
- •Туризм географиясы
- •Isbn 9965-29-761-4
- •Рекреациялық географияның теориялық негіздері
- •§ 1 Рекреациялық географияның негізгі түсініктері
- •§ 2 Рекреацияның әлеуметтік-экономикалық мәні және негізгі функциялары
- •§ 3 Рекреациялық қажеттіліктер – рекреациялық іс-әрекеттің кеңістік-уақыттық ұйымдастырылуының негізі
- •§ 4 Рекреациялық іс-әрекет, оның құрылымдық және функционалдық ерекшеліктері.
- •Рекреациялық шаралардың типологиясы
- •§ 5 Рекреациялықсаланың территориялық ұйымдастырылуының шарттары мен факторлары
- •§ 6 Рекреациялық география - жаңа қоғамдық-географиялық ғылым
- •§ 7 Территориялық рекреациялық жүйелер және оларды зерттеу мәселелері
- •Туризм географиясының теориялық негіздері
- •§ 1 Рекреациялық география және туризм географиясы туралы түсініктердің арақатынасы
- •§ 2 Туризмнің даму тарихы
- •§ 3 Туризм тарихын географиялық тұрғыдан зерттеу
- •§ 4 Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздері
- •§ 5 Туризм географиясының мақсаттары мен міндеттері, зерттеу нысаны мен пәні
- •§ 6 Туризм географиясының негізгі мәселелері және зерттеу әдістері
- •§ 7 Туризм географиясының географиялық және басқа ғылымдар жүйесіндегі орны
- •§ 8 Қазіргі туризм классификациясы
- •Рекреациялықбаға беру жәнеаумақты рекреация үшін пайдалану. Туристік аудандастырудың негіздері
- •§ 1 Туризм дамуының табиғи алғышарттары
- •§ 2 Туризм дамуыньщ әлеуметтік-экономикалық алғышарттары
- •§ 3 Туристік-рекреациялық ресурстар
- •§4 Территорияға рекреациялық баға берудің әдістемесі мен критерийлері
- •§ 5 Территорияның туристік-рекреациялық сыйымдылығын зерттеу мәселелері
- •§ 6 Туризмнің дамуы және табиғатты қорғау
- •§ 7 Демалыс пен туризм мақсатында территорияны аудандастыру. Туристік аудан, оның ерекшеліктері
- •Туризм - халық шаруашылығыныңсаласы
- •§ 1 Туризм - қоғамдық-шаруашылық жүйе
- •Туризмнің экономикалық маңызы (с. Водейко,1997)
- •§ 2 Туристік сұраныс пен туристік ұсыныс
- •§ 3 Туристік шаруашылық
- •§ 4 Туризм индустриясы және туристік нарық
- •§ 5 Туристерге көрсетілетін қызмет сапасының мәні мен маңызы
- •§ 6 Туризм менеджменті
- •§ 7 Туризм маркетингі
- •§ 8 Туристік қызметтер нарығын мемлекеттік тұрғыдан реттеу
- •§ 1 Халықаралық туризм - сыртқы экономикалық қатынастар түрі
- •§ 2 Шетел туризмінің экономикалық дамуына жасайтын әсері
- •§ 3 Халықаралық туризм дамуыныңнегізгі факторлары мен шарттары
- •§ 4 Қазіргі халықаралық туризм статистикасы
- •§ 5 Халықаралық туризм дамуының қазіргі тенденциялары
- •§ 6 Әлемдік халықаралық туризм географиясы
- •Туризмнен түсетін пайда бойынша алдыңғы катардағы он ел (2009 ж. Халықаралық туристік түсімдер)
- •§ 7 Халықаралық туристік ұйымдар және олардың туризм дамуындағы рөлі
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Мазм¥ны
- •Туризм географиясы "Туризмология негіздері" пәні бойынша оку кұралы
- •050040, Алматы каласы, эл-Фараби даңғылы, 71.
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Станислав Ердәулетов
Жаннат Алиева
Айдар Жұмаділов
Туризм географиясы
"Туризмология негіздері"
пәні бойынша оқу құралы
Алматы
'Қазақ университеті"
2011
ББК 75.3 я 7
Е69
Баспага әл-Фараби атындағы Қазац ұлттъщ университеті
география факулътетінің Ғылыми кецесі және
Редакциялық-баспа кеңесі шешімімен ұсынылган
Пікір жазғандар:
география ғылымдарының докторы, профессор Ш.М. Надыров
география ғылымдарының докторы, профессор А.Р. Медеу
география ғылымдарының докторы, профессор О.Б. Мазбаев
Ердәулетов СР., Алиева Ж.Н., Жұмаділов А.Р.
Е 69 Туризм географиясы: "Туризмология негіздері" пәні бойынша оку кұралы: - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 331 бет.
ISBN 9965-29-761-4
Туризм көпқырлы, кеңістікте жайылған әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде жүйелі түрде карастырылған.
Кітапта туризм дамуының алғышарттары, оның халық шаруашылық салалары жүйесіндегі орны, ғылыми-техникалықреволюция жағдайындағы даму факторлары мен шарттары, негізгі критерийлері мен ұғымдары, аумақтық рекреациялық кұндылықтарын бағалау критерийлері мен әдістері, туристік аудандастыру, туристік өнімді өндіру және сату сияқты мәселелер қарастырылған.
Туризм мамандығы бойынша оқитын ЖОО студенттеріне, сонымен катар, туристік-өлкетану жұмысының негіздерін оқытатын мектептерде, гимназия-ларда және басқа оқу орындарына арналған. Сондай-ак, оқу құралы туристік-рекреациялықпәндерді жүргізетін оқытушыларға, туризм қызметкерлеріне және туризмге қызығушылық білдіретін оқырмандарға арналған.
ББК 75.3 я 7
© Ердәулетов СР., Алиева Ж.Н., Жұмаділов А.Р., 2011
© Әл-Фараби атындағыҚазҰУ, 2011
Isbn 9965-29-761-4
КІРІСПЕ
Туризм байырғы заманнан бері дамып келуде, дегенмен бұләлеуметтік-экономикалық құбылыспен байланысты ғылым тек XVIIIғасырдың соңына қарай ғана пайда болды. Осы саладағы ауқымды зерттеулер XIXғасырдың екінші жартысынан бері жүргізілуде.Туризм мәселелерімен тығыз айналысқан алғашқы ғылым география болды, сондықтан туризм географиясы дүниеге келген және оның өркендеуі XXғасырдың 30-шы жылдарына сай келеді. Кейінірек туризммен басқа да ғылымдар айналысатын болды, қазір туризм мәселелерін 20-га жуық ғылыми пәндер зерттеуде. Алайда туризмді түлас шаруашылық жүйесі ретінде кешенді түрде зерттейтін болғандығынан туризм географиясы ең басты ғылым болып табылады. Басқаша айтсақ, тек кана туризм географиясы туристік іс-әрекеттің табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, саяси, ғылыми-техникалық және басқа да қырларын зерттейтін жалгыз ғылым деп айтуға болады [1].
Географияның туризмді зерттейтін ғылымдар арасындағы жетекші рөлінің себебі - туризмнің Жер кеңістігін танып білуге бағытталғандығында, географиялық ортамен, қоғаммен, оның қоғамдық жәнеәлеуметтік-шаруашылық іс-әрекетімен тығыз байланыстылығында. Осындай кеңістікті тану бөлек еддер, аумақтар мен күрлықтар аумақтарымен тығыз байланысты. Дәл осы себеп-тен «туризм» мен «география» ұғымдары бір-бірімен байланысты ұғымдар, өйткені география табиғижәнеәлеуметтік-экономикалық құбылыстарын олардың кеңістіктегі (аумақтагы) орналасуына қарай зерттейтін ғылым болып табылады. Географияның зерттеу ауқымы кең, синтетикалық сипатқа ие: бұл ғылым жаратылыс ғылымдары (географиялық ортаны зерттеу) және қоғамдық ғылымдарының (адам қоғамының тұрмысы мен шаруашылығын зерттеу) түйіскен жерінде орналасады. Барлық қоғамдық, әлеуметтік және экологиялық үрдістер белгілі бір аумақта орын табады. Әрбір аталған объект бір жағынан функцияларын дербес түрде орындауымен бірге, бір-бірімен және де аумақпен өзара әрекеттеседі. Бұл жағынан территорияны халық тіршілігінің интеграторы деп атауға болады.
Осыған орай, географиялық ортаның біліміне сүйеніп, кеңістік құбылыстары мен үрдістердің анализі мен синтезін дұрыс өткізетін географ қана туризммен байланысты әлеуметтік-экономикалық және экологиялық құбылыстарын терең түсіндіре алады.
Дәлосы себептен туризм мамандарын даярлау университеттердің география факультеттерінде жүргізілуі керек. География басқа ғылымдарға қарағанда болашақтағы туризм мамандарына қажетті білім мен дагдыларын бере алады. Жоғарыда айтылғандай, география қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) үрдістерді кеңістіктегі орналасуына байланысты түрде қарастырады, ал туризм болса, ең алдымен кеңістікте орналасқан әлеуметтік-экономикалық құбылыс болып табылады.
Туризм географиясы - туризмнің аумақтық (кеңістіктік) ұйымдастырылуын зерттейтін ғылым, оның зерттеу пәні - кеңістіктегі туристік құбылыстар формалары мен қатынастарының және оларга байланысты үрдістердің анализі мен синтезін жасау болып табылады.
Туризм кешенді құбылыс ретінде пәнаралық зерттеулер объектісіне айналды. Осындай пәнаралық зерттеулер негізінде жаңа ғылым - туризмология аяғына түрып келе жатыр; туризмологияның дамуына география, экономика, менеджмент, маркетинг, социология, психология, медицина, курортология, экология, педагогика, сәулетөнері мен қала құрылысы, заңтану, аудандық жоспарлау жәнебасқа да жаратылыста-ну, гуманитарлық, қоғамдық және техникалық ғылымдар өз үлесін қосуда. Бұл жагынан, географиямен салыстырсақ, басқа ғылымдар туристік іс-әрекеттің тек бір бөлігін немесе кейбір қырларын ғана зерттеумен айналысады (мысалға, туризм экономикасы туристік іс-әрекеттің экономикалық немесе өндірістік аспектілерін; туризм педагогикасы - туристік мамандарын даярлаудың педагогикалық негіздерін зерттейді және т.с.с). Ал географияны қарастырсақ, туризм жөніндегі кешенді интегралдық-синтетикалық ғылым ретінде ол қазір қалыптасып келе жатқан туризмология рөлін орындай алады.
Сондықтан туризмнің ғылыми зерттелуі мен туристік мамандарын даярлау жүйесі университеттердің география факультеттерінде пайда болып дамыған [2].
Қазіргі кезде егеменді Қазақстанның алдыңда бұрын болмаған мәселелерді шешу міндеттері тұр, оның ішінде туристік кадрларды даярлау мәселесі. Бұл жолда бірталай жетістіктермен бірге кемшіліктер де бар. Қазір туризм саласы үшін кадрларды 25-тен астам ЖОО дайындайды [3]. Бірақ, өкінішке орай, осы ЖОО-да көбінде білім беру деңгейі өте нашар, себебі оларда не білікті оқытушылар, не материалдық база, не оқу жәнекәсіби тәжірибелік базалары жеткілікті емес. Авторлардың пікірінше, осындай ЖОО санын қысқартып, дәрежесін көтеру қажет, атап айтсақ, Қазақстанның бес аймагында бір университеттен, Алматыда 2-3 университет қалдырып білім беру сапасын өңдеу керек. Тек осындай шаралар қолданылса ғана жоғары білікті туристік мамандарын даярлау сапасы қажетті деңгейге жетпек.
Алдымыздағы оқулықты әзірлеу жұмысының негізінде туризм ғылымына, оның ішінде ең алдымен рекреациялық туризм, туризм экономикасы ғылымдарына ойдағыдай үлес қосқан кеңес одағының географтары мен экономистерінің еңбектері бар: В.И. Азар, А.Ю. Александрова, MA. Ананьев, М.Б. Биржаков, Ю.А. Веденин, ВТ. Гуляев, И.В. Зорин, В.А. Квартальнов, Б.Н. Лиханов, Н.С. Мироненко, Л.И. Мухина, B.C. Преображенский, И.И. Пирожник, И.Т Твердохлебов, Н.И. Кабушкин, В.Б. Сапрунова, П.Г. Царфис және т.б.
Сонымен қатар, Батыс елдерінің бірталай авторларының еңбектері қолданылды: Ф. Ашер, П. Барнс, Р. Буркарт, Г. Ваккерманн, Т. Ведан, Г. Гуибилато, К. Крапф, С. Медлик, В. Унцикер, Д. Уокер, А. Холден, С. Холл және т.б.
Бұл еңбекте СР. Ердәулетовтің Варшава, Лодзь, Познань, Ягеллон университеттеріне жасалған іссапарларындағы ғылыми тәжірибесі жәнеполяк мамандарының (С. Лещицкий, А. Костровицкий, Я. Вар-шиньска, Я. Гезгала, С. Лишевский, А. Марш, М. Милеска, О. Рогалевский, К. Пшеславский, А. Яцковски, М. Бочваров, А. Ковальчик, В. Гаворецкий және т.б.) туризм географиясы мен экономикасы саласындағы жұмыстары қолданылды.
1 -mарay