
- •Студенттің пәндік оқу-әдістемелік кешені
- •Алматы 2012
- •© Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы - Syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарынан көшірме
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі
- •Тапсырмалардың түрлері және оларды орындау кестесі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімдерді бақылау және бағалау
- •Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік балдарды бөлу
- •«Мұнайхимиялық кешеннің негізгі көмірсутек шикізаты – ароматты көмірсутектер өндірісі» пәні бойынша бақылаудың барлық түрлерін өткізудің күнтізбелік кестесі
- •Студенттердің білімдерін бағалау
- •Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтардың тізімі
- •1 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •2 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •Курстың тақырыптық жоспары
- •Дәрістік сабақтың конспектілері
- •Ароматты көмірсутектердің қайнау және балқу температуралары
- •Ароматты көмірсутектердің бу қысымын есептеуге арналған тұрақтылар
- •Кейбір ароматты көмірсутектердің тұтану температуралары және буының ауамен жарылғыш қоспа түзу шегі
- •Сурет 1. Бензолды қолданудың негізгі бағыттары.
- •Сурет 2. Катализатордың қозғалмалы қабаты бар бензинді каталитикалық риформинглеу қондырғысының схемасы
- •Пиролиз бензині, риформат және шикі бензол өнімдерінің типтік құрамы
- •Ароматты көмірсутектерді әр түрлі еріткіштермен экстракциялау процесінің негізгі көрсеткіштері
- •Арендерді бөліп алу үшін қолданылатын экстрагенттердің физика-химиялық қасиеттері
- •Сурет 3. Бензинді каталитикалық риформинглеу қондырғысында ароматты көмірсутектерді сұйық фазада экстракциялау блогының технологиялық схемасы.
- •Каталитикалық риформинг процесінде бөлінетін арендердің сипаттамалары
- •Ароматты көмірсутектер фракциясы Сурет 4. «Uhde» фирмасының ароматты көмірсутектерді экстрактивті дистилдеу қондырғысының схемасы
- •Каталитикалық риформинг риформаты
- •Сурет 5. Риформатты селективті гидрлеу блогы бар «Морфилейн» қондырғысында арендерді экстрактивті дистилдеу схемасы
- •Сурет 6. М-ксилолды hf-bf3 қоспасымен экстракциялап бөліп алудың принципиалды схемасы
- •Сурет 7. Кристалдау әдісі арқылы п-ксилол алудың принципиалды схемасы
- •Сурет 8. П-ксилолды бөліп алудың адсорбциялық «Парекс» процесінің принципиалды схемасы
- •Сурет 9. Изомерлеу процесімен бірлескен ксилол фракциясын бөлудің технологиялық схемасы
- •– Этилбензолды айыру бағанасы; 2 – о-ксилолды бөлу бағанасы;
- •"Parex - Isomar" кешенінің типтік материалдық балансы
- •Сурет 10. Толуолды каталитикалық гидродеалкилдеу әдісінің принципиалды схемасы
- •Сурет 11. Толуол мен с8 арендерін термиялық гидродеалкилдеу технологиясының схемасы
- •Толуолды диспропорционирлеу мен гидродеалкилдеу процестерінің салыстырмалы сипаттамалары
- •Сурет 12. "Mobil Oil Corp" әдісі бойынша толуолды диспропорционирлеу процесінің принципиалды технологиялық схемасы
- •Сурет 13. "Trans Plus" процесінің принципиалды технологиялық схемасы
- •Сурет 14. "Detol" процесінің принципиалды технологиялық схемасы
- •"Detol" процесі шикізатының және өнімдерінің типтік құрамы
- •С9 арендердің физика-химиялық сипаттамалары
- •Құрамы с10 болатын арендердің физика-химиялық қасиеттері
- •Сурет 15. Дуролды екі сатылы экстрактілі кристалдау әдісімен бөліп алу және тазалаудың принципиалды схемасы
- •Сурет 16. Бензолды қолданудың негізгі бағыттары.
- •Сурет 17. Этилбензолды "Monsanto Co""Lummus Crest Inc." әдісімен алу процесінің принципиалды технологиялық схемасы.
- •Сурет 18. "Lummus /"Unocal"-"uop" процесінің технологиялық схемасы.
- •Сурет 19. Бензолды сұйық фазада гидрлеу арқылы циклогексан алу процесінің принципиалды технологиялық схемасы.
- •Мұнай бензолының сапасына қойылатын негізгі талаптар (мест 9572-77)
- •Сурет 20. Суды ароматты көмірсутектерден азеотропты тазалаудың принципиалды схемасы.
- •Әлемнің жекелеген елдеріндегі бензол өндірісі, (мың т.)
- •1999 Жылғы толуол өндірісінің қуаттылығы мен оны тұтыну ауқымы
- •Мұнай-газ өңдеу мен мұнайхимияның негізгі процестерін жіктеу схемасы
- •Сурет 21. Жылуалмастырғыш аппараттар.
- •Сурет 22. Құбырлы реакторлар.
- •Сурет 23. Бағаналы реакторлар.
- •Сурет 24. Реакциялық камералар.
- •Тәжірибелік сабақтар
- •2.4 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
- •2.5 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (сөж)
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары
- •Тест сұрақтарының жауаптары
- •Курс бойынша емтихан сұрақтарының тізімі
- •Глоссарий
- •Мазмұны
- •Студенттің пәндік
- •Селенова Багадат Саматқызы Матаева Зайра Тоқтарбекқызы
Сурет 8. П-ксилолды бөліп алудың адсорбциялық «Парекс» процесінің принципиалды схемасы
1 – адсорберлер; 2 – роторлы таратушы қақпақ; 3,4 – сорғылар;
5 – экстракттан п-ксилолды бөлуге арналған бағана; 6 – диэтилбензолды ректификациялауға арналған бағана; 7 – бензол мен толуолды п-ксилолдан айырып алуға арналған бағана; 8 – қалдық ксилолды риформаттан бөліп алуға арналған бағана.
а – шикізат; б – десорбент; в – рафинат; г – экстракт; д – п-ксилолдың рециркулирлеуші ағыны; е – бензол және толуол; ж – п-ксилол; з – этилбензол, м- және о-ксилол (қалдық ксилол); и – С10 және одан жоғары ароматты көмірсутектер.
Арнайы роторлы қақпақ шикізат пен десорбенттің адсорберге ену нүктесін, сонымен қатар одан экстракт пен рафинаттың шығу нүктесін өзгертеді.
Беру және бөлу ағындарының орны ауыстырылса, адсорбенттің тұрақты қабатында сұйықтық пен адсорбенттің бір-біріне қарама-қарсы бағытталуы болады. Қақпақ 30 мин бұрын толық бұралады. Қақпақтың орнына байланысты адсорбердің қандай да бір аймағында адсорбция немесе десорбция процестері жүзеге асады.
Келесі сатыда адсорбцияланған п-ксилол адсорберден десорбентпен бірге экстракт түрінде шығарылады. Ал экстракттен п-ксилол ректификация арқылы бөлініп алынады. Құрамында пара-изомердің аз мөлшері бар қалдық ксилол рафинат түрінде шығарылады да, ректификация әдісі арқылы десорбент пен басқа қоспалардан тазартылады.
Осы процеске ұқсас п-ксилолды X және Y цеолиттерінде адсорбциялық бөлу әдісін Toray (Жапония) фирмасы жасады. «Аромакс» деп аталатын процесс қуаттылығы жылына 110 мың тонна п-ксилол өндіретін өндірістік қондырғыда жүзеге асырылды. Адсорбция сұйық фазада 150-1800С температурада және 2 МПа қысымда жүреді. Десорбент ретінде диэтилбензол немесе толуол қолданылады. Тазалығы 99,5% болатын п-ксилолдың шығымы 90%-дан асады.
Төмен температурада кристалдау процесіне қарағанда п-ксилолды адсорбция арқылы бөліп алудың қаражат бойынша да, сонымен қатар эксплуатациялық шығын жағынан да артықшылықтары бар.
Негізгі әдебиет 2[57-62], 3[247-263], 5[12-14]
Қосымша әдебиет 1[48-62]
Бақылау сұрақтары:
Ксилолдарды бөліп шығару және бөліп алу.
о-ксилол мен этилбензол алу.
п-ксилол алу.
Параксилолды адсорбциялау технологиясы.
Дәріс №8. Ароматты көмірсутектердің өзара айналу процестері. Ксилолдарды изомерлеу технологиясы. Алкилбензолдарды гидродеалкилдеу технологиясы.
Ароматты қатардың жекелеген көмірсутектеріне деген сұраныс негізгі шикізат көздерінің қорына сәйкес келмейді. Мысалы, риформинг өнімдеріндегі бензол : толуол : ксилолдың потенциалдық арақатынасы 15:40:45-ке тең. Ароматты көмірсутектерді әлемдік тұтыну құрылымында өзекті сұраныс бензолға, ксилолдардың ішінде п-ксилолға тиесілі.
Риформинг өнімдерінде ароматты көмірсутектердің таралуын өзгерту үшін қол жетімді арендерді қажетті арендерге айналдыруға бағытталған әр түрлі әдістер қолданылады. Мысалы, толуол мен ксилолды деалкилдеу арқылы бензол алу, толуолды диспропорционирлеу арқылы бір мезгілде бензол мен ксилолдар алу, толуолды үшметилбензолмен қайта алкилдеу арқылы ксилолдар алудың өндірістік әдістері жасалған. Құндылығы төмен компоненттерді құндылығы жоғары компоненттерге изомерлеу процестері жүзеге асырылған. Бұл әдіс кең ауқымда п-ксилолды өзінің басқа изомерлерінен алу үшін енгізілген.
Риформаттан бөлінген ксилол фракцияларында өте бағалы о- және п-ксилолдардың изомерлерінің мөлшері аз болады. Сондықтан бұл көмірсутектерді қосымша алу үшін бензол гомологтарын изомерлеу әдістері қолданылады. Бензол гомологтарын изомерлеу қайтымды процесс болып табылады, әсіресе ксилолдар үшін барлық үш изомерлер арасында тепе-теңдік орнайды:
Изомерлеу қышқылдық типтегі катализаторлар (алюминий хлориді, алюмосиликаттар, цеолитті катализаторлар) қатысында жүреді. Реакция катализатормен генерирленетін ароматты қосылыс пен протоннан аралық σ-комплекс түзілу арқылы жүзеге асады. Процесс барысында π-комплекс түзіледі және СН3-тобы көрші көміртек атомына миграцияланып, әрі қарай протон берумен жалғасады:
Өнеркәсіпте ксилолдарды изомерлеу процесін әрқашан сәйкес фракцияны бөлумен жалғастырады. Ксилол фракциясын кешенді өңдеу процесінің схемасы 9-суретте көрсетілген.