- •Мазмұны
- •I . Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтастыру
- •1.1 Статистикалық мәліметтерді жинақтау
- •1.2 Статистикалық топтастыру
- •– Кесте – Қазақстан халқын жынысы бойынша топтау (2013 жыл басындағы жағдай бойынша)
- •Топтау түрлері
- •1.3 Таратпалы қатарлар
- •II Әлеуметтік-экономикалық және демографиялық құбылыстарды талдауда топтастыру әдісін қолдану тәжірибиесі
- •2.1 Демографиялық процестерді топтастыру
- •Әлеуметтік-экономикалық процестерді талдауда топтастыру әдісін қолдану
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімдері
I . Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтастыру
1.1 Статистикалық мәліметтерді жинақтау
Статистикалық бақылау нәтижесінде жиынтықтың әрбір бірлігі туралы деректер бар материалдар анықталады. Осы материалдар статистикалық зерттеудің екінші кезеңінде статистикалық жинақтаудың көмегімен жүйеленуі тиіс.
Статистикалық жинақтау – зерттелетін құбылысқа тән елеулі бірқатар белгі бойынша жинақталып қорытындылаған сипаттама алу мақсатында бастапқы деректерді ғылыми өңдеу.
Жинақтаудың нәтижесінде бастапқы материалдар барынша жинақталып қорытындыланған көрсеткіштермен сипатталатын статистикалық жиынтықты құрайды. Бұдан кейін жиынтықталған қорытындылардыңнегізінде басқа қорытындылайтын көрсеткіштер (орташа және қатысты шамалар), сондай – ақ статистикалық талдаудың әр түрлі әдістері есептеледі.
Олар жинақтау зерттелетін құбылыстың жоғалып кетуіне, құбылыстың ішінде көрінбей кетуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Осыған жол бермеу үшін осы құбылыстың даму заңы туралы ғылыми негізделген ілімді басшылыққа алған жөн.
Статистикалық жинақтаудың алдында статистикалық бақылаудың деректерін зерттелетін материалдың толық қамтылуына және олар жөнінде алынған мәліметтің сапасына қатысты алдын ала тексеру қажет.
Жинақтаудың құрамдас бөлігіне: 1) әзірлемеде қолданылатын топтарды анықтайтын бағдарлама және жалпы жиынтықты және оның жекелеген топтарын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі; 2) топтық және жалпы қорытындылардың есебі; 3) жинақтаудың соңғы нәтижелерін статистикалық кестелерде ресімдеу кіреді.
Статистикалық жинақтаудың бағдарламасында жиынтық жекелеген белгілер бойынша бөлінуі тиіс топтардың тізбесі болады. Бағдарламада жекелеген топтарды және жалпы бүкіл жиынтықты сипаттайтын жинақталған қатысты және орташа көрсеткіштер анықталады. Онда сондай – ақ материал әзірленетін аумақтық бірліктер де қарастырылады.
Жинақтаудың бағдарламасы статистикалық материалдың жинақтауларының негізінде толтырылуы тиіс жинақталған статистикалық кестелер макеттерінің түрінде болады.
Деректерді екі желі, яғни мемлекеттік статистика органдары жүйесі арқылы және ведомстволық жүйе арқылы жинақтап қорытындылауға болады. Деректерді ведомстволық өңдеумен салыстырғанда мемлекеттік статистика органдары жүйесі арқылы өңдеудің бірқатар келесі артықшылықтары бар:
мемлекеттік статистика органдары жүйесі дұрыс жиынтық қорытынды алуда жалпымемлекеттік мүдделерді қамтамасыз етеді;
әкімшілік – аумақтық бірліктердің атқарушы органдарының мүддесінде әкімшілік – аумақтық бөліністі қатаң сақтау мүмкіндігі;
жиынтық жұмыстардың қатарлас ағынын жою нәтижесінде жалпы жұмыс мөлшері айтарлықтай қысқарады;
материал жинақтаудың төменгі сатысының (аудан, облыстық бағыныстағы қала) өзінде шоғырлануының арасында есептеу техникасын қолдану және материалдарды бұдан да терең әзірлеу мүмкіндігі пайда болады.
Жинақтау орталықтандырылған және орталықсыздандырылған болуы мүмкін. Орталықтандырылған жинақтауда материал бір немесе бірнеше жерде жиналып, сол жерде өңделеді, алайда осының салдарынан нәтиже кеш алынады. Аумақтық – орталықсыздандырылған жинақтауда материал аумақтың іріленуіне орай кезең – кезеңмен әзірленеді және жинақтаудың нәтижесін жылдам алуға мүмкіндік береді. Алайда бұл жағдайда топтастыруды қолдану шектеледі.
Іс жүзінде әдетте аумақтық – орталықсыздандырылған және орталықтандырылған жинақтау қатар қолданылады. Мәселен, 2009 жылы Қазақстанның халық санағының материалдарын әзірлегенде алдын ала қысқаша қорытындылар әрбір елді мекен, округ, аудан, облыс бойынша халық санын есептеуді қамтамасыз ететін негізгі қорытындылардың жиынтық тізімдемесін орталықсыздандырып өңдеу нәтижесінде алынған. Санақтың соңғы қорытындылары санақ бланкілерін орталықтандырып өңдеу арқылы алынды.
Статистикалық жинақтаудың екі түрі бар:
• жай жинақтау;
• күрделі жинақтау.
Жай жинақтау қолданылғанда алынған мәліметтерді топтарға бөлмейді. Мұндай жағдайда зерттеу белгісі бойынша барлық бақылау бірліктерінің мәндерін қосып, жиынтықтың қорытынды көрсеткішін анықтайды. Мысалы, Қазақстандағы студенттер санын анықтау үшін еліміздегі барлық жоғары оқу орындарының осы көрсеткіш туралы берген мәліметтерін қосу қажет.
Статистикалық топтастыру қолданылған жинақтау күрделі жинақтау деп аталады. Күрделі жинақтауға мысал ретінде кәсіпорындарды меншік түрі бойынша топтауды келтіруге болады.
