Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sapo_kursach (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
112.42 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................3

I Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтастыру

    1. Статистикалық мәліметтерді жинақтау.....................................................4

    2. Статистикалық топтастыру..........................................................................5

    3. Таратпалы қатарлар.....................................................................................10

II Әлеуметтік-экономикалық және демографиялық құбылыстарды талдауда топтастыру әдісін қолдану тәжірибиесі

2.1 Демографиялық құбылыстарды топтастыру..........................................12

2.2 Әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды топтастыру......................17

Қорытынды..........................................................................................................22

Қолданылған әдебиеттер тізімдері…………………………………….........24

Кіріспе

Қоғамдық құбылыстар бір-бірімен байланысты болады. Бір құбылыстың өзгеруі екінші құбылысты тудырады немесе өзгертеді. Қоғамдық құбылыстардың өзара байланысын, тәуелділігін айқындау арқылы олардың даму заңдылығын анықтауға болады. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өзара байланысын зерттеу статистиканың негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.

Ал демографиялық процестер қоғамда қалыптасқан белгілі бір әлеуметтік қарым-қатынастарға негізделеді. Сондықтан халықты зерттеуде демография саясат, экономика, медицина, математика, этнография, т.б. бірқатар ғылымдармен тығыз байланыста болады. Олардың зерттеу әдістері мен тәжірибелерін, материалдарын пайдалана отырып, демография өз тарапынан да өзге ғылымдарға қажетті деректер береді. Демографиялық процестердің өзіндік ерекшеліктері, көбінесе халықтың табиғи қозғалыстары демографияның өзіндік зерттеу әдістерінқалыптастыруға негіз болды. Олар: әр түрлі буын өкілдері үшін жас айырымы көрсеткіштерін жасау арқылы дәл сол уақыттағы даму-құлдырау заңдылықтарын көрсететін гипотетикалық ұрпақ әдісі;когорт әдісі (адамдардың нақтылы буынының дамуын зерттеу); потенциалды демография әдісі, т.б. демографияда ғылымның басқа салаларындағыдай болжамдар жасау, оларды деректер арқылы тексеру және соның негізінде ғылым қорытынды жасау қажет. Көбінесе халықтың санын ұйымдастырылған статистика жолымен есептеу әдісі қолданылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Жалпы халықтың экономикалық белсенділігін, жұмыспен қамтылған халық пен жұмыссыздарды, көшіп – қонушылардың әр жылда қаншылықты келіп кеткендігін бақылап, белсенді халықтың тууы мен өлім- жітімі, табиғи өсімі мен жасы бойынша мәліметтерді қарастырып, оның динамикасын анықтау.

Курстық жұмыс міндеті: Қазақстан Республикасындағы жалпы халықтың әлеуметтік – экономикалық құбылыстарды, демографиялық процестерді топтастыру.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Қазақстандағы әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен демографиялық процестер.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс негізгі екі бөлімнен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші теориялық бөлімінде жалпы статистикалық топтастыру ұғымына түсініктеме беріледі. Ал екінші практикалық бөлімінде демографиялық процестер мен әлеуметтік – экономикалық процестер қарастырылады. Курстық жұмыс 9 кесте мен 8 суреттен тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]