
- •Экономикалық факторлары Экономикалық факторларына ең алдымен материал құнының, құралымдарды әзірлеуінің, тасымалдауының және жинақтауының шығындары кіреді.
- •2.4 Көлемдік-жоспарлық параметрлерін унификациалау
- •2.6 Көлденең рамалардың сұлбалары
- •2.7 Көлденең раманы құрастыру
- •2.7.1 Бір аралықты раманы құрастыру
- •2.7.2 Көп аралықты рамаларды құрастыру
- •2.8.1Жамылғының құралымы
- •2.9.2 Ұстындар арасындағы байланыстар
- •2.12.1 Қаңқаның анық жұмысы және есептік сұлбасын таңдау
- •2.12.2 Көлденең рамаға әсер ететін жүктемелер
- •2.12.3 Тұрақты жүктемелер
- •2.12.4 Уақытша жүктемелер
- •Ұстын; 2 – кранасты арқалық; 3 – тежеуіш арқалық немесе ферма; 4 – кран рельсі; 5 – көпірлі кран; 6 – кран арбашасының дөңғалағы
- •Список литературы
2.12.2 Көлденең рамаға әсер ететін жүктемелер
Цехтың көлденең рамасына тұрақты жүктемелер (ғимараттың көтергіш және қоршау кұралымдарының салмағынан), уақытша -технологиялық (көпірлі крандардан, аспалы көліктерден, жұмыстық алаңшалардан және с.с.) және атмосфералық (қар мен желдің жүктемелері) әсер етеді. Кейбір жағдайларда сейсмикалық әсерлерден, тіректердің шөгуінен, технологиялық үрдісінің апаттық бұзылуынан және басқалардан пайда болатын ерекше жүктемелерді есепке алу керек болады.
Рама әр жүктемеге жеке есептелуі керек. Себебі, раманың әр түрлі элементтеріндегі есептік күштеулері жүктемелердің түрлі қиыстыру кездерінде алынады.
2.12.3 Тұрақты жүктемелер
Жабынның көтергіш және қоршаушы құралымдары салмағынан пайда болатын тұрақты жүктемелер ригельдің ұзындығы бойынша біркелкі таралған түрінде қабылданады.
Жабынның 1 м2 бетіне түсетін есептік тұрақты жүктемені кесте түрінде анықтаған қолайлы болады
Жүктеменің құрамы |
Мөлшерлік жүктеме gn, кПа |
Жүктеме бойынша сенімділік еселеуіш, |
Есептік жүктеме g, кПа, |
Жүктеме құрамына жамылғының барлық қабаттарының, ферма құралымдарының, фонарьлардың, байланыстардың өздеріне тиісті жүктеме бойынша сенімділк еселеуіштерімен жүктемелері кіреді.
Ригельге түсетін қума q жүктемені 1 м2 жабын бетіне келетін жүктемені жүктелу ауданының еніне (ригельдер арасындағы қашықтыққа ) көбейтіп табады
q = g bф / cos. (133)
Итарқаасты фермалар болған кезде ұстындарға тағы итарқаасты фермалардың тіректік реакциясына тең Fиаф, шоғырланған күш түсіріледі (70-сурет).
Есептеуді жеңілдету үшін қалған тұрақты жүктемелерді шоғырланған күштерге жинақталады. Олар шартты түрде ұстынның кран үсті және кран асты бөліктеріне қималарының өсі бойынша түсіріледі.
Ұстынның төменгі бөлігінің меншікті салмағы және раманың астынан ұстынның кемеріне дейінгі бөліктегі қабырғаның жүктемесі (қабырға көтергіш емес кезінде) F1 күштің құрамына кіреді. Осыған ұқсас F2 күштің құрамына ұстынның жоғарғы бөлігінің салмағы мен кемерден жоғары ілмелі қабырғаның салмағы кіреді. F1о, F2о күштер ұстынның төменгі және жоғарғы бөліктерінің салмағына тең. Цехтың биіктігіне, ұстындардың адымына және кранның жүк көтергіштігіне байланысты әдеттегі өнеркәсіптік ғимарат ұстындарының салмағы 2 т-дан 10 т-ға дейін қабылданады, және де кран үсті бөлігінің салмағы 15-25 % - ды құрайды.
70-сурет. Тұрақты жүктемелерге есептеген кездегі рамалардың есептік сұлбалары:
а – ригель мен ұстынның қатаң қосылған кездегі есептік сұлбасы; б – соның өзі, топсалы қосылған кездегі; в – жамылғының еңкіштігін есепке алу; 1 – итарқаасты ферма; 2 – итарқалық фермалар; 3 - ұстындар
Есептеуді жеңілдету үшін кранасты арқалықтың меншікті салмағы әдетте тұрақты жүктемемен емес, кран жүктемесімен біріктіріледі.
Өндіріс ғимарттар болат қаңқасы құралымдық элементтерінің меншікті салмағы, жобаланған ғимараттарды талдау негізінде құралған, 5 – кесте бойынша шамалап анықтауға болады.
5 – кесте. Жалпыға тағайындалған өндірістік ғимараттарға кететін болат шығына
Көпірлі крандардың жүк көтергіштігі, т |
Ғимартттың 1м2 –не кететін болат шығыны, кг / м2 |
|||
шатыр |
ұстындар |
кранасты арқалықтар |
барлығы |
|
100 – ге дейін |
30-45 |
25-60 |
20-60 |
80-150 |
125-250 |
30-45 |
55-90 |
40-100 |
140-250 |