
- •Студенттің пәндік оқу-әдістемелік кешені
- •Алматы 2012
- •© Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы - Syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарынан көшірме
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі
- •Тапсырмалардың түрлері және оларды орындау кестесі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімдерді бақылау және бағалау
- •Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік балдарды бөлу
- •«Мұнайхимиялық кешеннің негізгі көмірсутек шикізаты – ароматты көмірсутектер өндірісі» пәні бойынша бақылаудың барлық түрлерін өткізудің күнтізбелік кестесі
- •Студенттердің білімдерін бағалау
- •Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтардың тізімі
- •1 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •2 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •Курстың тақырыптық жоспары
- •Дәрістік сабақтың конспектілері
- •Ароматты көмірсутектердің қайнау және балқу температуралары
- •Ароматты көмірсутектердің бу қысымын есептеуге арналған тұрақтылар
- •Кейбір ароматты көмірсутектердің тұтану температуралары және буының ауамен жарылғыш қоспа түзу шегі
- •Сурет 1. Бензолды қолданудың негізгі бағыттары.
- •Сурет 2. Катализатордың қозғалмалы қабаты бар бензинді каталитикалық риформинглеу қондырғысының схемасы
- •Пиролиз бензині, риформат және шикі бензол өнімдерінің типтік құрамы
- •Ароматты көмірсутектерді әр түрлі еріткіштермен экстракциялау процесінің негізгі көрсеткіштері
- •Арендерді бөліп алу үшін қолданылатын экстрагенттердің физика-химиялық қасиеттері
- •Сурет 3. Бензинді каталитикалық риформинглеу қондырғысында ароматты көмірсутектерді сұйық фазада экстракциялау блогының технологиялық схемасы.
- •Каталитикалық риформинг процесінде бөлінетін арендердің сипаттамалары
- •Ароматты көмірсутектер фракциясы Сурет 4. «Uhde» фирмасының ароматты көмірсутектерді экстрактивті дистилдеу қондырғысының схемасы
- •Каталитикалық риформинг риформаты
- •Сурет 5. Риформатты селективті гидрлеу блогы бар «Морфилейн» қондырғысында арендерді экстрактивті дистилдеу схемасы
- •Сурет 6. М-ксилолды hf-bf3 қоспасымен экстракциялап бөліп алудың принципиалды схемасы
- •Сурет 7. Кристалдау әдісі арқылы п-ксилол алудың принципиалды схемасы
- •Сурет 8. П-ксилолды бөліп алудың адсорбциялық «Парекс» процесінің принципиалды схемасы
- •Сурет 9. Изомерлеу процесімен бірлескен ксилол фракциясын бөлудің технологиялық схемасы
- •– Этилбензолды айыру бағанасы; 2 – о-ксилолды бөлу бағанасы;
- •"Parex - Isomar" кешенінің типтік материалдық балансы
- •Сурет 10. Толуолды каталитикалық гидродеалкилдеу әдісінің принципиалды схемасы
- •Сурет 11. Толуол мен с8 арендерін термиялық гидродеалкилдеу технологиясының схемасы
- •Толуолды диспропорционирлеу мен гидродеалкилдеу процестерінің салыстырмалы сипаттамалары
- •Сурет 12. "Mobil Oil Corp" әдісі бойынша толуолды диспропорционирлеу процесінің принципиалды технологиялық схемасы
- •Сурет 13. "Trans Plus" процесінің принципиалды технологиялық схемасы
- •Сурет 14. "Detol" процесінің принципиалды технологиялық схемасы
- •"Detol" процесі шикізатының және өнімдерінің типтік құрамы
- •С9 арендердің физика-химиялық сипаттамалары
- •Құрамы с10 болатын арендердің физика-химиялық қасиеттері
- •Сурет 15. Дуролды екі сатылы экстрактілі кристалдау әдісімен бөліп алу және тазалаудың принципиалды схемасы
- •Сурет 16. Бензолды қолданудың негізгі бағыттары.
- •Сурет 17. Этилбензолды "Monsanto Co""Lummus Crest Inc." әдісімен алу процесінің принципиалды технологиялық схемасы.
- •Сурет 18. "Lummus /"Unocal"-"uop" процесінің технологиялық схемасы.
- •Сурет 19. Бензолды сұйық фазада гидрлеу арқылы циклогексан алу процесінің принципиалды технологиялық схемасы.
- •Мұнай бензолының сапасына қойылатын негізгі талаптар (мест 9572-77)
- •Сурет 20. Суды ароматты көмірсутектерден азеотропты тазалаудың принципиалды схемасы.
- •Әлемнің жекелеген елдеріндегі бензол өндірісі, (мың т.)
- •1999 Жылғы толуол өндірісінің қуаттылығы мен оны тұтыну ауқымы
- •Мұнай-газ өңдеу мен мұнайхимияның негізгі процестерін жіктеу схемасы
- •Сурет 21. Жылуалмастырғыш аппараттар.
- •Сурет 22. Құбырлы реакторлар.
- •Сурет 23. Бағаналы реакторлар.
- •Сурет 24. Реакциялық камералар.
- •Тәжірибелік сабақтар
- •2.4 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
- •2.5 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (сөж)
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары
- •Тест сұрақтарының жауаптары
- •Курс бойынша емтихан сұрақтарының тізімі
- •Глоссарий
- •Мазмұны
- •Студенттің пәндік
- •Селенова Багадат Саматқызы Матаева Зайра Тоқтарбекқызы
Ароматты
көмірсутектер
Ароматты емес
көмірсутектер
Еріткіш және
ароматты көмірсутектер
Еріткіш
ЭД бағанасы
Булану бағанасы
Ароматты көмірсутектер фракциясы Сурет 4. «Uhde» фирмасының ароматты көмірсутектерді экстрактивті дистилдеу қондырғысының схемасы
«Морфилейн» экстрактілі дистилляциясының негізгі сипаттамалары:
● Қондырғы схемасы қарапайым;
● Жабдықтардың саны аз (2 бағана);
● Аз көлемді талап етеді;
● Рафинатты жуу жүйесін қажет етпейді;
● Еріткіштің аз мөлшері қажет;
● Энергия тұтыну төмен;
● Химиялық агентсіз жұмыс істейді;
● Ұзақ мерзімде үздіксіз жұмыс істейді.
Сонымен қатар автомобиль бензиніндегі бензолдың мөлшеріне қойылатын талаптарды қадағалау үшін «Uhde» компаниясы арнайы оңтайландырылған «Морфилейн» экстрактілі дистилляция әдісін жасап шығарды. Бұл әдіс экстрактілі дистилдеу сатысынан бұрын риформатты селективті гидрлеу сатысын қарастырады. Бұл жағдайда бензол фракциясын сазбен қосымша өңдеу қажет болмайды, демек айтарлықтай энергия мөлшері үнемделеді. Процестің схемасы 5-суретте көрсетілген.
Риформат бензол өнімінің құрамындағы диолефиндерді селективті гидрлеу сатысына жіберіледі. Селективті гидрлеу сатысы төмен температура мен қысымда жұмыс істейтін реактордан тұрады. Бұл реактор арқылы гидрленетін өнім баяу ағызылады. Аз мөлшерде бөлінген газ реакторда фаза бөлу көмегімен ажыратылады.
Тауарлық бензин
жинағышына баратын ароматты емес
көмірсутектер
Тауарлық
бензин жинағышына баратын С7
фракциясы
Селективті гидрлеу
Экстрактивті
дистилдеу
Каталитикалық риформинг риформаты
Сурет 5. Риформатты селективті гидрлеу блогы бар «Морфилейн» қондырғысында арендерді экстрактивті дистилдеу схемасы
Селективті гидрлеуде қолданылатын катализатордың жұмыс істеу мерзімі ұзақ және бірнеше рет регенерациялауға болады. Әрі қарай риформатты ректификация арқылы бөлуге жібереді. Ректификациялық бағананың төменгі жағынан С7+ фракциясы шығарылады. Ал ректификациялық бағананың жоғарғы жағынан шығарылатын бензол фракциясы экстрактілі дистилдеуге жіберіледі. Бұл жерде жоғары тазалық дәрежесіндегі бензол ароматты емес көмірсутектерден екі бағаналы жүйеде бөлініп алынады.
Негізгі әдебиет 2[5-27], 3[210-231], 5[10-29]
Қосымша әдебиет 4[74-90]
Бақылау сұрақтары:
Таза арендерді бөлуге арналған сұйық фазада экстракциялау.
2. Экстрактивті дистилдеу.
3. «Морфилейн» экстрактивті дистилдеу технологиясы.
4. «Парэкс» процесінің мақсаты.
Дәріс №7. Ксилолдарды бөліп шығару және бөліп алу. о-ксилол мен этилбензол алу. м-ксилол алу. п-ксилол алу. Параксилолды адсорбциялау технологиясы.
Ксилолдарды каталитикалық риформинг, пироконденсат, тас көмірді кокстеу, сонымен қатар толуолды диспропорционирлеу және толуол мен С9 көмірсутектерін трансалкилдеу өнімдерінен бөліп алады.
Риформат фракциясынан (62-1400С) С8 арендерді бөліп шығару үшін реагенттермен экстракциялау процесі қолданылады. Реагент ретінде бензол мен толуолды бөлуде қолданылатын реагенттер пайдаланылады. Бірақ бензол-толуол-ксилол қатарындағы полярлы еріткіштерде активтілік коэффициенті артатындықтан, ксилолдарды экстракциялау кезінде таралу коэффициенті кемиді.
Ксилолдарды өте жоғары дәрежеде бөліп алу үшін (95% және одан жоғары) экстрагенттің шикізатқа қатынасын арттыру қажет. Риформингтің 62-1050С фракциясынан бензол мен толуолды экстракциялағанда диэтиленгликольдің 7% (мас.) сумен массалық арақатынасын 11:1 қолдану жеткілікті. Бензол мен толуолды риформинг фракциясынан экстракциялағанда диэтиленгликоль мен судың массалық үлесін 11:1 қатынаста алған жеткілікті, ал 105-1400С фракциясынан ксилолдарды экстракциялағанда экстрагенттің қажет мөлшері 16:1 қатынасына дейін артады.
Риформинг катализатының ксилолды фракциясындағы ксилолдар мен этилбензол қаныққан көмірсутектермен, негізінен С8-С9 алкандармен қоспа түрінде болады.
Бірінші сатыда ксилолдың үш изомері мен этилбензолдан тұратын қоспа – техникалық ксилол бөлініп алынады. Каталитикалық риформингтің риформатынан ароматты көмірсутектерді бөліп алудың толық схемасы жоғарыда сипатталған және 3-суретте көрсетілген.
Ксилолдар қоспасынан өзінің жақын изомерінен 5,30С-ге жоғары қайнайтын о-ксилол оңай бөлінеді. о-ксилол мен этилбензол техникалық ксилолдан ректификация әдісімен бөлініп алынады. Екі бағаналы жүйе қолданылады. Бірінші бағанада о-ксилолды этилбензол, м- және п-ксилол мен азеотропты қоспалардан бөліп алады. Себебі, бұл қоспалардың қайнау температуралары о-ксилолдың қайнау температурасынан өте төмен. Жұмыстың жағдайына тәуелді бірінші бағанадағы тарелка саны 120-200 аралығында, ал екінші бағанада 50-80 аралығында болады. Көрсетілген жағдайда тазалық дәрежесі 98-99,6% болатын о-ксилол алынады. о-ксилол шығымы 70-90% құрайды.
о-ксилолға қарағанда этилбензолды С8 ароматты көмірсутектер қоспасынан бөліп алу қиын. Өндірісте шығымы мен тазалық дәрежесі жоғары (99,9% кем емес) этилбензол алу үшін тарелкаларының жалпы саны 300-450 болатын ректификациялық бағаналар қолданылады. Ректификацияны әрқайсысында 130-150 тарелка бар тізбекті орналасқан бағаналарда жүргізеді.
о-ксилол мен этилбензолды бөліп алғаннан кейін қалдық өнімде м- және п-ксилолдар қалады. м-ксилол өндірісінің ауқымы басқа изомерлерге қарағанда анағұрлым төмен. м-ксилолдың әлемдік өндірісі 50-70 мың тоннадан аспайды. м-ксилолды бөліп алудың екі өндірістік әдісі бар: сульфирлеу және фторсутек пен үшфторлы бор қоспасымен экстракциялау. Бірінші әдіс айтарлықтай ескірген.
Фторсутек және үшфторлы бор қоспасымен экстракциялау арқылы м-ксилолды бөліп алудың өндірістік процесі м-ксилол аталған қоспамен басқа ароматты көмірсутектермен салыстырғанда тұрақты комплекс түзуіне негізделген.
Процесті өндіріске енгізген «Mitsubishi Gas Chemical» жапон фирмасы. Олар м-ксилолдың үшфторлы сутекпен тез комплекс түзу жағдайларын таңдап қана қоймай, сонымен қатар оны басқа компоненттерден тез, әрі толық бөліп алды. Комплекс түзу процесінің жылу эффектісі оң, сондықтан экстракция процесін суыту жағдайында (температура шамамен 00С) жүргізеді. м-ксилолды бөліп алудың принципиалды схемасы 6-суретте көрсетілген.