
- •Студенттің пәндік оқу-әдістемелік кешені
- •Алматы 2012
- •© Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы - Syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарынан көшірме
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі
- •Тапсырмалардың түрлері және оларды орындау кестесі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімдерді бақылау және бағалау
- •Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік балдарды бөлу
- •«Мұнайхимиялық кешеннің негізгі көмірсутек шикізаты – ароматты көмірсутектер өндірісі» пәні бойынша бақылаудың барлық түрлерін өткізудің күнтізбелік кестесі
- •Студенттердің білімдерін бағалау
- •Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтардың тізімі
- •1 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •2 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •Курстың тақырыптық жоспары
- •Дәрістік сабақтың конспектілері
- •Ароматты көмірсутектердің қайнау және балқу температуралары
- •Ароматты көмірсутектердің бу қысымын есептеуге арналған тұрақтылар
- •Кейбір ароматты көмірсутектердің тұтану температуралары және буының ауамен жарылғыш қоспа түзу шегі
- •Сурет 1. Бензолды қолданудың негізгі бағыттары.
- •Сурет 2. Катализатордың қозғалмалы қабаты бар бензинді каталитикалық риформинглеу қондырғысының схемасы
- •Пиролиз бензині, риформат және шикі бензол өнімдерінің типтік құрамы
- •Ароматты көмірсутектерді әр түрлі еріткіштермен экстракциялау процесінің негізгі көрсеткіштері
- •Арендерді бөліп алу үшін қолданылатын экстрагенттердің физика-химиялық қасиеттері
- •Сурет 3. Бензинді каталитикалық риформинглеу қондырғысында ароматты көмірсутектерді сұйық фазада экстракциялау блогының технологиялық схемасы.
- •Каталитикалық риформинг процесінде бөлінетін арендердің сипаттамалары
- •Ароматты көмірсутектер фракциясы Сурет 4. «Uhde» фирмасының ароматты көмірсутектерді экстрактивті дистилдеу қондырғысының схемасы
- •Каталитикалық риформинг риформаты
- •Сурет 5. Риформатты селективті гидрлеу блогы бар «Морфилейн» қондырғысында арендерді экстрактивті дистилдеу схемасы
- •Сурет 6. М-ксилолды hf-bf3 қоспасымен экстракциялап бөліп алудың принципиалды схемасы
- •Сурет 7. Кристалдау әдісі арқылы п-ксилол алудың принципиалды схемасы
- •Сурет 8. П-ксилолды бөліп алудың адсорбциялық «Парекс» процесінің принципиалды схемасы
- •Сурет 9. Изомерлеу процесімен бірлескен ксилол фракциясын бөлудің технологиялық схемасы
- •– Этилбензолды айыру бағанасы; 2 – о-ксилолды бөлу бағанасы;
- •"Parex - Isomar" кешенінің типтік материалдық балансы
- •Сурет 10. Толуолды каталитикалық гидродеалкилдеу әдісінің принципиалды схемасы
- •Сурет 11. Толуол мен с8 арендерін термиялық гидродеалкилдеу технологиясының схемасы
- •Толуолды диспропорционирлеу мен гидродеалкилдеу процестерінің салыстырмалы сипаттамалары
- •Сурет 12. "Mobil Oil Corp" әдісі бойынша толуолды диспропорционирлеу процесінің принципиалды технологиялық схемасы
- •Сурет 13. "Trans Plus" процесінің принципиалды технологиялық схемасы
- •Сурет 14. "Detol" процесінің принципиалды технологиялық схемасы
- •"Detol" процесі шикізатының және өнімдерінің типтік құрамы
- •С9 арендердің физика-химиялық сипаттамалары
- •Құрамы с10 болатын арендердің физика-химиялық қасиеттері
- •Сурет 15. Дуролды екі сатылы экстрактілі кристалдау әдісімен бөліп алу және тазалаудың принципиалды схемасы
- •Сурет 16. Бензолды қолданудың негізгі бағыттары.
- •Сурет 17. Этилбензолды "Monsanto Co""Lummus Crest Inc." әдісімен алу процесінің принципиалды технологиялық схемасы.
- •Сурет 18. "Lummus /"Unocal"-"uop" процесінің технологиялық схемасы.
- •Сурет 19. Бензолды сұйық фазада гидрлеу арқылы циклогексан алу процесінің принципиалды технологиялық схемасы.
- •Мұнай бензолының сапасына қойылатын негізгі талаптар (мест 9572-77)
- •Сурет 20. Суды ароматты көмірсутектерден азеотропты тазалаудың принципиалды схемасы.
- •Әлемнің жекелеген елдеріндегі бензол өндірісі, (мың т.)
- •1999 Жылғы толуол өндірісінің қуаттылығы мен оны тұтыну ауқымы
- •Мұнай-газ өңдеу мен мұнайхимияның негізгі процестерін жіктеу схемасы
- •Сурет 21. Жылуалмастырғыш аппараттар.
- •Сурет 22. Құбырлы реакторлар.
- •Сурет 23. Бағаналы реакторлар.
- •Сурет 24. Реакциялық камералар.
- •Тәжірибелік сабақтар
- •2.4 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
- •2.5 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (сөж)
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары
- •Тест сұрақтарының жауаптары
- •Курс бойынша емтихан сұрақтарының тізімі
- •Глоссарий
- •Мазмұны
- •Студенттің пәндік
- •Селенова Багадат Саматқызы Матаева Зайра Тоқтарбекқызы
Мұнай-газ өңдеу мен мұнайхимияның негізгі процестерін жіктеу схемасы
Физикалық процестер көмегімен мұнайды құрамдас компоненттеріне (отын және май фракциялары) химиялық өзгеріссіз бөлуге қол жеткізуге болады. Өз кезегінде физикалық процестерді келесі топтарға бөлуге болады:
массаалмасу (ректификация, абсорбция, адсорбция, экстракция, кептіру, кристалдау және т.б.);
гидромеханикалық (тұндыру, фильтрлеу, араластыру және т.б.);
механикалық (үгіту, мөлшерлеу, араластыру және т.б.);
жылулық (қыздыру, суыту, буландыру, конденсациялау және т.б.).
Өндірістік жағдайдағы кез-келген химиялық технологияның іс жүзіндегі тиімділігі қандай-да бір мөлшерде сол технологияны жүзеге асыратын жабдықтармен (сонымен қатар каталитикалық процестердің катализаторларымен) анықталады. Функционалдық міндеті бойынша бұл жабдықтар келесі негізгі топтарға бөлінуі мүмкін:
реакторлық – реакторлар, регенераторлар;
массаалмасу – ректификациялық бағаналар, абсорберлер, адсорберлер, десорберлер;
қыздырғыш – құбырлы пештер, жылуалмастырғыштар;
салқындатқыш – тоңазытқыштар мен конденсаторлар;
эмульсия мен суспензияларды бөлуге арналған аппараттар – фильтрлер, центрифугалар;
сұйық өнімдерді сақтауға арналған аппараттар – ыдыстар және резервуарлар;
сұйық және газ тәрізді орталарды тасымалдауға арналған аппараттар –сорғылар және компрессорлар;
құрылғылар мен құбыр бөлігін ажыратуға арналған аппараттар – бекіткіш арматура (ысырмалар, вентильдер және т.б.).
Ароматты көмірсутектерді өңдеуде массаалмасу немесе диффузиялық процестер маңызды рөл атқарады. Қайнау температуралары бір-біріне жақын және азеотропты қоспаларды бөлу үшін экстрактілі және азеотропты ректификация процестері қолданылады.
Азеотропты ректификация көбінесе ректификат түрінде бөлініп алынатын, әрі бөлінетін қоспа компоненттерімен бір немесе бірнеше азеотроптар түзетін агент қатысында ректификация процесін жүзеге асыруға негізделген. Кубтық қалдық ретінде бір компонент немесе құрамында өте аз мөлшерде бөлгіш агент бар компоненттер қоспасы алынады.
Экстрактілі ректификацияда бөлінетін қоспаның компоненттерімен салыстырғанда салыстырмалы ұшқыштығы төмен бөлгіш агент қолданылады. Сондықтан экстрактілі ректификация процесінде іс жүзінде барлық бөлгіш агент кубтық өнімге жіберіледі. Әдетте ректификатқа бөлгіш агенттің аз ғана мөлшері ауысады.
Мұнайхимиялық өндірісте ректификациялық бағананың бірнеше түрі қолданылады: қарапайым – бүйір жақтары шықпаған (тұрақтандыру, екіншілік айдау бағаналары және т.б.); күрделі – бүйір жақтарынан дистилляттар шығарылған (атмосфералық және вакуум бағаналары). Ішкі құрылымының түріне байланысты бағаналар қондырылған және тарелкалы болып бөлінеді.
Ректификациялық бағаналарды пайдаланудан бұрын келесі жұмыстарды жүзеге асырады:
қондырғы тарелкалары мен оның элементтерінің деңгейлерін тексеру; мұндай тексеру барботаж кезінде тарелкадағы сұйықтық биіктігінің бірдей деңгейін қамтамасыз етеді деп танылған және сәйкесінше барботаж буы оның барлық ауданында біркелкі болады;
бағананың герметикалығы, яғни барлық люкті жабу, бағанаға жалғанған құбырлар бекітіліп тұратын фланецтерді тартып бұрау;
ағып кету орындарын және механикалық беріктілігін анықтау мақсатында бағаналарды сығып қысу;
схеманың барлық жүру жолындағы ағып кету орындарын анықтау мақсатында жүйені мұнаймен сығып қысу.
Құбырлы пештер ағынды қыздыруға арналған, олар ректификациялық бағанаға енгізілетін негізгі жылу ағынын және сәйкесінше олардың бөлгіш қабілеттерінің энергетикалық потенциалын қамтамасыз етеді.
Дистилляттардың ыстық ағын жылуын регенерациялау, сонымен қатар оларды конденсациялау, суыту, қосымша қыздыру және буландыру функцияларын әр түрлі типтегі жылуалмастырғыш аппараттардың тармақталған жүйесі атқарады (21-сурет).