
- •Экономикалық факторлары Экономикалық факторларына ең алдымен материал құнының, құралымдарды әзірлеуінің, тасымалдауының және жинақтауының шығындары кіреді.
- •2.4 Көлемдік-жоспарлық параметрлерін унификациалау
- •2.6 Көлденең рамалардың сұлбалары
- •2.7 Көлденең раманы құрастыру
- •2.7.1 Бір аралықты раманы құрастыру
- •2.7.2 Көп аралықты рамаларды құрастыру
- •2.8.1Жамылғының құралымы
- •2.9.2 Ұстындар арасындағы байланыстар
- •2.12.1 Қаңқаның анық жұмысы және есептік сұлбасын таңдау
- •2.12.2 Көлденең рамаға әсер ететін жүктемелер
- •2.12.3 Тұрақты жүктемелер
- •2.12.4 Уақытша жүктемелер
- •Ұстын; 2 – кранасты арқалық; 3 – тежеуіш арқалық немесе ферма; 4 – кран рельсі; 5 – көпірлі кран; 6 – кран арбашасының дөңғалағы
- •Список литературы
2.7.2 Көп аралықты рамаларды құрастыру
Қаңқаның құралымын барынша типтеуге жеткізу үшін көп аралықты көлденең раманың барлық аралықтары тең және биіктіктері бірдей болғаны дұрыс.
Өндіріс технологиясының жағдайы бойынша тең аралықтар үнемі қолайлы бола бермейді. Онда олардың өлшем санын болғанынша азайтуға тырысу керек (47,а-сурет).
Барлық аралықтарда типтес итарқалық фермаларды қолдану унификациялау талаптарына сәйкес келеді. Әр түрлі аралықтарындағы итарқалық фермалардың тіректік тағандары биіктігінің теңдігі фермалардың ұстындармен және төсемнің қоршаушы элементтерімен қосылу құралымын унификациялауға мүмкіндік береді.
Көбінесе ғимараттар жазық төсемімен және ішкі суағарымен жобаланады. Кейде ішкі суағар технологиялық үрдісінің жағдайы бойынша пайдалануға жарамайды (мәселен, болат балқытатын цехтар үшін). Мұндай кездерде екі еңісті төсемдер қолданылады (47,б-сурет).
47-сурет. Көп аралықты ғимараттар көлденең рамаларының сұлбалары
Жылытылмайтын ғимараттар үшін суды сырттай бұрып кетірген жөн. Екі еңісті жабындардың қолдануын ені 70-80 м ғимараттармен шектеу керек.Себебі ені үлкен өндіріс ғимараттарын ондай жабынмен жабу бірқатар қиындықтарға келтіреді (төсем материалдарының пайдалану мерзімі қысқарады, аэрациялау жағдайлары төмендейді, жабын шатыржал бөлігінде көтерілгенінің арқасында ғимараттың көлемі көбееді).
Көп аралықты ғимараттардың жеке аралықтарында пайдалы биіктігінің әр түрлі болуы, көршілес аралықтардағы өндіріс жағдайларының түрлі сипаттылығына байланысты. Өндірістік жылу және газ көбірек бөлінетін мұндай ғимараттарда биіктігі бойынша құламасы аэрациясының тиімділігін көтеру үшін пайдалануға мүмкіншілік туғызыды. Жарықтандыру жағдайлары кейбір кездерде, көршілес аралықтар биіктіктерінің құламасын, бүйір жағынан қосымша жарық түсүру үшін пайдалануға мәжбүр етеді.
Сонымен, көршілес аралықтарының биіктігі әр түрлі көп аралықты рамалардың құралымдық сұлбасын құрастырған кезде осы аралықтарда бір немесе еңісті жабындарды қолдану мәселесін шешу керек болады. Шеткі шамалы аралықтары үшін бір еңісті жабын ең қарапайымдысы болып табылады (47,б-сурет). Үлкендеу көршілес аралықтар үшін ішкі суағарын ұйымдастыруға мүмкіншілік бар болған кезде екі еңісті фермалар орынды келеді (47,а-сурет). Ішкі суағарын ұйымдастыруға мүмкіншілік жоқ болған жағдайда бір еңісті жабын қолданылады. Жабынның еңкіштігін таңдауға төсемнің түрі әсерін тигізеді. Жабыны рулонды болған кезінде көбінесе жалпақ жабындар (i = 1,5 %) жобалады.
Көп аралықты рамаларды құрастырған кезде көлемдік-жоспарлық шешімдерін барынша унификациялау үшін бірнеше ұсыныстар мен ережелер белгіленген. Ғимарат жоспарында тік бұрышты, аралықтары бірдей және биіктігі тең болуына ынталану керек. Егер технология шарттары бойынша ол мүмкін емес болса, онда төмендеу аралықтарының бір жағына жоғарыланған аралықтарын топтастыру керек. Ғимараттың жоғарыланған мен төменделген бөліктері биіктігінің құламасы 1,8 м-ден кем болуына рұқсат етілмейді. Бұл жағдайда толығымен ғимараттың биіктігін бірдей (ең биітісі бойынша) еткен жөн.
Көп аралықты рамалардың шеткі қатары үшін құрастырулық өлшемдерін анықтау дәл бір аралықтыларға сияқты жүргіледі. Егер биіктігі бірдей ғимараттың әр аралығындағы крандардың жүк көтергіштігі өзгеше болса, онда Н2 = (Нк + 100) + f өлшемі ең үлкен краны бойынша анықталады. Мұндай жағдайда кранасты арқалық үстінің белгісі бірдей кезінде жүк көтергіштігі төмендеу крандардың габариті молынан камтамасызданады.
Биіктігі құламасыз ғимараттардың ортаңғы ұстындарының Н1, Н2, Н0 құрастырмалық өлшемдері (47,а-суреттегі А-Б, Б-В аралықтары) шеткілерімен бірдей қабылданады. Ортаңғы ұстын табаны тіректік тақтасының еден деңгейінен төмен тереңделуі шеткілерімен бірдей (600…1000 мм) қабылданады. Ортаңғы ұстынның жоғарғы бөлігінің қимасы биіктігін hж кранның жүк көтергіштігіне және ұстынның биіктігіне байланысты 400, 700, 1000 мм қабылданады. Төменгі бөлігінің қима биіктігі hн = 2ℓ1 ( 47,г-сурет), мұндағы ℓ1 –кранасты арқалықтың өсінен ұстын өсіне дейінгі қашықтық.
Көршілес аралықтарда крандарының жүк көтергіштігі бірдей емес кезінде кран рельстерін ұстын өсіне байланыстыратын ℓ1 өлшемі оң жағындағы мен сол жағындағы крандар үшін әр түрлі болуып, ұстынның төменгі бөлігі бөлшектеу өсіне қатысы асимметриялы болуы мүмкін. Биіктігінің құламасы жоқ ортаңғы ұстындар үшін кран рельстерінің екеуінде үлкендеу ℓ1 өлшемімен байланыстырады. Биіктігінің құламасы бар қатардағы раманың құрастырмалық өлшемдерін анықтауы 47,д-суретте кетірілген. Онда биіктігінің құлама жеріндегі ұстыны және де көршілес аралықтары қабырғамен бөлінгені көрсетілген. Мұндай кезде төмен аралықтағы кран рельсінің бөлшектеу өсіне байланымы мынадан кем болмауы керек, мм:
ℓ1 = а + tқ + 450 + В1 + 75,
мұндағы а – ұстынның жоғарғы бөлігі сыртқы қырының байланымы; tқ –қабырғаның қалыңдығы; 450 мм – өтпенің қоршауышымен бірге габариті; В1- – кранның рельстен асып тұратын бөлігі; 75 мм – өтпенің қоршауы мен кран арасындағы қажетті саңылау.
Өлшем ℓ1 250 мм-ге еселі болуы керек. Ұстынның төменгі бөлігі қимасының биіктігі
hт = ℓ1 + ℓ1
2.8 Жабынды құрастыру
Өндіріс ғимараттарының жабыны жамылғылық (қоршаушы) құралымдардан, жамылғыны ұстап тұратын көтергіш элементтерден (сырғауылдардан, фермалардан, фонарьлардан) және, жабынның кеңістікті өзгермеушілігін, жабын мен оның жеке элементтерінің қатаңдығы мен орнықтылығын қамсыздандыратын, жабын бойындағы байланыстардан тұрады.
Жабын жүйесінің ең қарапайым нұсқасы - сырғауылсыз жабын. Мұндай жабында жамылғының көтергіш элементтері тікелей итарқалық ферманың бедемесіне орналастырылады. Бұл сұлба негізінде тек бір элементі –итарқалық фермасы бар шатрдың арқалық торының қарапайым түрі болып табылады.
Зауытта әзірленген ірі панельді төсем тақталары бар болғандығы, итарқалық фермалардың адымы 6-12 м кезінде фермалардың белдемесіне тікелей төсем тақталарын орналастыруға мүмкіндік береді.
Жабынның басқа шешімдеріне қарағанда темірбетон тақтасы бар төсем кезіндегі сырғауылсыз жабындар, елеулі артықшылығының арқасында, негізгі жабын болып саналады. Мұндай жабындар бағасы қымбат болатты үнемдейді, себебі ғимараттың 1 м2 ауданына салмағы 12-15 кг құрайтын сырғауылдар жабыннан жойылады, сондай-ақ итарқалық фермаларға дәнекерлеп қосылған ірі панельді тақталар, байланыс элементтерінің санын қысқартады. Бірақ тақталарды дәнекерлеп біріктіру сапасы төмен болғандықтан көп жағдайларда байланыстар қалдырылған.
48-сурет. Жабындардың сұлбалары
а - сырғауылсыз; б - сырғауылды; 1 – итарқалық фермалар; 2 - сырғауылдар; 3 – жамылғы тақталары; 4 – ірі панельді тақталар
Көлденең рама ригелінің (итарқалық фермасының) үстіне жатқызатын сырғауылы бар сұлба жабынның екінші шешімі болып табылады. Осындай сұлба жеңіл төсем колданған жағдайда орынды болып келеді. Жеңіл төсемге асбестцементті тоқынды табақтар немесе (профилдіріілген) бүрмелетіген болат тосемдер жатады.
Көп аралықты ғимараттарда ішкі ұстындарының адымы сыртқысына қарағанда үлкендеу кезінде ішкі ұстындардың үстіне бойлай итарқаасты фермалар орнатылады. Оларға арадағы итарқалық фермалар тіреледі. Итарқаасты фермалар сонымен қатар көлденең рамалардың адымы үлкен болған кезінде де қолданылады (49-сурет).
49-сурет.Итарқаасты фермаларын қолданған жабын
1 – арадағы ферма; 2 – итарқаасты фермалар
Ішкі ұстындардың адымы ірі және крандардың жүк көтергіштігі үлкен кезінде кей уақыттарда, кранасты арқалық та, итарқалық ферма да тірелетін, бірлескен кранасты-итарқаасты ферма жобаланады.
Ғимаратта фонарьлар бойлай және қөлденең орналасуы мүмкін. Оның ішінен кең таралғаны бойлық фонарьлар,себебі бұл жағдайда жабын құралымдарын типтеу жеңілдетіледі.
Көлденең фонарьлар ерекше құралымдық шешімдері бар үлкен аралықты (авиақұрастырма, кеме жасау) цехтарда ұтымды келеді.