Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ПБУСНХК-АУ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4 Mб
Скачать

Сурет 3. Бензинді каталитикалық риформинглеу қондырғысында ароматты көмірсутектерді сұйық фазада экстракциялау блогының технологиялық схемасы.

Ароматты көмірсутектер концентраты (IV) 6 және 7 бағанаға түседі, бұл жерде бензол (VI) және толуол (VII) бөлініп алынады, ал 7 бағананың төмен жағынан ксилолды фракция (VIII) шығарылады да, С8 изомерлерін бөлуге жіберіледі. Ксилолды фракция этилбензол мен ксилолдың үш изомерінен тұрады. Олардың барлығы тығыздығы мен қайнау температурасы бойынша бір-біріне жақын. Тек балқу температуралары бойынша біраз айырмашылық бар (7-кесте). Сондықтан оларды жеке көмірсутектерге бөлу екі принципке бағынады: алдымен этилбензолды өте жоғары дәлдікпен о-ксилолдан бөліп алады, содан кейін комплекс түзу процесімен байланыстырып кристалдау арқылы м-ксилолды п-ксилолдан бөледі. Тарелка саны көп 9 және 10 бағаналарда алдымен этилбензол мен о-ксилолды бөліп алады, ал 10 бағанадан шыққан қалдық суыту, кристалдау және 790С температурада көміртек тетрахлоридімен комплекс түзуді байланыстырып фильтрлеу сияқты күрделі тізбекті процестерден өтеді. Комплекс ыдырап, көміртек тетрахлориді бөліп алынғаннан кейін, п-ксилол концентраты схеманың басына рециркулирленеді, ал м-ксилол концентраты алдымен CСl4 бөлу бағанасына, әрі қарай кристалдану мен м-ксилолды бөлуге жіберіледі. Бұл сатының фильтраты ксилолдар қоспасының төмен концентрлі қоспасы болып табылады және бензин компоненті ретінде қолданылады.

7-кесте

Каталитикалық риформинг процесінде бөлінетін арендердің сипаттамалары

Арендер

Тығыздығы, кг/м3

Тқайнау,0С

Тбалқу,0С

этилбензол

867

136,2

-95,1

п-ксилол

861

138,4

+13,2

м-ксилол

864

139,1

-48,0

о-ксилол

880

144,4

-25,2

п-ксилоды адсорбция арқылы бөлудің заманауи схемалары бар, әрі олар энергетикалық жағынан тиімді (мысалы, «Парэкс» процесі, АҚШ).

Ароматты көмірсутектерді бөліп шығарғандағы өнімдердің шығымы төмендегідей:

  • бензол – 4-7%;

  • толуол – 10-17%;

  • ксилолдар (барлығы) – 14-18%;

  • рафинат – 52-70%.

Экстрактілі дистилдеу процесінде еріткіш бөлінетін компоненттердің бу қысымын өзгертеді. Бұл кезде ароматты көмірсутектердің қысымы ерігіштігі төмен ароматты емес көмірсутектердің қысымына қарағанда едәуір төмендейді. Процесс бензиндегі бензолдың мөлшерін азайту үшін де қолданылуы мүмкін.

Арендерді сұйық фазада экстракциялаумен салыстырғанда экстрактивті ректификация процесінің артықшылықтары – жұмсалатын ақша қаражаты мен эксплуатациялық шығындар төмен. Өндірістік қондырғыларда «Морфилейн», «Glitsch Technology Corp» процестері қолданылады. «Uhde» неміс фирмасы жасаған «Морфилейн» процесінде еріткіш ретінде н-формилморфолин (NFV) қолданылады. Бұл еріткіштің селективтілігі жоғары және тиімді, әрі оған ешқандай реагенттер немесе белсендендіргіштер қосылмайды.

Экстрактілі дистилдеу (ЭД) процесі қарапайым (4-сурет). Еріткіш ректификациялық бағананың жоғарғы жағынан беріледі. Ароматты емес көмірсутектердің булары ЭД бағанасынан еріткіш буларының бір бөлігімен бірге шығарылады. Флегма саны берілетін еріткіштің температурасымен реттеледі. Еріткіш дистилляттан ЭД бағанасына орнатылған немесе жеке орнатылған бағанада бөлініп алынады. ЭД бағанасының кубтық өнімі булану бағанасына жіберіледі, бұл жерде таза ароматты көмірсутектер еріткіштен бөлінеді, ал тазаланған еріткіш ЭД бағанасына қайта оралады.