
- •Мазмұны
- •I . Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтастыру
- •1.1 Статистикалық мәліметтерді жинақтау
- •1.2 Статистикалық топтастыру
- •– Кесте – Қазақстан халқын жынысы бойынша топтау (2013 жыл басындағы жағдай бойынша)
- •Топтау түрлері
- •1.3 Таратпалы қатарлар
- •II Әлеуметтік-экономикалық және демографиялық құбылыстарды талдауда топтастыру әдісін қолдану тәжірибиесі
- •2.1 Демографиялық процестерді топтастыру
- •Әлеуметтік-экономикалық процестерді талдауда топтастыру әдісін қолдану
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімдері
II Әлеуметтік-экономикалық және демографиялық құбылыстарды талдауда топтастыру әдісін қолдану тәжірибиесі
2.1 Демографиялық процестерді топтастыру
Демография (грекше демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу.
Демографиядағы ең басты мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция) мен олардың бөтен аймақтарға қоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың көшу-қону қозғалысына да байланысты. Сондай-ақ халық санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына немесе білім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Кең мағынасында алғанда, халықтың ұдайы өзгерісі дегеніміз оның санының, құрамы мен орналасуының табиғи жағдайларға және миграцияныңықпалына қарай өзгеріп отыруы. Отбасының құрылуы, оның дамуы мен күйреуі демографияда дербес мәнге ие. Демографияда халықтың және оның бөліктерінің өзгеруі тек сан жағынан ғана емес, сонымен қатар сапалық тұрғыдан да қарастырылады. Мысалы, белгілі бір жастағы адамдардың санының өзгеруімен қатар олардың тұлғалық дамып-жетілуі, денсаулығындағы өзгерістері де назарға алынады. Демографияда жекелеген адамдарға қатысты әр түрлі құбылыстар барлық халықтың да, сонымен бірге дербес зерттеу нысаны ретінде оның белгілі бір топтарының да жай-күйін сипаттауға пайдаланылады. Демографиялық процестердің өзара байланыстарын, олардың әлеуметтік-экономикалық құбылыстарға тәуелділігін және халық дамуының әлеуметік-экономикалық салдарын зерттей отырып, демография халық саны мен сапасы өзгерісінің заңдары мен заңдылықтарын анықтайды. Нақтылы қоғамдық ортада өтіп жатқан халық өзгерісін сол қоғамөмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары айқындайды. Демография үшін бастысы – халықтың қоғам дамуымен өзара ықпалдасуы болып табылады. Демография әлеуметтік-экономикалық процесс заңдылықтарының жалпы халықтың ұдайы өсуіне ықпалын ғана емес, керісінше халық өсімінің қоғам дамуына тигізетін әсерін де зерттейді. Әсіресе, бұл жерде еңбекресурстарының құрамы мен қозғалысының, сондай-ақ халықтың тұтынушы ретіндегі үлес мөлшерінің терең зерттелуі аса маңызды рөл атқарады. Зерттеулердің бұл саласын кейде «экономикалық демография» деп атайды. Демографияның міндеттерінің бірі – халықтың ұдайы өзгерісінің заңдылықтарын зерттеу негізінде мемлекет тарапынан жүргізілетін демографиялық саясат негіздерін тұжырымдау.
3 - кесте - Қазақстанның негізгі демографиялық көрсеткіштері бойынша топтау
адам
Топ |
2010 |
2011 |
2012 |
Барлық халық |
16441959 |
16675392 |
16909776 |
Қала халқы |
8961336 |
9114614 |
9 277550 |
Ауыл халқы |
7480623 |
7560778 |
7 632226 |
Еркектер |
7925957 |
8042835 |
8158881 |
Әйелдер |
8516002 |
8632557 |
8750895 |
Ескерту: www.stat.kz сайты негізінде құрылған. |
2010 жыл мен 2012 жыл аралығында Қазақстан Республикасының барлық халқы орташа есеппен 16675709 адамды құрады.
1 - сурет - Қазақстан Республикасындағы жалпы халық саны
Бұл мәліметте Қазақстан Республикасында 2010 жылдан 2012 жылға дейін жалпы халық саны өсіп келеді.
4-кесте – Қазақстан халқын тұрақты жасы бойынша саны
Халық жасы |
Мың адам |
||||
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
|
1-жасқа дейін 1-4 5-9 10-14 15-19 20-24 25-29 30-34 35-39 40-44 45-49 50-54 55-59 60-64 65-69 70-одан үлкен |
347,4
1131,5 1141,4 1228,6 1552,6 1600,4 1336,4 1216,7 1136 1069,7 1101,9 881,5 690,2 409,1 403 735,9
|
351,9
1211,8 1191,3 1169,5 1498,8 1630,6 1379,6 1231,3 1153,1 1061,1 1108 916,4 713,5 478,9 341,6 767,2 |
362,6
1293,9 1238,5 1136,3 1430,3 1651 1419,7 1254,9 1160 1071,3 1089,6 971,3 728,7 545,3 292,7 795,9 |
367,8
1366,5 1305,8 1115,1 1363,8 1635,6 1481,7 1267,9 1174,1 1083,4 1073,9 1009,1 754,2 581,9 286,4 808,2 |
375,2
1405,4 1339,8 1086,1 1321,7 1647,8 1498,5 1275,2 1189,9 1095,3 1067,8 1054,4 786,5 587,6 291,2 828,5 |
Ескерту: www.stat.kz сайты негізінде құрылған. |
1-жасқа дейінгі, 1-4, 5-9, 25-39, 50-64, 70 жас аралықтарында тұрақты халықтың саны жылдан жылға өсіп отырды.
2-сурет-
Қазақстан халқы жасы бойынша саны
Берілген мәліметте Қазақстанда 20-24 жас аралығында адамдар жиі кездеседі.
5 – кесте - Қазақстандағы халықтың тууы, өлім-жітімі және табиғи өсімі бойынша топтау
Топ |
Барлығы, адам |
||
туылғандар |
өлгендер |
табиғи өсім |
|
Барлық халық 2008 2009 2010 2011 2012 Қалалық халық 2008 2009 2010 2011 2012 Ауылдық халық 2008 2009 2010 2011 2012 |
359300 358765 366210 372208 382120
197819 189636 192515 197138 201812
159736 167916 175237 175406 178450 |
155065 143682 145945 144616 141220
88939 82157 83854 83134 82541
63939 60623 62021 61079 60856 |
204677 214772 221877 228331 237900
108880 107479 108661 114004 119271
95797 107293 113216 114327 117594 |
Ескерту: www.stat.kz сайты негізінде құрылған. |
2012 жылғы мәліметтерді базалық 2008 жылмен салыстырғанда барлық халықтың туылғандары 6.35 %-ға артты.
3– сурет - Қазақстандағы барлық халықтың тууы, өлім-жітімі және табиғи өсімі
Берілген мәліметте жалпы халықтың туу жылдан-жылға артады, ал өлгендар саны 2009 жылға дейін кеміп, 2009 жылдан кейін тұрақты болды.
6-кесте - Қазақстандағы көшіп қонушылардың ұлттық құрамы бойынша топтау
адам
Ұлттық құрамдар |
2011 |
2012 |
|||||
келушілер |
кетушілер |
келушілер |
Кетушілер |
|
|||
ТМД елдері Қырғыздар Орыстар Өзбектер Белорустар Немістер Американдықтар Басқа ұлттар |
30991 1778 6626 20142 116 366 73 7013 |
31285 89 29832 192 791 971 196 1617 |
23886 1138 4935 15319 110 212 65 4407 |
28274 97 26998 154 663 817 137 1447 |
|
||
Ескерту: www.stat.kz сайты негізінде құрылған. |
|
ТМД елдеріне 2012 жылы 2011 жылға қарағанда 29,7 %-ға келушілердің саны кеміді.
4-сурет- ТМД елдеріне келушілер саны
ТМД елдеріне 2011 жылы орташа есеппен 8313,125 адам келеді. 2012 жылмен 2011 жылды салыстырғанда ТМД елдеріне келушілердің саны 7105 адамға кеміді.
5-сурет- ТМД елдерінен кетушілер саны
ТМД елдерінен 2011 жылы орташа есеппен 8121,625 адам кетті. Және 2012 жылғы кетуші халық саны базалық 2011 жылмен салыстырғанда 3011 артты.