
- •Мазмұны
- •I . Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтастыру
- •1.1 Статистикалық мәліметтерді жинақтау
- •1.2 Статистикалық топтастыру
- •– Кесте – Қазақстан халқын жынысы бойынша топтау (2013 жыл басындағы жағдай бойынша)
- •Топтау түрлері
- •1.3 Таратпалы қатарлар
- •II Әлеуметтік-экономикалық және демографиялық құбылыстарды талдауда топтастыру әдісін қолдану тәжірибиесі
- •2.1 Демографиялық процестерді топтастыру
- •Әлеуметтік-экономикалық процестерді талдауда топтастыру әдісін қолдану
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімдері
Топтау түрлері
Мәліметтерді жүйелеу міндетіне байланысты:
Типологиялық
Құрылымдық
Талдамалы
Топтау белгілерінің санын байланысты:
1) Жай
2) Күрделі
Қолданылатын ақпаратқа байланысты:
1) Алғашқы топтау
2) Қайта топтау
Сан белгісі бойынша топтастыруда топтың саны мен аралықтың көлемі жөнінде сұрақ көп туындайды. Аталмыш көрсеткіштер өзара байланысты, яғни топ неғұрлым көп болса аралық соғұрлым аз болады.
Осы мәселені шешкенде өзгерту өрісі, яғни белгінің ең көп және ең аз мағыналарының айырмасы назарға алынады. Айырма неғұрлым көп болса соғұрлым көр топ құруға болады.
Сондай – ақ зерттелетін жиынтықтың санына назар аудару қажет: егер жиынтықтың саны шамалы болса, онда көп топ құруға болмайды.
Топтың шамаланған саны (n) жиынтық бірлігі санына (N) байланысты американдық ғалым Стерджесса (Sturges) формуласы бойынша анықталады:
Осы формуланың негізінде мынадай номограмма жасауға болады:
№ |
15-24 |
25-44 |
45-89 |
90-179 |
180-359 |
360-719 |
720-1439 |
|
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Ескерту: берілген мәлімет Шоқаманов Ю.К «Статистиканың жалпы теориясы» мәліметтері негізінде құрастырылған. |
Үшінші аралықтан бастап әрбір кейінгі аралықтың басы өткен аралықтың басынының екі есе мағынасымен анықталатынын ескерсек, осы номограмманы есте сақтау қиынға соқпайды.
Аралық – әрбір топтағы белгінің ең көп және ең аз мағынасының арасындағы айырма.
Егер аралықтың бөлінуі біршама қалыпты болса, онда тең аралық белгіленеді. Мысалы жұмысшыларды еңбекақы деңгейі немесе ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігін өнімділік бойынша топтастырғанда осылай жасалады. Аралықтың мөлшері өзгеру өрісін топтың санына бөлу арқылы былайша анықталады:
Жиынтық бірліктер біркелкі емес бөлінген жағдайда тең емес аралық қолданылады. Сонда жиынтық бірліктері жинақталған шектерде бұдан тар аралық, ал қашықтық – бұдан кең болып қолданылады.
Бірінші және соңғы аралық тиісінше бір немесе екі шекарасының болуына байланысты ашық және жабық болуы мүмкін.
Бастапқы материал жиынтық бірліктерінің бөлінуін көру үшін көбінесе көп топ санына бөлінеді. Содан кейін осы топтар ірілендіріліп, сапасы біркелкі топтар алынады.
Топтастыру белгісінің бірдей сан өлшемінің әр түрлі жағдайда сапа мағынасы әр түрлі болуы мүмкін екенін ескеру қажет. Мәселен, өнеркәсіптің көптеген салалары энергияны көп жұмсайды. Сондықтан кәсіпорындарды энергияны жұмсау деңгейі бойынша топтастырғанда топтарды өнеркәсіп саласының кәсіпорындарын саралау қажет.
1.3 Таратпалы қатарлар
Статистикалық материалдарды бөлу нәтижесінде статистикалық деректердің қатарлары пайда болады. Осы қатарлар жиынтық мөлшері динамикасының өзгерісін немесе жиынтықтардың сол немесе басқа белгілер бойынша статикада бөлінуін көрсетеді.
Деректер саны өлшенбейтін (атрибутивтік) белгі бойынша, сондай – ақ олардың сан өлшемі (вариацияланатын қатарлар) өзгеретін белгілер бойынша да бөлінуі мүмкін.
Егер таратпалы қатарлар сапалық белгі бойынша құрылса, ондай қатарларды атрибутты таратпалы қатарлар деп атайды. Мысалы, халықты қала мен село халқына, ер мен әйел, тауар айналымын азық – түлік және азық – түлік емес тауарларға, жұмыс істейтін халықты салалар мен мамандықтар бойынша, ересек халықты білім деңгейі бойынша бөлу жатады.
Сандық белгілер бойынша құрылған таратпалы қатарлар вариациялық қатарлар деп аталады. Мысалы, жұмысшылардың орташа айлық еңбекақы мөлшері бойынша және кәсіпорындарды өндіріс көлемі немесе жұмыс істейтіндердің саны бойынша бөлу. Вариациялық қатарлардың мынадай екі түрі болады:
• үздікті (дискретті)
• үздіксіз (интервалды)
Үздікті (дискретті) вариациялық қатарларда топтастыру белгісі тек бүтін сан болады. Пәтерлерді бөлме саны бойынша, отбасыларын бала саны бойынша, дүкендерді касса саны бойынша топтаса, олар дискретті вариациялық қатарларды құрайды.
Үздіксіз (интервалды) вариациялық қатарларда топтастыру белгісі кез келген мәнді қабылдайды және оның мәні интервал түрінде беріледі. Мысалы, қызметкерлерді жалақы мөлшері бойынша, кәсіпорындарды негізгі капитал мөлшері бойынша топтау.
Кез келген вариациялық қатардың екі элементі болады:
• қатар варианты;
• варианттың жиілігі.
Вариант деп вариациялық белгінің таратпалы қатардағы жеке мәнін айтады. Ал жиілік әр варианттың неше рет қайталанғанын көрсетеді. Жиіліктердің қосындысы таратпалы қатардың көлемін анықтайды. Статистикада вариантты x, ал жиілікті f арқылы белгілейді.
Дискретті вариациялық қатарды график түрінде бейнелегенде таралу полигоны қолданылады. Таралу полигонын құру үшін абсцисса осіне варианттардың мәндерін, ал ордината осіне оларға сәйкес келетін жиіліктерді салады.
2 - кесте- Қазақстан халқын өз бетінше жұмыспен қамтылған жасы бойынша топтау
адам
Мерзім |
Барлығы |
Соның ішінде жасы |
Анықтама үшін |
|||||
15 |
16-24 |
25-54 |
55-64 |
64 және одан асқандар |
еңбекке жарамды жастағылар |
еңбекке жарамды жастан асқандар |
||
2012ж. 1тоқсан |
2 703 097 |
8 746 |
494 454 |
1 899 926 |
268 369 |
31 602 |
2 607 649 |
89 163 |
2012ж. 2тоқсан |
2 716 357 |
7 898 |
495 860 |
1 888 385 |
278 196 |
46 018 |
2 597 478 |
94 635 |
2012ж. 3тоқсан |
2 701 549 |
8 278 |
509 545 |
1 860 484 |
275 082 |
48 160 |
2 580 299 |
95 701 |
2012ж. 4тоқсан |
2 652 739 |
5 650 |
486 963 |
1 867 090 |
260 673 |
32 363 |
2 558 281 |
88 808 |
Ескерту: www.stat.kz сайты негізінде құрылған. |
Қазақстан Республикасы бойынша 2012 жылғы көрсеткіштер бойынша орташа есеппен еңбекке жарамды жастағы адамдар саны 2585927 адам, ал еңбекке жарамды жастан асқан адамдар саны орташа есеппен 94852 адамды құрайды.