
- •Мазмұны
- •I . Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтастыру
- •1.1 Статистикалық мәліметтерді жинақтау
- •1.2 Статистикалық топтастыру
- •– Кесте – Қазақстан халқын жынысы бойынша топтау (2013 жыл басындағы жағдай бойынша)
- •Топтау түрлері
- •1.3 Таратпалы қатарлар
- •II Әлеуметтік-экономикалық және демографиялық құбылыстарды талдауда топтастыру әдісін қолдану тәжірибиесі
- •2.1 Демографиялық процестерді топтастыру
- •Әлеуметтік-экономикалық процестерді талдауда топтастыру әдісін қолдану
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімдері
Әлеуметтік-экономикалық процестерді талдауда топтастыру әдісін қолдану
Еңбек нарығы бойынша ақпаратты алу үшін негіз – 2001 жылдан бастап тоқсан сайынғы негізде жүргізілген халықтың жұмыстылығын іріктеп зерттеудің деректері болып табылады. Зерттеуде республиканың барлық өңірлері қамтылады. Зерттеудің байқау бірлігі – үй шаруашылықтары және 15жастағы және одан да үлкен жастағы адамдар болып табылады. 2002 жылдан бастап жеке мамандығымен лауазымы және экономикалық қызмет түрлері бойынша деректерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін жалақының статистикасы бойынша іріктеп зерттеулер жүргізіледі.
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық (жұмыс күші) – тауарлар мен қызметтер өндіру үшін жұмыскүшінің ұсыныстарын қамтамасыз ететін халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы халықтың бөлігі. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына экономикалық қызметтің барлықтүрлерінде жұмыс істейтін адамдардың және жұмыссыздардың саны кіреді.
Экономикалық тұрғыдан енжар халық – қарастырылып отырған кезең ішінде жұмыс пен қамтылғандар (жұмыс істейтіндер) немесе жұмыссыздар деп саналмайтын, халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгілінген жастағы адамдар.
Жұмыспен қамтылған (жұмыс істейтін) халық– жұмыстағы жағдайға байланысты жалданатыннемесе өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлерге жатқызылған тиісті жастағы барлық адамдар.
Жалдамалы (ақы төленетін) қызметкерлер – еңбекақы, сыйлықақы, үстемеақы және т.с.с. немесезаттай тұлғада ақы төлеу (сыйақы) қарастырылған жалдану шарты бойынша жұмыс істейтін адамдар.
Өз бетінше жұмыспен қамтылу – бұл сыйақы мөлшері тікелей тауарлар мен қызметтерді өндіруден(өткізуден) (бұл жерде меншікті тұтыну табыс бөлшегі ретінде қаралады) түскен табысқа байланыстыжұмыспен қамтылу.
Айналысатын жұмыстағы орны (жұмыспен қамтылу статусы) жөніндегі Халықаралық сыныптамаға сәйкес өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлердің келесі топтары аңықталған: жұмыс берушілер,
өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер, отбасының ақы төленбейтін қызметкерлері, өндірістік кооператив мүшелері.
Халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгілінген жастағы, қаралған кезеңде жұмыссызболған (табысты жұмысы болмаған); оны іздеумен белсенді айналысқан, уақыттың белгілі бір кезеңіішінде жұмысқа кірісуге дайын болған деген үш негізгі критерийге бір уақытта жауап берген адамдар жұмыссыздарға жатады.
Жұмыссыздық деңгейі – экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы жұмыссыздар санының пайызбен есептелген үлесі.
Қоғамдық жұмыстарға қатысқан жұмыссыз азаматтардың саны– жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органдармен кәсіпорын мен ұйымдардың төленетін қоғамдық жұмыстарына жіберілген азаматтардың саны.
Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органдармен қайта даярлау курстарына жіберілген жұмыссыз азаматтардың саны – кадрларды қайта даярлау және оқытуды жүзеге асыратын оқу орындары немесе кәсіпорынға жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органмен жолдама берілген жұмыссыздар.
Қайта даярлау мен кәсіптік оқуды аяқтаған азаматтардың ішінен жұмысқа орналастырылған жұмыссыз азаматтар саны – кәсіптік үйрету және жұмысқа орналастыруға жұмыспен қамтудың уәкілетті органымен жіберу жұмысқа қабылдау туралы жұмыс берушінің растаумен берілген жұмыссыздары.
7-кесте - Қазақстанның еңбек нарығының негізгі индикаторлары бойынша топтау
Бір жылда, орташа
Индикаторлар |
15 және одан жоғары жастағы халық |
||||
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
|
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық, адам Жұмыспен қамтылған халық, мың адам Жалдамалы қызметкерлер, мың адам Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, мың адам Жұмыссыз халық, мың адам Экономикалық тұрғыдан белсенді емес халық, мың адам |
8415
7857,2
5199,4
2657,8
557,8
3416,2 |
8457,9
7903,4
5238,8
2664,4
554,5
3500,3 |
8610,7
8114,2
5409,4
2704,8
496,5
3487,7 |
8774,6
8301,6
5581,4
2720,2
473
3477,3 |
8981,9
8507,1
5813,7
2693,4
474,8
3538,7 |
Ескерту: www.stat.kz сайты негізінде құрылған. |
2008 жыл мен 2012 жыл аралығында экономикалық тұрғыдан белсенді халық пен жұмыспен қамтылған халық саны жылдан жылға артып, ал жұмыссыз халық саны кемиді.
6-сурет - Қазақстанның еңбек нарығының негізгі индикаторлары
Және 2012 жылы 15 жас және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 9 млн. адамға жетті, бұл 2011 жылға қарағанда 2,4%-ға артық. Экономикалық белсенділік деңгейі 74,8%-ға қалыптасты.
8-кесте - Қазақстан халқының өлім себептерінің негізгі жіктеліміне қарай өлім-жітім бойынша топтау
мың адам
Жіктелімдер |
Өлім себептерінің негізгі жіктеліміне қарай өлім-жітім |
||||
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
|
Барлық себептерден өлгендер |
152,9 |
142,8 |
145,9 |
144,2 |
142,6 |
Қатерлі ісіктерден |
18,0 |
17,8 |
17,8 |
17,0 |
17,4 |
Қан айналымы жүйесінің ауруларынан |
76,8 |
66,3 |
65,9 |
51,3 |
43,1 |
Тыныс органдарының ауруларынан |
7,8 |
7,7 |
7,1 |
8,6 |
9,7 |
Жазатайым оқиғалардан, уланудан және жарақаттанудан |
19,7
|
17,3 |
17,7 |
17,0 |
16,4 |
2012 жылғы Қазақстан халқының барлық себептерден өлгендер санын 2011 жылмен салыстырғанда 0,27% артты.
7 - сурет - Барлық себептерден өлгендер саны
Қазақстандағы өлім себептерінің негізгі жіктеліміне қарай өлім-жітім саны соңғы 2 жылда төмендеп келе жатқанын байқауымызға болады.
9-кесте - Қазақстанның экономикалық тұрғыдан енжар халық білім деңгейі бойынша
мың адам
Білім деңгейі |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
Жоғары Аяқталмаған жоғары Орта кәсіптік Бастауыш кәсіптік Жалпы орта Жалпы негізгі Жалпы бастауыш |
267,3 259,5
451,9 224,1 1075,1 754,2 384,2 |
293,1 277,1
473,7 185,5 1176 723,3 371,5
|
299,3 285,5
512,9 171,2 1175,9 686,4 356,6 |
330,4 306,8
570,6 173,3 1173,3 610 312,7 |
372,9 339,7
646,9 192,5 1 199,9 584,2 202,6 |
Ескерту: www.stat.kz сайты негізінде құрылған. |
Экономикалық тұрғыдан енжар халықтың жоғары білім деңгейі 2012 жылды 2011 жылмен салыстырғанда 12,4%-ға жоғарылады.
8-сурет- Экономикалық тұрғыдан енжар халық білім деңгейі
Экономикалық тұрғыдан енжар халықтың білім деңгейі әр деңгейге байланысты жылда өзгеріп тұрады.
Экономикалық тұрғыдан енжар халықтың негізгі үлесін зейнеткерлер – 42,1%-ын және оқытудың күндізгі нысанында оқитындар – 40,1%-ын құрады, үй шаруашылығын жүргізумен қамтылғандар – 6,4%, денсаулығы бойынша (мүгедектік немесе еңбекке жарамсыздық себептері бойынша) – 6,1%.