көрсетуге арналған. Прожектор құралы аудиторияның назарын бір объектіге аударуға арналған. Экран бетінде бір мезгілде бірнеше объектілер орналасқан болса, оның қажет объектісін ерекшелеп, қалғанын жауып қоюға арналған. Шторка экранның бір бөлігін жауып қоюға арналған ( есеп шығаруда дұрыс жауаптарын, оқушыларға әзір белгісіз ақпаратты ) және материалды оқу барысында мүмкіндігінше тақтаның қажет бөлігін көрсету. Флипчарт құралдар тақтасы арнайы диапазон құралдарымен флипчарттағы жұмыстарды ұйымдастыруға көмектеседіОбъектіні редакторлеу тақтасының көмегімен объектіні редакторлеудің көптеген мүмкіндіктеріне қол жеткізуге болады. Тақта объектіде екі рет шерткенде пайда болады.Кітапхана ресурсының толық мүмкіндіктерін флипчарт құрғанда пайдалануға болады. Мұнда суреттер мен дыбыстардан бастап аяқталған іс-әрекеттер, оқу жоспарлары да бар. Ол мыңдаған дайын ресурстармен қамтамасыз етілген. Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады: 1.Бормен тақтаға жазылған кескінді, интерактивті тақтадағы түрлі – түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды. 2. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес. 3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады 4. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады. 5. ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. 6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады. 7. Сабақтың өнімділігі артады. 8. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.