
- •Студенттің пәндік оқу-әдістемелік кешені
- •Алматы 2012
- •© Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы - Syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарынан көшірме
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі
- •Тапсырмалардың түрлері және оларды орындау кестесі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімдерді бақылау және бағалау
- •Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік балдарды бөлу
- •«Мұнайхимиялық кешеннің негізгі көмірсутек шикізаты – ароматты көмірсутектер өндірісі» пәні бойынша бақылаудың барлық түрлерін өткізудің күнтізбелік кестесі
- •Студенттердің білімдерін бағалау
- •Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтардың тізімі
- •1 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •2 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •Курстың тақырыптық жоспары
- •Дәрістік сабақтың конспектілері
- •Ароматты көмірсутектердің қайнау және балқу температуралары
- •Ароматты көмірсутектердің бу қысымын есептеуге арналған тұрақтылар
- •Кейбір ароматты көмірсутектердің тұтану температуралары және буының ауамен жарылғыш қоспа түзу шегі
- •Сурет 1. Бензолды қолданудың негізгі бағыттары.
- •Сурет 2. Катализатордың қозғалмалы қабаты бар бензинді каталитикалық риформинглеу қондырғысының схемасы
- •Пиролиз бензині, риформат және шикі бензол өнімдерінің типтік құрамы
- •Ароматты көмірсутектерді әр түрлі еріткіштермен экстракциялау процесінің негізгі көрсеткіштері
- •Арендерді бөліп алу үшін қолданылатын экстрагенттердің физика-химиялық қасиеттері
- •Сурет 3. Бензинді каталитикалық риформинглеу қондырғысында ароматты көмірсутектерді сұйық фазада экстракциялау блогының технологиялық схемасы.
- •Каталитикалық риформинг процесінде бөлінетін арендердің сипаттамалары
- •Ароматты көмірсутектер фракциясы Сурет 4. «Uhde» фирмасының ароматты көмірсутектерді экстрактивті дистилдеу қондырғысының схемасы
- •Каталитикалық риформинг риформаты
- •Сурет 5. Риформатты селективті гидрлеу блогы бар «Морфилейн» қондырғысында арендерді экстрактивті дистилдеу схемасы
- •Сурет 6. М-ксилолды hf-bf3 қоспасымен экстракциялап бөліп алудың принципиалды схемасы
- •Сурет 7. Кристалдау әдісі арқылы п-ксилол алудың принципиалды схемасы
- •Сурет 8. П-ксилолды бөліп алудың адсорбциялық «Парекс» процесінің принципиалды схемасы
- •Сурет 9. Изомерлеу процесімен бірлескен ксилол фракциясын бөлудің технологиялық схемасы
- •– Этилбензолды айыру бағанасы; 2 – о-ксилолды бөлу бағанасы;
- •"Parex - Isomar" кешенінің типтік материалдық балансы
- •Сурет 10. Толуолды каталитикалық гидродеалкилдеу әдісінің принципиалды схемасы
- •Сурет 11. Толуол мен с8 арендерін термиялық гидродеалкилдеу технологиясының схемасы
- •Толуолды диспропорционирлеу мен гидродеалкилдеу процестерінің салыстырмалы сипаттамалары
- •Сурет 12. "Mobil Oil Corp" әдісі бойынша толуолды диспропорционирлеу процесінің принципиалды технологиялық схемасы
- •Сурет 13. "Trans Plus" процесінің принципиалды технологиялық схемасы
- •Сурет 14. "Detol" процесінің принципиалды технологиялық схемасы
- •"Detol" процесі шикізатының және өнімдерінің типтік құрамы
- •С9 арендердің физика-химиялық сипаттамалары
- •Құрамы с10 болатын арендердің физика-химиялық қасиеттері
- •Сурет 15. Дуролды екі сатылы экстрактілі кристалдау әдісімен бөліп алу және тазалаудың принципиалды схемасы
- •Сурет 16. Бензолды қолданудың негізгі бағыттары.
- •Сурет 17. Этилбензолды "Monsanto Co""Lummus Crest Inc." әдісімен алу процесінің принципиалды технологиялық схемасы.
- •Сурет 18. "Lummus /"Unocal"-"uop" процесінің технологиялық схемасы.
- •Сурет 19. Бензолды сұйық фазада гидрлеу арқылы циклогексан алу процесінің принципиалды технологиялық схемасы.
- •Мұнай бензолының сапасына қойылатын негізгі талаптар (мест 9572-77)
- •Сурет 20. Суды ароматты көмірсутектерден азеотропты тазалаудың принципиалды схемасы.
- •Әлемнің жекелеген елдеріндегі бензол өндірісі, (мың т.)
- •1999 Жылғы толуол өндірісінің қуаттылығы мен оны тұтыну ауқымы
- •Мұнай-газ өңдеу мен мұнайхимияның негізгі процестерін жіктеу схемасы
- •Сурет 21. Жылуалмастырғыш аппараттар.
- •Сурет 22. Құбырлы реакторлар.
- •Сурет 23. Бағаналы реакторлар.
- •Сурет 24. Реакциялық камералар.
- •Тәжірибелік сабақтар
- •2.4 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
- •2.5 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (сөж)
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары
- •Тест сұрақтарының жауаптары
- •Курс бойынша емтихан сұрақтарының тізімі
- •Глоссарий
- •Мазмұны
- •Студенттің пәндік
- •Селенова Багадат Саматқызы Матаева Зайра Тоқтарбекқызы
Студенттердің білімдерін бағалау
Баға |
Әріптік эквивалент |
Рейтинг балл |
|
пайызбен (%) |
Сандық эквивалент (GPA) |
||
Өте жақсы |
А А- |
95-100 90-94 |
4 3,67 |
Жақсы |
В+ |
85-89 |
3,33 |
В |
80-84 |
3,0 |
|
В- |
75-79 |
2,67 |
|
Қанағаттанарлық |
С+ |
70-74 |
2,33 |
С |
65-69 |
2,0 |
|
С- |
60-64 |
1,67 |
|
D+ |
55-59 |
1,33 |
|
D |
50-54 |
1,0 |
|
Қанағаттанарлықсыз |
F |
0-49 |
0 |
Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтардың тізімі
1 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
Ароматты көмірсутектер алу көздерін сипаттаңыз.
Ароматты қосылыстардың құрылымын квант-механикалық тұрғыдан түсіндіру. Ароматтылық критерийі. Энергетикалық критерийлер.
Ароматты электрофильді орын басу реакцияларының элементар сатылары.
Ароматты нуклеофильді орын басу реакцияларының элементар сатылары.
Ароматты бос радикалды орын басу реакциялары. Арилді, алкилді және басқа топтарды енгізу.
Ароматты қосылыстардың бүйір тізбектеріндегі және функционалдық топтарындағы сутектің орын басуы.
Ароматты сақина мен функционалдық топтардағы тотықсыздандыру реакциялары.
Бүйір тізбектерді, ароматты сақиналарды және функционалдық топтарды тотықтыру.
Ароматты көмірсутектер фракциясын алу технологиясы.
Риформинг катализатынан арендерді бөліп алу.
Бензолды бөліп алу және тазалау.
Ароматты көмірсутектерді экстракциялау технологиясы.
Октенар процесі. Ксилолдарды алу және бөліп алу.
п-ксилол алу. Параксилолды адсорбциялау технологиясы.
Ксилолдарды изомерлеу технологиясы.
С8+ көмірсутектерін гидродеалкилдеу технологиясы.
2 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
Толуолды диспропорционирлеу технологиясы.
Толуол /С9 трансалкилдеу технологиясы.
С9 және С10 арендерін бөліп алу.
Нафталин мен полициклоарендердің қолданылуы.
Арендер мен олардың маңызды туындылары өндірісінің өнеркәсіптік процестерінің принципиалды технологиялық схемалары.
Ароматты көмірсутектер сапасына қойылатын талаптар.
Талдау және сапаны бақылау әдістері.
Ароматты көмірсутектер өндірісінің қалдықтары мен ағын суларды тазалау.
Арендер мен олардың маңызды туындыларының рыногы.
Ароматты көмірсутектер өндірісіндегі технологиялық процестердің жабдықтары.
Техникалық азот өндірісі.
Аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
Мұнайхимиялық өнеркәсіптерде ароматты көмірсутектерге сұраныс қалай анықталады?
Ароматты көмірсутектерді алудың негізгі көздерін атаңыз. Ароматты шикізатты әр түрлі жолдармен алуды блок-схема түрінде сипаттаңыз.
Қазақстандағы негізгі ароматты көмірсутектер өндірісінің жобаланған қуаттылығын сипаттаңыз. Қазақстанда риформинг өнімдерінен бензолды көмірсутектер өндіру қандай принципке негізделген?
Ароматты көмірсутектердің жіктелуі. Моноциклді және конденсирленген ароматты қосылыстардың дәстүрлі атаулары қалай құралады?
Ароматты көмірсутектердің молекулалық массасы бірдей алкандар мен циклоалкандардан ерекше өзгешеліктері. Олар қалай түсіндіріледі?
Ароматтылық ұғымына анықтама беріңіз. Ароматтылықтың физикалық критерийлері.
Ароматты электрофильді орын басу реакцияларына мысал келтіріңіз.
Ароматты нуклеофильді орын басу реакцияларына мысал келтіріңіз.
Бос радикалды орын басу реакцияларының қандай топтары ароматты қосылыстарға енуге мүмкіндік туғызады?
Ароматты көмірсутектерді тотықсыздандырудың негізгі әдісі. Ароматты қосылыстарды тотықсыздандыру реакцияларының механизмдері.
Алкилароматты қосылыстарды тотықтыру. Мақсатты өнімдер.
Алкилароматты қосылыстарды тотықтырып аммонолиздеу процесінің мақсаты. Реакцияның жүру механизмі.
Бензинді каталитикалық риформинглеу процесінің қандай түрлері қазіргі кезде бар? Оларды схема түрінде сипаттаңыз.
Каталитикалық риформинг процесінің шикізатына қандай талаптар қойылады?
Бензинді риформинглеу катализаторларын атаңыз. Өндірістік қондырғыларда риформинг катализаторларын регенерациялау қалай жүргізіледі?
Бензинді риформинглеу процесінің химизмі қандай реакцияға жатады?
Бензинді стационарлы катализаторда риформинглеу процесінің негізгі параметрлері. Процестің принципиалды схемасын сипаттаңыз.
Катализатордың қозғалмалы қабаты бар қондырғылардың артықшылықтары. ЛФ-35-11/1000 қондырғысының принципиалды схемасын сипаттаңыз. Бұл қондырғы қандай блоктардан тұрады?
ЛГ-35-8/300Б қондырғысында риформаттан арендерді экстракциялау блогының технологиялық схемасын сипаттаңыз. Қолданылатын экстрагенттер.
«Institut Francais du Petrole» процесінің мақсаты мен сипаттамасы.
Катализатордың қозғалмалы қабаты бар риформинг қондырғыларында катализаторлардың қандай түрлері қолданылады? Катализаторды регенерациялау қалай жүргізіледі?
Риформаттан ароматты көмірсутектерді бөліп алу қандай жолмен жүзеге асырылады?
Риформаттан арендерді экстракциялау кезінде қандай экстрагенттер қолданылады?
С8 изомерлерін бөліп алу қандай принципке негізделген?
Орташа дистиллятты мұнай фракцияларынан арендерді экстракциялау қандай мақсатта жүргізіледі? Басқа әдістермен салыстырғанда экстракциялық әдістердің артықшылықтары.
Экстрактілі дистилдеудің сұйықтықты дистилдеуден артықшылығы.
Риформаттан бензолды бөліп алу. Морфилейн процесі. Процестің технологиялық схемасын сипаттау.
«Октенар» процесінің ерекшеліктері.
Толуолды диспропорционирлеу және трансалкилдеу технологиясы.
Арендер өндірісінің технологиялық процестерінің жабдықтары.
1.9 Курстың саясаты мен процедурасы. Оқытушы студентке мынадай талаптар қоя алады: міндетті түрде сабаққа қатысуы, бақылаудың барлық түріне өз уақытымен есеп беру, келмеген сабақтарына қайтадан жауап беру. Бақылау түрлерін тапсыру барысында оқытылатын пәннің бірізділігін сақтау қажет.
Бақылаудың барлық түрін көрсетілген уақыт бойынша орындап тапсыру қажет. Кезекті тапсырмасын өткізбеген студент, сол тапсырмасын келесі сабақта тапсыруға мүмкіндігі бар, бірақ ол үшін семестрдің басында оқытушымен келісілген айып балын алады.
Бақылаудың барлық түрін орындамаған студент емтиханға жіберілмейді.