
- •№ 2 Рентгенограмманың нәтижелерін интерпретациялау.
- •№ 3 Рентгенограмманың нәтижелерін интерпретациялау.
- •№ 4 Рентгенограмманың нәтижелерін интерпретациялау.
- •№ 5 Рентгенограмманың нәтижелерін интерпретациялау.
- •Тигерштед шендеуішін дайындаңыз және орнатыңыз
- •Тигерштед шендеуішін дайындаңыз және орнатыңыз
- •№6 Рентгенограмманың нәтижелерін интерпретациялау.
- •№7 Рентгенограмманың нәтижелерін интерпретациялау.
- •Тигерштед шендеуішін дайындаңыз және орнатыңыз
№7 Рентгенограмманың нәтижелерін интерпретациялау.
Модуль жетекшісі м.ғ.к., доцент Даулетхожаев Н.А.
№ 25 БИЛЕТ
35 жастағы әйел адам емханаға тістеген кездегі ауру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде: беті симметриялы, тері жабындысының түсі өзгермеген. Жергілікті лимфа түйіндері ұлғаймаған. Аузын еркін ашады. 1,2 1,3 тістерінде пломба бар, түсі өзгерген. Қағып тексергенде аздап ауырады. Альвеола өсінділерін сипап тексергенде вестибулярлы бетінен пішіні дөңгелек, шекарасы анық домбығу байқалады. Рентген суретте: диаметрі 1 см шекарасы анық, дөңгелек пішінді сүйек тінінің сорылуы байқалады. 1,2-1,3 тістердің түбірлерінің апикальды бөлігі сорылған аймақта орналасқан, бұл тістердің периодонтальды саңылауы анықталмайды.
Диагноз қойыңыз. Кешенді ем жоспарын құрыңыз.
Тигерштед шендеуішін дайындаңыз және орнатыңыз
Модуль жетекшісі м.ғ.к., доцент Даулетхожаев Н.А.
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ МОДУЛІ |
||
ЕМТИХАН БИЛЕТТЕРІ |
№ 26 БИЛЕТ
27 жасатағы әйел адам төменгі жағының оң жағындағы бөлігінің домбығуына, сол аймақтағы тістерінің қозғалғыштығына шағымданып келді. Бірінші рет оны 1 жыл бұрын байқаған, домбығу уақыт өте келе ұлғайған. Қарап тексергенде 45,46,47 тістерінң аймағындағы альвеола өсіндісі ісінген, түсі өзгермеген. Рентген суретте: диаметрі 1 см шекарасы анық, дөңгелек пішінді сүйек тінінің сорылуы байқалады. 46 тістің түбірінің апикальды бөлігі сорылған аймақта орналасқан, бұл тістің периодонтальды саңылауы анықталмайды.
Диагноз қойыңыз. Кешенді ем жоспарын құрыңыз.
Бет жарақаттарын біріншілік хирургиялық өңдеңіз
Модуль жетекшісі м.ғ.к., доцент Даулетхожаев Н.А.
№ 27 БИЛЕТ
35 жастағы ер адам бет-жақ стационарына жедел-жәрдеммен жеткізілді. Сол жақ ұрт және маңдайының ісініуіне, терісінің қызаруына және ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінен: қайнаған сумен күйген. Қарап тексергенде: қызарған тері аймағында сары сулы, мөлдір көпіршіктер байқалады. Көпіршіктердің астында дымқыл, қанық қызыл немесе алқызыл түсті қатты ауыратын тін анықталды.
Диагноз қойыңыз. Кешенді ем жоспарын құрыңыз
Бет жарақаттарын біріншілік хирургиялық өңдеңіз
Модуль жетекшісі м.ғ.к., доцент Даулетхожаев Н.А.
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ МОДУЛІ |
||
ЕМТИХАН БИЛЕТТЕРІ |
№ 28 БИЛЕТ
38 жастағы әйел адам емханаға самай-төменгі жақ буынының, оң жақ құлағының ауыруына, аузын ашқанда ауру сезіміне, ашылуының шектелуіне шағымданады. Екі апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Қарап тексергенде: оң жақ буын үстіндегі тіндер домбыққан, ауызы 2 см дейңн ауырсынып ашылады. Иекке қысым түсіргенде оң жақ буыны ауырады. .
Диагноз қойыңыз. Кешенді ем жоспарын құрыңыз
Бет жарақаттарын біріншілік хирургиялық өңдеуді жүргізіңіз (түйін және П- тәріздес тігіс салып көрсетіңіз)
Модуль жетекшісі м.ғ.к., доцент Даулетхожаев Н.А.
№ 29 БИЛЕТ
Бет-жақ хирургия клиникасына 27 жасар Ж. .науқас төменгі ернінің оң жағындағы бөгде түзілістің пайда болуына шағымданып келді.
Түзіліс жарты жыл бұрын пайда болған, баяу өседі, мазаламайды. Кейде тістеген кезде түзілістен созылыңқы сұйықтық бөлінеді, түзілістің көлемі өзгереді, сосын қайта ұлғаяды. Қарап тексергенде: төменгі еріннің оң жағында пішіні дөңгелек, шырышты өабаттан көтеріңкі, диаметрі 1,5х1,5 см көкшіл түсті түзіліс анықталды. Сипап тексергенде тығыздығы жұмсақ, эластикалық.
Диагноз қойыңыз. Кешенді ем жоспарын құрыңыз.
Ажыратқыш иілгіші бар тегіс шендеуіш қойыңыз.
Модуль жетекшісі м.ғ.к., доцент Даулетхожаев Н.А.
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ МОДУЛІ |
||
ЕМТИХАН БИЛЕТТЕРІ |
№ 30 БИЛЕТ
Бет-жақ хирургия клиникасына 16 жасар М. науқас тіласты аймағының оң жағындағы бөгде түзілістің пайда болуына шағымданады.
Түзіліс 1 жыл бұрын пайда болған, баяу өседі, мазаламайды. Кейде тістеген кезде түзілістен созылыңқы сұйықтық бөлінеді, түзілістің көлемі өзгереді, сосын қайта ұлғаяды. Қарап тексергенде: тіласты аймағының оң жағында пішіні дөңгелек, шырышты қабаттан көтеріңкі, көлемі 3,5х2,0 см көкшіл түсті түзіліс анықталды. Сипап тексергенде тығыздығы жұмсақ, эластикалық.
Диагноз қойыңыз. Кешенді ем жоспарын құрыңыз.
Жалпы қан және зәр анализдерін талдаңыз.
Модуль жетекшісі м.ғ.к., доцент Даулетхожаев Н.А.