Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sapo_kursach (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
112.42 Кб
Скачать

Қорытынды

Адамзат өз дамуының қазіргі кезеңінде демографиялық дағдарыс сатысында тұр, бұл қоғамның келеңсіз ахуалын көрсетеді. Демографиялық дағдарыс - әлеуметтік, экономикалық, табиғи ықпалдардың әсерінен белгілі бір аймақтағы (елдегі, облыстағы, аудандағы) халықтың ұдайы өсуінің тежелуі. Демографиялық дағдарысқа соғыс, әлеуметтік, экономикалық жағдайлар, мемлекеттің демографиялық саясаты т.б. тікелей әсер етеді. Осының себебі бойынша одан шығудың нақты жолдарын іздеу көптеген елдер үшін айрықша өзекті болып отыр. Қазір әдеттен тыс жағдай қалыптасып отыр. Халық санының тым артуы қорқушылықтың еш негізі болмағанымен, бүгінде әлемдегі халық санының тым арту мәселесі алаңдаушылық туғызып отыр. ХІХ ғасырдың басында Т.Мальтус 25 жылдан кейін жер шары халқының екі есе ұлғаятынын болжаған еді. ХХ ғасырда оның болжамы алаңдаушылықтың жеткілікті себебі болды, өйткені халық саны шынында да күрт өсе түсті. Жер шарының екі миллиардыншы тұрғыны 1925 жылы, алты миллиардыншы тұрғыны 1999 жылы туды. Халық санының тым артуы проблемасына алаңдаушылық білдірген «Мальтузианшілер» қозғалысы өз пікірінен айнымай отыр. Алайда, елдік демографиялық моделді зерделеу кезінде адами ресурстардың жетіспеушілік үрдісі байқалады, мемлекеттердің халқы қартаю үстінде. Тек халық саны ғана өзгеріп қана қоймайды, сондай-ақ оның құрылымы да жаңарып отырады. Халық құрылымы – мүлде оның құрамының синонимі емес. Құрам – бұл номенклатура, дәлірек айтқанда адамдар жиынтығы ретінде құралатын элементтер саны. Демографиялық құрам өзіне халықты еркек және әйел, сондай-ақ адамдардың әртүрлі жоспарларына қарай бөлінуін қамтиды. Өлім себептеріне байланысты топтар бойынша бөлінуі мүмкін. Курсттық жұмыста Қазақстандағы 2 көрсеткіштікке зейін қойылды:

  1. Қазақстан халқының өлім себептерінің негізгі жіктеліміне қарай өлім-жітімі

  2. Қазақстанның экономикалық тұрғыдан енжар халық білім деңгейі

Әлеуметтік−экономикалық құбылыстар мен демографиялық процестер қоғамда маңызды орын алады. Әлеуметтік экономикалық процесстер бүкіл қоғамның жағдайын сипаттайды .

Статистикалық мәліметтерді топтау – алғашқы жинақталған статистикалық мәліметтерді пайдалану негізінде жатыр. Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың қорытындысын негізінен статистикалық кесте ретінде береді. Статистикалық мәліметтерге  кесте құру – зерттелген қоғамдық құбылыстардың мазмұндамасына сәйкес сандық (цифровой) талдау және арнайы формадағы мәліметтер жинағы ретінде түсіндіріледі. Статистикалық мәліметтерге кесте құру мазмұнына қарай келесідей топтарға бөлінеді:

-жай (мұнда тек зерттелетін объектілердің тізімі ғана беріледі);

-топтық (мұнда белгілі бір нақты белгілерге қарай жинақталаған мәліметтер топтастырылады);

-күрделі немесе жан-жақты (екі немесе оданда көп белгілеріне қарай топтар туралы мәліметтердің берілуі).

Курсттық жұмыс статистикалық топтастыру әлеуметтік – экономикалық және демографиялық процестерді зерттеп және бағалау үшін маңызды.

Курстық жұмысты жазу барысында, әлеуметтік - экономикалық құбылыстар мен демографиялық процестер жайлы көрсеткіштермен таныстырылады.

Жұмыс барысында статистикалық топтастыру әдістері мен біршама таныстырылады және оларды әлеуметтік экономикалық және демографиялық құбылыстарды топтау кезінде көрсетіледі.

Курсттық жұмысты қорытындылай келе біздің еліміздегі әлеуметтік экономикалық процестер мен демографиялық құбылыстар жағдайын зерттеуге көбірек мемлекет тарапынан зейін қойылуы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]