
- •Студенттің пәндік оқу-әдістемелік кешені
- •Алматы 2012
- •© Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы - Syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарынан көшірме
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі
- •Тапсырмалардың түрлері және оларды орындау кестесі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімдерді бақылау және бағалау
- •Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік балдарды бөлу
- •«Мұнайхимиялық кешеннің негізгі көмірсутек шикізаты – ароматты көмірсутектер өндірісі» пәні бойынша бақылаудың барлық түрлерін өткізудің күнтізбелік кестесі
- •Студенттердің білімдерін бағалау
- •Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтардың тізімі
- •1 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •2 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •Курстың тақырыптық жоспары
- •Дәрістік сабақтың конспектілері
- •Ароматты көмірсутектердің қайнау және балқу температуралары
- •Ароматты көмірсутектердің бу қысымын есептеуге арналған тұрақтылар
- •Кейбір ароматты көмірсутектердің тұтану температуралары және буының ауамен жарылғыш қоспа түзу шегі
- •Сурет 1. Бензолды қолданудың негізгі бағыттары.
- •Сурет 2. Катализатордың қозғалмалы қабаты бар бензинді каталитикалық риформинглеу қондырғысының схемасы
- •Пиролиз бензині, риформат және шикі бензол өнімдерінің типтік құрамы
- •Ароматты көмірсутектерді әр түрлі еріткіштермен экстракциялау процесінің негізгі көрсеткіштері
- •Арендерді бөліп алу үшін қолданылатын экстрагенттердің физика-химиялық қасиеттері
- •Сурет 3. Бензинді каталитикалық риформинглеу қондырғысында ароматты көмірсутектерді сұйық фазада экстракциялау блогының технологиялық схемасы.
- •Каталитикалық риформинг процесінде бөлінетін арендердің сипаттамалары
- •Ароматты көмірсутектер фракциясы Сурет 4. «Uhde» фирмасының ароматты көмірсутектерді экстрактивті дистилдеу қондырғысының схемасы
- •Каталитикалық риформинг риформаты
- •Сурет 5. Риформатты селективті гидрлеу блогы бар «Морфилейн» қондырғысында арендерді экстрактивті дистилдеу схемасы
- •Сурет 6. М-ксилолды hf-bf3 қоспасымен экстракциялап бөліп алудың принципиалды схемасы
- •Сурет 7. Кристалдау әдісі арқылы п-ксилол алудың принципиалды схемасы
- •Сурет 8. П-ксилолды бөліп алудың адсорбциялық «Парекс» процесінің принципиалды схемасы
- •Сурет 9. Изомерлеу процесімен бірлескен ксилол фракциясын бөлудің технологиялық схемасы
- •– Этилбензолды айыру бағанасы; 2 – о-ксилолды бөлу бағанасы;
- •"Parex - Isomar" кешенінің типтік материалдық балансы
- •Сурет 10. Толуолды каталитикалық гидродеалкилдеу әдісінің принципиалды схемасы
- •Сурет 11. Толуол мен с8 арендерін термиялық гидродеалкилдеу технологиясының схемасы
- •Толуолды диспропорционирлеу мен гидродеалкилдеу процестерінің салыстырмалы сипаттамалары
- •Сурет 12. "Mobil Oil Corp" әдісі бойынша толуолды диспропорционирлеу процесінің принципиалды технологиялық схемасы
- •Сурет 13. "Trans Plus" процесінің принципиалды технологиялық схемасы
- •Сурет 14. "Detol" процесінің принципиалды технологиялық схемасы
- •"Detol" процесі шикізатының және өнімдерінің типтік құрамы
- •С9 арендердің физика-химиялық сипаттамалары
- •Құрамы с10 болатын арендердің физика-химиялық қасиеттері
- •Сурет 15. Дуролды екі сатылы экстрактілі кристалдау әдісімен бөліп алу және тазалаудың принципиалды схемасы
- •Сурет 16. Бензолды қолданудың негізгі бағыттары.
- •Сурет 17. Этилбензолды "Monsanto Co""Lummus Crest Inc." әдісімен алу процесінің принципиалды технологиялық схемасы.
- •Сурет 18. "Lummus /"Unocal"-"uop" процесінің технологиялық схемасы.
- •Сурет 19. Бензолды сұйық фазада гидрлеу арқылы циклогексан алу процесінің принципиалды технологиялық схемасы.
- •Мұнай бензолының сапасына қойылатын негізгі талаптар (мест 9572-77)
- •Сурет 20. Суды ароматты көмірсутектерден азеотропты тазалаудың принципиалды схемасы.
- •Әлемнің жекелеген елдеріндегі бензол өндірісі, (мың т.)
- •1999 Жылғы толуол өндірісінің қуаттылығы мен оны тұтыну ауқымы
- •Мұнай-газ өңдеу мен мұнайхимияның негізгі процестерін жіктеу схемасы
- •Сурет 21. Жылуалмастырғыш аппараттар.
- •Сурет 22. Құбырлы реакторлар.
- •Сурет 23. Бағаналы реакторлар.
- •Сурет 24. Реакциялық камералар.
- •Тәжірибелік сабақтар
- •2.4 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
- •2.5 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (сөж)
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары
- •Тест сұрақтарының жауаптары
- •Курс бойынша емтихан сұрақтарының тізімі
- •Глоссарий
- •Мазмұны
- •Студенттің пәндік
- •Селенова Багадат Саматқызы Матаева Зайра Тоқтарбекқызы
Сурет 10. Толуолды каталитикалық гидродеалкилдеу әдісінің принципиалды схемасы
1 – пеш; 2 – деалкилдеу реакторы; 3 – циркуляциялық компрессор;
4,5 – жоғары және төмен қысымдағы газ сепараторлары;
6 – тұрақтандырғыш бағана; 7 – гидрогенизатты сазбен тазалау аппараты;
8 – ректификациялық бағана.
а – шикізат; б – құрамында сутек бар газ; в – циркуляциялайтын құрамында сутек бар газ; г – отын газы; д – бензол; е – полициклді ароматты көмірсутектер; ж – рециркуляцияға жіберілетін толуол.
700-7500С температура мен 4-5 МПа қысымда жүретін термиялық гидродеалкилдеу процесі катализатор қатысынсыз жүреді, бұл процестің технологиялық рәсімделуін жеңілдетеді. Бірақ өте жоғары температура үшін жекелеген түйіндерде арнайы жоғары қоспалы болат пен арнайы құрылымды реакторлар қолдану қажет. Толуолды термиялық гидродеалкилдеу нәтижесінде конденсация өнімдері (дифенил), кокс пен газ түзіледі. Реакциялық аймақта сутектің концентрациясы жоғарылаған сайын процестің селективтілігі артады. Әрекеттеспеген шикізатты циркуляциялау арқылы жұмыс істегенде, толуолды термиялық дегидроалкилдеу нәтижесінде алынған бензолдың шығымы 81-83% (мас.) жетеді.
Бензолдың өте жоғары шығымымен және қондырғының үздіксіз ұзақ жұмыс істеуімен ерекшеленетін "Uhde" компаниясы ұсынған толуол мен С8 арендерін термиялық гидродеалкилдеу технологиясының схемасы 11-суретте көрсетілген.
Сурет 11. Толуол мен с8 арендерін термиялық гидродеалкилдеу технологиясының схемасы
Толуол мен С8 ароматты көмірсутектер фракциясы сутекпен араластырылады да, қыздырғыш көмегімен гидродеалкилдеу реакторына кіре берістегі температураға дейін қыздырылып, реакторға беріледі. Гидродеалкилденген бензол мен өзгермеген материалдан тұратын реактордан шыққан ағын суытылып, сутектен ажыратылып, тұрақтандырғышқа беріледі. Бұл жерде төмен температурада қайнайтын (негізінен метан, этан) көмірсутектер бөлініп алынады. Қалдық таза бензол алу үшін бензол бағанасына қайта оралады. Бензол мен толуолдың экстракцияланған фракциялары әдетте бензол бағанасына гидродеалкилдеу процесінен шыққан рециклдеуші ағынмен бірге беріледі. Рециклдеуші ағынның құрамында гидродеалкилденген бензол мен өзгермеген толуол болады. Таза бензол бағананың жоғары жағынан шығарылады, ал жаңадан түзілген толуол мен өзгеруге ұшырамаған толуол рециркуляциялық бағанаға қайта оралады. Бұл жерде гидродеалкилдеу реакторында түзілген, ауыр ароматты көмірсутектерден тұратын жуылатын ағын толуолдан ажыратылады.
Негізгі әдебиет 2[360-364], 3[192-201], 5[29-32]
Қосымша әдебиет 1[118-126]
Бақылау сұрақтары:
Риформинг өнімдерінде ароматты көмірсутектердің таралуын өзгертуде қолданылатын әдістер.
Толуол мен С8 арендерін термиялық гидродеалкилдеу технологиясы (HDA).
Толуолды каталитикалық гидродеалкилдеу технологиясы.
Ксилолдарды селективті изомерлеу технологиясы.
Дәріс №9. Толуолды диспропорционирлеу технологиясы. Толуол/С9 трансалкилдеу технологиясы.
Толуолды диспропорционирлегенде оның екі молекуласынан бір молекула бензол мен бір молекула ксилол түзіледі. Процесс қатты катализатор қатысында жүреді, әрі катализаторда кокс жиналуын болдырмау үшін аз мөлшерде сутек қатысады. Негізгі реакциямен қатар толуол мен үшметилбензол түзетін толуолды гидродеалкилдеу және ксилолды диспропорционирлеу сияқты жанама реакциялар жүреді. Соңғы реакцияның жүзеге асуын болдырмау үшін түзілген үшметилбензолдарды процеске қайтарады.
Толуолды диспропорционирлеудің "Теторей" деп аталатын өндірістік процесі Жапонияда іске қосылған. Процесс гидродеалкилдеуге қарағанда жұмсақ жағдайда жүреді және сұйық өнімдердің жоғары шығымын береді (9-кесте).
Кесте 9