Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауаптар.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
524.8 Кб
Скачать

65. Интерактивті тақтадағы программалардың мәзір қатары

ACTIVstudio-ның көптеген құралдары бар, атап айтқанда, объектілер құратын, арнайы эффектілер енгізетін презентацияда интерактивті элементтерді қолданатын. Бұл құралдарды пайдалану үшін нақты презентацияларда құралдар панелінің көмегі қажет.ActinPen – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы. Active Inspire іске қосу:Пуск- Все программы – Active Software- Active Inspire- Active Inspire арқылы немесе Жұмыс үстеліндегі Active Inspire батрмасын шерту арқылы іске қоса аламыз.

ҚАЛАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ACTIVpen қаламы компьютерді, қолданбалы және операциялық программаларды басқарудан басқа, сыныпта презентация өткізуге немесе үлкен жиындар өткізгенде экранда жұмыс жасағанда, элементтерді немесе суреттерді таңдаған кезде ACTIVboard тақтасында қолданылады.Тақтада жұмыс жасау барысында ACTIVpen қаламы «өздігінен бапталады». Тақта жаңа қаламға бапталуы үшін оны тақтаға жайлап жақындату қажет. Қаламның ұшы тышқанның СОЛ жақ батырмасының қызметін атқарады. Ал жанындағы батырма тышқанның ОҢ жақ батырмасының қызметін атқарады.

66.ActiVinspire программасымен оффистік программалардың байланысын орында

  • Менің ресурстарым бөлімін пайдаланып қажетті суреттерді қою жолдарын үйрету;

  • Беттерге сілтеме қоюды және сабақ жоспарларын құруды үйрету;

Кілттік сөздер: ресурстар шолушысы, беттер шолушы, ескертпе, бейне жазба т.б.

Менің ресурсым бөлімін пайдалана отырып, беттің фонын қойып, Word тан мәтіндерді аламыз. Ал анимациялы суреттерді Менің ресурсым бөлімінен таңдап қоямыз.

Бейне жазу жолдары:қосымша құралдар-экран бейне жазбасы құрылғысы-толық экран бейне жазбасы құрылғысы-бейне жазба құрылғысы файлын сақтау- қалай сақта-Бейне жазбаны сақтайды.Флипчарт бетінде жасаған сабақтарымыз және сызбалар барлығы толығымен жазылып сақталады.

67.Демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланудың тиімділігі

Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің мұғалім үшін артықшылығы: Жаңа материалды сынып ортасында тұрып түсіндіруге мүмкіндік береді; Кез-келген қосымшалардың үстіне сурет салуға және жазба жазуға мүмкіндік береді; Артық уақыт, күш-жігер жұмсамай тақтадағы кескінді, сабақ уақытында жасалған жазбаларды сақтауға, баспаға беруге болады және материалды қабылдау деңгейін тексеруді жеңілдетеді;Оқытудың жаңа түрлерін іздеуге, кәсіби шеберлікке ынталандырады;Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген. Білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқытудың жаңа құралдарының бірі болып компьютер саналады. Сондықтан кез-келген білім беру саласында мультимедиялық, электрондық оқыту құралдарын барлық пәндерді оқытуға пайдаланылып отыр.Ақпараттық қоғамның негізігі талабы:оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру:логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту:ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастыру:ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы - әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту ар-қылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүние танымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.Ақпараттық бірлікті қалыптастыру:мектептің материалдық-техникалық базасына;ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне;оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне;оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне; педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне; оқу-тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді болуына;Интерактивті құралдар мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеу-іне жағдай жасайды.Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі. Мысалы: •пән бойынша базалық білімді меңгеру; •алған білімді жүйелеу; •өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; •жалпы оқуға деген ынтасын арттыру; •оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру. Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадыны іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Оқушылардың көпшілігі естігенін 5% және көргенінің 20% есте сақтайтыны белгілі.