Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sapo_kursach (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
112.42 Кб
Скачать

1.2 Статистикалық топтастыру

Бақылау бірліктерін олардың негізгі белгілеріне байланысты біртекті топтарға біріктіруді топтау дейді.

Топтау – статистикалық мәліметтерді жинақтаудың негізгі әдісі. Бұл әдісті қолдану түрлі топтардың қорытындылаушы көрсеткіштерін есептеуге, оларды салыстыруға, топтар арасында өзгешеліктердің болу себебін талдауға, белгілердің өзара байланысын анықтауға мүмкіндік береді. Егер қорытындылаушы көрсеткіштерді топтарға бөлінбеген жиынтық үшін есептесе, онда сол жиынтықтың құрылымы байқалмайды, топтардың ерекшеліктерін, олардың ролін анықтау мүмкін болмайды.

Статистикалық топтау әдісі деп қоғамдық құбылыстар мен процестерді өздеріне тән белгілеріне, өзара ұқсастығына немесе аса маңызды өзгешеліктеріне, түрлеріне, үлгілеріне (типтеріне) сәйкес бір – бірінен ажыратуға болатын топтар мен ішкі топтарға бөлуді айтады. Мұнда зерттеліп отырған қоғамдық құбылыстар мен процестер жиынтығы жекелеген белгілері бойынша біртекті топтарға бөлінеді. Олардың әрқайсысы статистикалық сандық көрсеткіштермен сипатталады. Сондықтан, топтау әдісі статистикалық зерттеудің аса маңызды кезеңі болып саналады және ол сатылы жүргізіледі.

Жиынтықтың әрбір бірлігі бірқатар вариацияланатын белгілермен сипатталады. Мысалы, өнеркәсіптік жиынтықтың бірлігі ретінде өнеркәсіптің белгіленген саласына жатады, сондай – ақ өндірістің көлеміне немесе жұмыс істейтіндердің санына байланысты мөлшерімен, сондай – ақ меншік нысанымен, белгіленген аумақта орналасуымен және басқа да белгілермен ерекшеленеді. Өнеркәсіптік – өндірістік қызметкерлер жынысымен, білімімен, мамандығымен, жұмыс өтілімен, біліктілігімен, еңбекақы мөлшерімен және басқа да белгілермен сипатталады.

Сапа мағынасын қабылдайтын белгілер (жыныс, білім, мамандық) атрибутивтік, ал саны вариацияланатын белгілер (жұмыс өтілі, еңбекақы) сандық деп аталады. Атрибутивтік белгілердің бір түріне балама белгілер жатады.

Егер атрибутивтік белгінің әр түрлі көп саны (мамандықтар, өнімнің түрлері), онда жиынтықтың бірліктерін топтарға негіздеп бөлу үшін номенклатуралар мен жіктелімдер (классификация) қолданылады. Номенклатура деп жиынтықтың жекелеген түрлерінің жүйеге келтірілген толық тізбесі ғана емес, сонымен бірге жиынтық бірліктерінің топтары мен шағын топтары кіретін атрибутивтік белгі бойынша тұрақты іргелі топтастыру аталады. Жіктеу статистикалық стандарт ретінде қарастырылады.

Топтастыру негізделген белгілер топтастыру белгілері деп аталады. Олар экономикалық және әлеуметтік ұғымдар мен терминдерге сәйкестігі бойынша таңдап алынады және бұл орайда төмендегі ережелер басшылыққа алынады:

  • белгілерді жүргізілетін статистикалық жұмыстың мақсатына сәйкес таңдау қажет.

  • топтастыру белгілері жергілікті жер мен уақыттың нақты жағдайы ескеріліп таңдалады.

  • күрделі құбылыстар үшін топтастыру бір немесе бірнеше топтастыру белгілері бойынша жасалады.

Топтастыру арқылы бірқатар міндеттер шешіледі, топтастырудың жекелеген түрлері осы міндеттер бойынша ерекшеленеді. Топтастырудың барлық міндеттері мен түрлері төртке бөлінеді:

  1. жалпы жиынтықты біртектес сапалық бөліктерге, яғни әлеуметтік – экономикалық түрлеріне (типтеріне) қарай бөлу;

  2. қоғамдық құбылыстар мен процестердің құрамын және оның ішкі құрамдас бөліктерінің өзгеруін зерттеу;

  3. вариацияланатын белгілердің сол немесе басқа жиынтықтың шектерінде өзара байланысты өзгеруін зерттеу;

  4. жиынтықтың бірліктерін қиыстырып алынған екі өзара байланысты белгі бойынша бөлу.

Осыған орай, статистикалық топтау типологиялық, құрылымдық, талдамалық (аналитикалық), (өзара байланысты) корреляциялық топтар болып төрт түрге бөлінеді. Топтардың аналитикалық және корреляциялық түрлерінің өзара байланысты белгілері факторлық және нәтижелік деп аталады. Типологиялық белгі құрылымдық белгінің өзгеруіне себеп болады .

Топтар алғашқы үш түрге қатысты сипатта бөлінеді, өйткені топ әмбебап болады, яғни бір уақытта оларды типке бөледі, сонымен бірге жиынтықтың бірқатар белгі бойынша құрамын көрсетеді және белгілердің топтар бойынша өзгерту заңдылығын ашады.

Типологиялық топтау экономикалық, әлеуметтік зерттеулерде көп қолданылады. Топтаудың бұл түрін пайдаланғанда топтау белгісін таңдаудың маңызы зор. Егер топтау сапалық белгі бойынша жүргізілсе, онда топ саны және олардың аты топтау белгісі бойынша анықталады. Мысалы, жынысы бойынша халық санын топтау (1 – кесте), кәсіпорындарды меншік түрі бойынша топтау, тіркелген заңды тұлғалар қызмет түрлері және белсенділігі бойынша топтау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]