Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жарнаманың туристік экономикадағы рөлі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
240.64 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

1. Жарнаманың теориялық мәні мен түсінігі ............................................6

1.1. Жарнама, оның мәні, функциясы, рөлі мен мағынасы.........................6

1.2. Жарнама қызметін жоспарлау.................................................................9

1.3. Жарнама түрлері мен құралдары, оларды таңдау................................13

2. Қазақстан Республикасындағы жарнаманың қазіргі жағдайы мен дамуы ..................................................................................................................17

2.1. Жарнаманың туристік экономикалық тиімділігі..................................17

2.2. Қазақстан Республикасындағы жарнама нарығының даму мәселелері............................................................................................................18

2.3. Жарнама – туризм саласындағы тиімділікті жоғарлатудағы ең маңызды құралы .................................................................................................24

3. Халықаралық туризмде жарнаманы дамыту бағыттары..................... 27

3.1. Жарнамадағы басты мәселелер және оларды шешу жолдары............27

3.2. Жарнама нарығының қарқынды даму бағыттары................................29

Қорытынды.........................................................................................................31

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................32

Қосымшалар ......................................................................................................33

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында туризм қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Осыған байланысты әртүрлі туристік кешендер, қонақүйлер, туристік фирмалар, ұйымдардың көбеюі туристік экономиканың дамуына оз септігін тигізуде. Сондықтан бұл мекемелер жарнаманы пайдаланады. Соның ішінде жарнаманың туристік экономикаға тигізер әсері өте зор.

Жарнаманың мәні оның қоғамдағы алатын қоғамдық, экономикалық, маркетингтік және коммуникациялық рөліне байланысты.

Жарнаманың қоғамдық рөлі оның адамдардың санасы, көзқарасы, пікірлері мен мінез-құлқының қалыптасуында әсерін тигізуінде. Сәннің, стильдің және дизайнның тенденциясын көрсету арқылы жарнама адамның эстетикалық кажеттілігіне әсер етеді.

Жарнама сұраныс пен ұсыныс жасауға, бәсекенің пайда болуына, инвестиция үйіруге, өткізу нарығының кеңеюі мен сайып келгенде, жалпы экономиканың және оның әр түрлі саласының дамуына әсерін тигізеді. Бұл жарнаманың экономикалық ролін ерекшелейді.

Сату көлемін ұлғайту және пайда табу үшін сапалы тауарлар мен қызметтерді иелену жеткіліксіз, ол үшін тұтынушылардың осы тауарлардан алатын пайдасын олардың санасына жеткізе білу керек. Бәсекенің күшеюі мен нарықтың тауарлармен толығуына байланысты қазіргі кезде маркетингтік коммуниацияның рөлі мен маңыздылығы өсуде.

Маркетингтік коммуникацияның мынадай түрлері бар:

- жарнама;

- өткізуді ынталандыру;

- жеке (дербес, персональные) сату;

- қоғаммен байланыс – паблик рилейшнз (PR).

Тауарды нарыққа жылжыту жүйесіндегі экономикалық классикалық тұжырымдамасында жарнаманы ең бірінші орынға қояды. Ол болашақ сатып алушылардың санасы мен назарына тауарлар мен қызметтер туралы маңызды фактілер мен мәліметтерді жеткізу үшін көркем көрсетілген нысанда қысқа және нұсқа түрінде ұсынылады.

Жарнаманың мәні оның қоғамдағы алатын қоғамдық, экономикалық, маркетингтік және коммуникациялық рөліне байланысты.

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы жарнама қызметін теориялық негіздері арқылы экономиканың мәнін түсіну, жарнаманың даму бағыттарын, тиімділігін және жарнамалық процестерін басқарудың арттыру жолдарын іздестіру.

Жұмыстың міндеті: Жарнаманың туристік экономикадағы рөлі және олардың қызметтерін, мақсаттарын және міндеттерін зерттеу, әлемдік экономикадағы мәнін, туризм ұғымы мен түсінігін анықтап, зерттеу.

Жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.